«Жасыл Ел»
«Жасыл ел» бағдарламасының негiзi Елбасымыз Н.Ә. Назарбаевтың «Қазақстан экономикалық, әлеуметтiк және саяси жедел жаңару жолында» Жолдауы бойынша қаланған болатын. Нәтижесінде 2005 жылы Астана қаласында «Жасыл ел» жастар еңбек жасағының республикалық штабы құрылып, елiмiздiң барлық облыстарында филиалдары ашылған еді. Міне, сол кезден бастап Елбасының бастауымен Қазақстан Республикасында «Жасыл Ел» бағдарламасы Қостанай өңірінде де кең етек алды.
Жалпы, бағдарламаның негiзгi мақсаты - жастардың күшiмен елiмiздi көгалдандыру, елді-мекен айналасын жасыл ағаштармен көмкеру, көркейту, сонымен қатар жастардың Отанға, жерге, табиғатқа деген махаббатын, патриоттық сезiмiн ояту. Ең бастысы – жылына қаншама жастарды осы істерге тарта отырып, олардың арасындағы жұмыссыздықты төмендету.
Қазіргі таңда «Жасыл Елдің» құрылған күнін тойлау дәстүрге айналды. Жастарға арнап Жайдарман ойындарын, би кештерін т.б. іс-шаралар өткізіп отырады. Салауатты өмір салтын қолдап, Республикалық нашақолрыққа қарсы науқандарға ат салысып, футбол, боулинг, шахмат, Спартакиада ойындарына үлестерні қосады.