2020 жылдың 26 ақпан күні ақпараттық-кітапхан орталығынның оқу залында,ұлы ақын Абай құнанбаевтың 175 жылдыңына арналған, «Абай – әлемдік тұлға..» әдеби кеш өтті. Іс-шараға филология департаменті,әлеуметтік-гуманитарлық факультеті, жаратылыстану–математика факультетінің студенттері қатысты. Мақсаты ұлы ақын Абай шығармашылығын ата мұрамыз ретінде қабылдап, жаңа буын жас ұрпаққа танытып, терең меңгерту. Іс-шараға университет студенттері белсенді қатысып, Абайдың шығармаларын, қазақ және ағылшын, орыс тілдерінде орындады.

2020 жылдың 12 ақпан күні ақпараттық-кітапхан орталығынның оқу залында, классик, жазушы М.Мағауиннің 80 жылдық мерей тойына арналған, «М.Мағауин – 80 жаста» әдеби сайыс өтті. Іс-шараға филология департаменті және әлеуметтік-гуманитарлық факультетінің студенттері қатысты.

Ақпараттық кітапхана орталығында қазақ жазба әдебиетінің негізін қалаушы, қазақтың ұлы ақыны, ойшыл Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына арналған кітап көрмесі ашылды.Қазақ даласының ұлы ақыны Абай Құнанбаевтың еліміздің рухани мұрасына қосқан үлесі шексіз, оның шығармашылығы Қазақстаннан тыс жерлерде кеңінен танымал.Абай бізге бүгінде өзекті бай мұра қалдырды. Оған әр-түрлі жанрлар, философиялық, моралистикалық лирика, сатирика мазмұнындағы өлеңдер, махаббат жолдаулары, поэмалар, «Қара сөздер» кіреді.

Әлеуметтік серіктестік барысында 2019 жылы 23 желтоқсанда ақпараттық-кітапхана орталығының оқу залында АКО директоры Безаубекова С.С., кітапханашы Альмухамбетова Н.Н. Қостанай гуманитарлық колледжінің "Мектепке дейінгі тәрбие" мамандығының 1 курс студенттеріне "Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық" атты кітаптар көрмесіне шолу өткізді.

29 ноября 2019 г. в информационно-библиотечном центре КГПУ имени Умирзака Султангазина состоялся круглый стол «Социальное партнерство как современное направление развития библиотек» для библиотекарей вузов и колледжей области.В современных условиях тема социального партнерства – как одного из направлений деятельности развития библиотек, особенно актуальна. Выстраивание успешных партнерских отношений позволяет библиотекам быть востребованными. Для поиска новых подходов к сотрудничеству, развитию креативного мышления, совершенствованию библиотечного обслуживания было организовано мероприятие.

2019 жылдың 27 қараша күні ақпараттық – кітапхана орталығының оқу залында ақын Фариза Оңғарсынованың 80 жылдық мерейтойына арналған «Жауһар жырды жүрегінде тербеген» атты әдеби сағат өтті. Іс-шараға ақын Серікбай Оспанов, Қостанай қаласындағы № 115 орта мектепбінің 7-сынып оқушылары, педагогика–психология факультетінің 2 курс студенттері қатысты.

2019 жылдың 6 қараша күні ақпараттық кітапхана орталығында ақын, журналист Байтұрсын Ілиястың 80 жылдық мерей тойына арналған «Қазақтың бір туар азаматы» атты еске алу кеші өтті. Іс-шараға (Байтұрсын Ілиястың келіні) Айсұлу Ілиясова, тарих ғылымдарының докторы, профессор Аманжол Күзембайұлы, филология, педагогика және психология факультеттерінің 1 курс студенттері қатысты. «Қазақтың бір туар азаматы» атты көрме ұйымдастырылды.

2019 жылдың 23 қазанында Ө.Сұлтанғазин ат. Қостанай мемлекеттік педагогикалық университетінің профессорлық-оқытушылық құрамы мен кітапханашылары үшін IPR медиа дамыту жөніндегі директоры Вита Викторовна Кутуева (Мәскеу қ.) «Университеттегі оқу процесі мен коммуникацияны тиімді ұйымдастыру үшін IPR BOOKS электронды кітапхана жүйесінің технологиялары мен шешімдері» атты оқу семинарын өткізді. Қалай іздеу керек? Мұғалім студенттерге әдебиетті қалай ұсына алады?  – деген көптеген сұрақтарға жауап берді.

2019 жылдың 21 қазан күні ақпараттық-кітапхан орталығынның оқу залында, қазақ әдебиетінің алып бәйтеректері С.Сейфуллин, І.Жансүгіров, Б.Майлинге арналған «Үш бәйтерек» атты әдеби интеллектуалды - танымдық ойын өтті. Іс-шараға филология, әлеуметтік-гуманитарлық, психолого-педагогикалық және жаратылыстану-математика факультеттерінің  студенттері қатысты. Интеллектуалды ойын барысында студенттер 3 топқа бөлінді: 1 топ: «Теңдік жыршысы» 2 топ: «Серілер» 3 топ: «Құлагер»

2019 жылдың 21 қазан күні Л. Н. Толстой атындағы ОӘҒК ақпараттық-әдеби бөлімінде педагогика ғылымдарының кандидаты, білім берудің құрметті қызметкері, педагогикалық еңбек ардагері, кәсіподақ белсендісі, жарқын және шығармашыл тұлға, туған көшбасшы, ұйымдастырушы, жауапты адам Ибатулин Асхат Шарифұлына арналған еске алу кеші өтті. А. Ш. Ибатулиннің өмірі мен қызметі туралы "Ибатулин А. Ш. Линия жизни" кітабының тұсаукесері өтті. Ө. Сұлтанғазин атындағы Қостанай мемлекеттік педагогикалық университеті мұндай жинақты дайындау бастамасымен сөз сөйледі.

Біздің мекен жайымыз

110000, Қостанай қаласы,
Тәуелсіздік көшесі 118

  • Тел./факс: +7 (7142) 51-11-57

Біз әлеуметтік желідеміз

Вы здесь: Главная Жаналықтар Ақпаратты-кітапхана орталығының жаңалықтары