«Free speech» - свобода слова. Именно такой позиции придерживается руководство нашего ВУЗа в работе со студентами. В рамках такого «свободного» общения, 12 марта 2020 года состоялась встреча исполняющей обязанности ректора КГПУ им.У.Султангазина Мусабековой Гульвиры Айдархановны со студентами – участниками проектного офиса «Саналы ұрпақ». Эти ребята являют собой неравнодушных к судьбе своего государства людей с активной гражданской позицией, нетерпящих проявлений коррупции как в стенах родного ВУЗа, так и в других сферах общественной жизни. 

2019 жылдың 12 қыркүйегінде күн тәртібіндегі осы тақырып бойынша З. Алдамжар атындағы ҚӘТУ Қамқоршылық Кеңесінің қолдауымен белгіленген ағымдағы тақырып бойынша дөңелек үстел өткізіліп, онда Президент Қ-Ж. Тоқаевтың «Сындарлы қоғамдық диалог - Қазақстанның тұрақтылығы мен гүлденуінің негізі» Жолдауын іс жүзінде жүзеге асыру тұрғысынан жан-жақты талқыланды. Дөңгелек үстелдің жұмысына Ө. Сұлтанғазиин атындағы ҚМПУ ректорының кеңесшісі Р.Ш. Бектұрғанова мен ҚХА кафедрасының профессоры В.Г.Вишниченко қатысып белсенділік танытты.

2018 жылдың 14 желтоқсанында ҚМПУ қабырғасында Қостанай облысы бойынша "ГРиН" Азаматтық альянсының қамқорлығымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша Азаматтық бастамалар конгресі өтті. Конгресс аясында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл, осы қызметке азаматтық қоғам мен қоғамдық кеңестердің өкілдерін белсенді тарту бойынша жұмысты күшейту жолдары туралы диалог құрылды. Конгресс шеңберінде ҚР Қостанай облысындағы 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыруды сыртқы талдау мен бағалаудың арнайы мониторингтік топтың отырысы болды.

2018 жылғы 27 қарашада Өмірзақ Сұлтанғазин атындағы Қостанай мемлекеттік педагогикалық университетінде Қостанай облысы бойынша Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті мемлекеттік қызмет басқармасының бас маманы Е.М. Жайлебаев университет студенттерімен кездесуі өткізді. Е.М. Жайлебаев өз сөзінде түлектерге мемлекеттік қызметке түсу үшін қажетті ақпаратты  түсіндірді және «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 16-бабында көзделген үміткерлерді іріктеу критерийлеріне ерекше назар аударды.

2018 жылдың 16 қарашасында "құқық және экономика негіздері" мамандығының студенттері "сыбайлас жемқорлыққа қарсы әлеуметтік үдерістерді моделдеу - мемлекет пен азаматтық қоғам тұрақтылығының факторы" атты жастар ғылыми-практикалық конференциясына белсенді қатысты. Ғылыми-практикалық конференция барысында мемлекеттік қызметтің жекелеген сегменттерінде және кәсіби қызметтің өзге де түрлерінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау, бағалау және жою мәселелері бойынша жастар жобаларының тұсаукесері өтті.

2018 жылдың 22 қазанында «Әлеуметтік және гуманитарлық» факультетінің, Құқық және экономика мамандығының 3 курс студенттері: Гаппар Айзере, Матығұлов Дәуіржан, Қуаныш Сымбат, Өмірбаева Құрманкүл, Мухамедрахимова Жансулу, Оспанова Камила, Рахимгалиева Анара және Бекмагамбетов Р.К., Разуваева М.В. мұғалімдерімен бірге «Әлеуметтік процестерді мемлекеттік және азаматтық қоғам тұрақтылығының факторы ретінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы модельдеу» конференциясына белсене қатысты.

2018 жылдың 13 қыркүйек күні Қостанай мемлекеттік педагогикалық университеттің конференц-залында Қостанай облысы әкімдігінің Дін істері жөніндегі басқарманың ұйымдастыруымен, Облысымдағы Діни ұйымдар мен ақпараттық түсіндіру топтары қатысқан «Дін саласында жемқорлыққа қарсы саясатты қалыптасыру» тақырыбында конференция өтті. Конференция басын Қостанай облысы әкімдігінің Дін істері жөніндегі басқарма басшысы Үмбетов Жанболат Жұмабайұлы бастап берді.

2018 жылдың 26 сәуірі күні Қостанай мемлекеттік педагогикалық университетінің конференц-залында «Жастардың жемқорлыққа қарсы бастамасы» клубы мен студенттер арасында кездесу өтті. Клуб мақсаты: патриотизмді дамыту, жемқорлық арқылы заң бұзушылыққа қарсы келуге, сын тұрғысынан және логикалық ойлау, белсенді азаматтық ұстаным, адалдық пен әдептілікке тәрбиелеу. Ал кездесу мақсаты бұл жағдайға бей-жай қарай алмайтын ЖОО-ның басын қосу.

Қостанай мемлекеттік педагогикалық университетінің конференц-залында 2018 жылдың 10 сәуірінде 2015-2025 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясы бойынша, сыртқы талдау және іске асыруды бағалайтын арнайы мониторинг тобының мүшелері мен студенттер арасында кездесуі өтті. Кездесуге қатысқан - Соловьева Айгүл Сағадибекқызы - Республикалық арнайы мониторинг тобының жетекшісі, Бердалин Арман Тлектесович- Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Республикасы мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы қоғамдық қатынастар департаментінің директоры, Думабеков Мұсағали Сәрсенбаев - Республикалық арнайы мониторинг тобының мүшесі, «Халықтың Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комитет» президенті.

2018 жылдың 6 ақпан күні жаратылыстану-математика факультетінде ҚР Қостанай облысы бойынша мемлекеттік қызмет істері және жемқорлыққа қарсы күрес Агенттігі Департаменті студенттермен кездесу өткізілді. Қазіргі қоғамның басты мәселесі – жемқорлық. Жемқорлықпен күрес еліміз тәуелсіздік алған күннен бастап қолға алған негізгі саяясаттың бірі. Бүгінгі күні ҚР Қостанай облысы бойынша мемлекеттік қызмет істері және жемқорлыққа қарсы күрес іс-әрекет Агенттігі мемлекеттік қызмет көрсету салаларында мемлекеттік саясатты іске асыруды орындайды.

Біздің мекен жайымыз

110000, Қостанай қаласы,
Тәуелсіздік көшесі 118

  • Тел./факс: +7 (7142) 51-11-57

Біз әлеуметтік желідеміз

Вы здесь: Главная Жаналықтар Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-шаралар