Что такое выпускной для студента? Это главный праздник, когда в своём долгожданном дипломе ты видишь труд нескольких лет и новый виток судьбы. В этом году, впервые в истории, торжественная церемония вручения дипломов в КГПУ им.У.Султангазина прошла в онлайн формате. Поздравили выпускников ректор, деканы факультетов, заведующие кафедрами, кураторы, родители и студенты младших курсов. «Для меня это было интересно,- говорит Меруерт Нурушева, выпускница Департамента филологии,- очень необычно получить диплом таким образом. Я считаю, всё что ни делается, всё к лучшему, к тому же, такого выпускного ни у кого не было!»
Жоғары білім туралы дипломдарды тапсыру – бұл күні кешегі студенттің, ал енді бітірушінің өміріндегі ең маңызды оқиғалардың бірі. Өйткені, ол жаңа дербес өмір мен педагогикалық қызметтегі перспективалы мансаптың басталуын білдіреді. Қазіргі әлемдегі мұғалімнің рөлі жоғары. Ұстаз-қоғамдағы басты тұлға, сондықтан осы мамандықты таңдағандардың барлығы олардың еңбектеріне, өзінің жұмысы мен оқушыларына деген қарым-қатынасына еліміздің болашағы тәуелді болатынын есте сақтағаны жөн.
Өнер кафедрасы Қазақстанның көрнекті қайраткерлерінің портреттерінің көрмесін ұйымдастыру бойынша жұмыс жүргізді! Тарихи сананы жаңғырту тұрғысынан "Бейнелеу өнері және сызу" білім беру бағдарламасының студенттері үшін өткеннің ұлы ойшылдары, ақындары мен билеушілерінің бейнелер галереясын қалыптастыру идеясы ерекше қызығушылық тудырды. "Бейнелеу өнері және сызу "ПБ студенттері мен оқытушылары", "Жаһандық әлемдегі қазіргі қазақстандық мәдениет" жобасын жүзеге асыруға өз үлесін қосу туралы шешім қабылдады.
2020 жылдың 30 мамыр мен 9 маусым аралығында жаратылыстану-математика факультеті Жаратылыстану ғылымдары кафедрасында «География» мамандығының күндізгі және қашықтықтан оқитын студенттері арасында дипломдық жұмыстарды қашықтықтан қорғау өткізілді. Қорғауға қазақ бөлімі мен көптілді білім беру бөлімінің 35 студенті жіберілді және әрбір студент белгіленген күні өз жұмысын қорғап шықты.
Дипломдық жұмыс – бұл студенттің міндетті аттестаттық сынағы, жоғары білім беру бағдарламасының түлегі оқудың барлық жылдарында меңгерген білім көрсеткіші. 2020 жылдың 1-3 маусым аралығында «5B011800 – Орыс тілі мен әдебиеті», «5В012200 – Орыс тілінде оқытпайтын мектептердегі орыс тілі мен әдебиеті» мамандықтарының бітіруші курс студенттері дипломдық жұмыстарын қорғады. Алғаш рет дипломдық жұмыстарды қорғау рәсімі онлайн режимінде өтті.
2020 жылдың 24-30 мамыр аралығында филология департаментінің аға оқытушысы О. В. Коваль қашықтық форматта славян жазбасы мен мәдениеті күніне арналған іс-шаралар өткізді. Жыл сайын 24 мамырда Қазақстанда және әлемнің көптеген елдерінде осы мереке атап өтіледі. «Славян жазуы мен мәдениеті күні көпұлтты Қазақстан үшін өте маңызды, - дейді аға оқытушы Олеся Владимировна. - Сондықтан біз акцияны #хэштег астында ұйымдастыру туралы шешім қабылдадық және Quizizz платформасында онлайн-сұрақ-жауап сайысын өткіздік.
Соңғы жылдары елімізде мұғалім маманның мәртебесі өсуде. Мұғалімдік мамандықты таңдайтын жастардың да қатары артып келе жатқаны байқалады. Мұғалімдік мамандыққа даярлауда кәсіби іс-тәжірибенің маңызы орасан зор. Ө.Сұлтанғазин атындағы Қостанай мемлекеттік педагогикалық университетінде болашақ маманның алғашқы оқу жылынан бастап оқу мерзімінің соңына дейін кәсіби іс-тәжірибеден өтуі, теориялық білімін практикада жүзеге асыру дағдыларын қалыптастыруы ерекше жолға қойылған. Білім алушы студент соңғы курста өндірістік машықтанудан өтеді. Осы орайда Ө.Сұлтанғазин атындағы ҚМПУ «Қазақ тілі мен әдебиеті» білім беру бағдарламасының 4-курс студенті Нурушева Меруертпен өндірістік машықтануға байланысты сұрақтар төңірегінде сұхбат жүргіздік.
2020 жылдың 26 мамырында ҚХА кафедрасында «Қазақстанның ұлттық құрамы: этносаралық шиеленіс пен шекаралық және сентиментальды туризмді дамыту факторы» атты қонақтармен онлайн дәріс болды. Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ докторанты, «География» мамандығы бойынша жаратылыстану ғылымдарының магистрі Қаратабанов Руслан Әділханұлы лектор ретінде сөз сөйледі. Оның ғылыми қызығушылықтарының шеңберіне геосаясат және саяси география, географиялық білім беру, оқыту әдістемесі, патриоттық тәрбие және геосаяси сауаттылықты қалыптастыру кіреді. Кездесудің негізгі мақсаты Қазақстанның шекаралық және сентиментальды туризмін ұлтаралық келісімді, бейбітшілік пен өркендеуді сақтау тәсілі ретінде дамытуды талқылау болды. Бүгінгі таңда туризмнің бұл түрі жеткілікті зерттелмеген әрі кең таралмаған.
«Болмасаң да ұқсап бақ, бір ғалымды көрсеңіз. Ондай болмақ қайда деп, айтпа ғылым сүйсеңіз» деген ұлы Абай сөзін ұстаным етіп, үздіксіз ізденіс пен жан-жақты тұлғалық дамуды өмірлік мақсат еткен Данияр Ихсан жақын уақытта университетіміздің түлегі атанбақшы. Ол 2018 жылы Талдықорған қаласында өткен «Ілияс әлемі» жастар фестивалінің «Тар жолды, тайғақ кешулі тағдырлар» атты ғылыми жоба байқауының 2 орын, «Ғылым және жаңа ұрпақ – 2018» атты студенттер мен магистранттардың ХХ республикалық ғылыми конференциясының 3 орын, ЖОО студенттерінің Республикалық ғылыми-зерттеу жұмыстары байқауының ІІІ дәрежелі дипломы, «Мосты согласия» қоғамдық қоры ұйымдастырған Республикалық «Үздік студент» жобасының «Үздік студент-2018» төсбелгісінің, Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасы Қоры стипендиясының иегері.
2020 жылыдың 21-22 мамырында Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттікуниверситеті ZООМ платформасы негізінде онлайн форматта 6В01202-«Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу» білімберу бағдарламасы бойынша ХІІ Республикалық пәндік олимпиадасын ұйымдастырды. Олимпиаданың мақсаты менміндеттері: студенттердің оқу-танымдық жәнеоқу-зерттеу жұмыстарын ынталандыру; студенттердің кәсіби-тұлғалықәлеуетін, олардың өзіндік санасын, өзін-өзі көрсету және өзін-өзі жетілдіруүшін жағдай жасау; студенттердің азаматтықпозициясын тәрбиелеу; ең талантты және дарындыстуденттерді іріктеу және қолдау; бәсекегеқабілетті, жаңашыл, әлемдік білім беру үдерісін меңгерген білімді де білікті,дарынды студенттерді іріктеу және қолдау.