Ақпараттық және коммуникациялық технологиялар (АКТ) күн сайын білім беру қызметінің түрлі салаларына еніп келеді. Бұған қоғамды жаппай ақпараттандырумен және мамандарды тиісті даярлау қажеттілігімен байланысты сыртқы факторлар, сондай-ақ оқу орындарында қазіргі заманғы компьютерлік техника мен бағдарламалық қамтамасыз етудің таралуымен байланысты ішкі факторлар ықпал етеді. Білім беруді ақпараттандыруды жүзеге асырудағы басты рөл оқытушыға тиесілі.
2020 жылы 14 сәуірде Ө. Сұлтанғазин атындағы Қостанай мемлекеттік педагогикалық университетінде «Мектепке дейінгі мекеме мұғаліміне арналған компьютерлік желілердің көмегімен ақпарат алмасудың құралдары мен технологиялары» тақырыбында онлайн-сессия өтті. Іс-шара ұйымдастырушысы – информатика, робототехника және компьютерлік технологиялар кафедрасының аға оқытушысы Даулетбаева Гүлсім Байсұлтанқызы.
«Рухани жаңғыру» бағдарламасының үш жылдығын атап өту қарсаңында «Орыс тілі және әдебиеті» білім бағдарламасында 2020 жылдың 6-шы сәуірінде «Нұр- Сұлтан- Еуразия жүрегі» атты онлайн диктант өтті. Диктанттың ұйымдастырушылары «Жеңіл орысша» атты әлеуметтік жобаның қатысушылары мен жетекшісі («Орыс тілі және әдебиеті» білім бағдарламасының 2 курс студенттері мен окытушысы Рядинская А.И.).
Шығармашылық мамандықтар студенттерін оқыту барысында қашықтықтан оқыту технологияларын қолдану бірқатар ерекшеліктерге ие. Осыған байланысты, Ө.Сұлтанғазина атындағы ҚМПУ, өнер кафедрасының оқытушылары 4 сәуір мен 11 сәуір аралығында қашықтықтан оқыту технологиясы бойынша оқытушылардың тәжірибелері бойынша вебинарлар өткізді. "Музыкалық білім", "Визуалды өнер, көркемдік еңбек, графика және жобалау" білім беру бағдарламаларының оқытушылары екі күн бойы қашықтықтан оқыту мүмкіндіктерімен бөлісті.
2020 жылдың 28 наурызы мен 10 сәуірі аралығында «Мектепке дейінгі және бастауыш білім беру» кафедрасының студенттері арасында «Үздік идея» стартап-жобалар сайысы өткізілді. Байқауға барлық курс студенттері белсенді қатысты,қазылар алқасы мүшелеріне қарау үшін 9 жоба ұсынылды. Жоба тақырыптары студенттер әр түрлі таңдау жасап, олардың дайындығына жауапкершілікпен қарады, сондықтан оқытушыларға бір жеңімпазды таңдау оңай емес еді.
09.04.2020 күні сағат 15.00-де ҚР Президентінің жанындағы Қоғамдық сананы жаңғырту бағдарламасын іске асыру жөніндегі ұлттық комиссияның тапсырмасына сәйкес Филология департаменті, қазақ тілі мен әдебиеті білім беру бағдарламасының ұйымдастыруымен «Ұлыларды ұлықтаушы ұстаз» ақын, ғалым Серікбай Оспановпен онлайн кездесу өтті. Кездесуге қазақ тілі мен әдебиеті білім беру бағдарламасының оқытушылары мен студенттері қатысты.
Соңғы кезде медиация институты дау-жанжалдарды соттан тыс реттеудің тәсілі ретінде кеңінен танылып келеді. Медиация шиеленіскен тараптарға даулы жағдайдың шешімін бірлесіп табуға көмектеседі. Медиация – бұл тәуелсіз және бейтарап тарап (медиатор) шиеленіскен тараптарға қысқа мерзімде бірлескен күш-жігермен және екі жақтың да мүдделерін ескере отырып, тараптардың әрқайсысы үшін тиімді шешімге келуге көмектесуді негізге алатын татуласу әдісі. ҚМПУ ҚХА кафедрасының базасында жастарды Медиация негіздеріне оқыту және кәсіби бағдар беруге ынталандыру, қоғамда өзара жанжалсыз қарым-қатынас жасау, жастар арасында медиацияның идеялары мен принциптерін тарату мақсатында медиация және халықтық дипломатия мектебі ашылды.
Филология департаменті қазақ тілі мен әдебиеті білім беру бағдарламасының 3 курс студенті Мақатова Аягөз Алматы қаласындағы Халықаралық ақпараттық технологиялар университеті ұйымдастырған «YDF-2020 Жастар цифрлық форумы» 1-Халықаралық студенттік ғылыми-практикалық онлайн конференциясына (https://ydf2020.iitu.kz/) қатысты. Конференцияның мақсаты – жас ұрпақтың ғылыми-зерттеу әлеуетін дамыту. Конференция аясында заманауи ақпараттық технологиялар саласындағы жетістіктер мен инновациялар саласындағы түрлі аспектілер талқыланды.
Жаратылыстану ғылымдары кафедрасы 2020 жылдың 6 сәуірінде Әбу Насыр әл-Фарабидің туғанына 1150 жыл толуына орай «әл-Машани-көрнекті қазақ ғалымы, жазушы, педагог» тақырыбында онлайн – семинар ұйымдастырды. Семинардың мақсаты-ұлы Әл-Фарабидің еңбектерін зерттеуге үлес қосқан А. Машановтың ғылыми еңбектерін насихаттау. Семинарға «География» мамандығының 3 курс студенттері Дандыбаев Ж., Құдабаев Д. белсенді қатысты.
Жаратылыстану ғылымдары кафедрасы 2020 жылдың 1 сәуірінде онлайн режимінде экофлешмоб өткізді. Биологтар мен табиғат жанашырлары Халықаралық құстар күніне арналған экофлншмобқа белсенді қатысты. Бүкіл әлемде жарияланған пандемияға, басқа елдерге кіру және ұшып шығуға тыйым салынғанына қарамастан, құстарға қыстық жерлерден үйлеріне қайтуға еш кедергі келтірмейді.