YDF-2020 Жастар цифрлық форумы

Филология департаменті қазақ тілі мен әдебиеті білім беру бағдарламасының 3 курс студенті Мақатова Аягөз Алматы қаласындағы Халықаралық ақпараттық технологиялар университеті ұйымдастырған «YDF-2020 Жастар цифрлық форумы» 1-Халықаралық студенттік ғылыми-практикалық онлайн конференциясына (https://ydf2020.iitu.kz/) қатысты.

Конференцияның мақсаты – жас ұрпақтың ғылыми-зерттеу әлеуетін дамыту. Конференция аясында заманауи ақпараттық технологиялар саласындағы жетістіктер мен инновациялар саласындағы түрлі аспектілер талқыланды.

Мақатова Аягөздің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдерін даярлау білім бағдарламасының аға оқытушысы Г.А.Сейсембайдың жетекшілігімен дайындалған «Қазақ тілі сабақтарында цифрлы технологияларды қолдану» тақырыбындағы баяндамасы қазылар алқасы тарапынан жоғары бағаланып, ІІ дәрежелі дипломмен марапатталды.

Конференция материалдары "Халықаралық ақпараттық технологиялар университеті" АҚ "International Journal of Information and Communication Technologies" журналында жарияланады.

Зеректігімен, еңбекқорлығымен дараланып, жаңашылдығымен ерекшеленетін, үнемі ізденіс үстінде жүретін Аягөзге болашақта да ғылым жолында толағай табыстар мен шығармашылық шабыт тілейміз.

Біздің мекен жайымыз

110000, Қостанай қаласы,
Тәуелсіздік көшесі 118

  • Тел./факс: +7 (7142) 51-11-57

Біз әлеуметтік желідеміз