2020 жылдың 30 мамыр мен 9 маусым аралығында жаратылыстану-математика факультеті Жаратылыстану ғылымдары кафедрасында «География» мамандығының күндізгі және қашықтықтан оқитын студенттері арасында дипломдық жұмыстарды қашықтықтан қорғау өткізілді. Қорғауға қазақ бөлімі мен көптілді білім беру бөлімінің 35 студенті жіберілді және әрбір студент белгіленген күні өз жұмысын қорғап шықты.
2020 жылдың 16 мамырында «6В01502-Физика» білім беру бағдарламасының бірінші курс студенттері «Community Service» пәні бойынша «Жануарларға қолыңды соз» деген әлеуметтік жобасын қорғауға ұсынды. Жобаны жүзеге асыру барысында студенттер жануарларға арналған «Зоопульс» панасына барып, қызметкерлердің күнде кездесетін мәселелерімен танысып, үйсіз жануарларға тамақ берді. Instagramm әлеуметтік желісінде студенттер https://www.instagram.com/kspu_physics/ парақшасын жүргізеді, және, осылайша, панаға ақпараттық қолдау көрсетуге тырысады.
Ө. Сұлтанғазин атындағы ҚМПУ-нің жаратылыстану-математика факультетінде "кәсіпқойлыққа жол: Менің болашақ мамандығым"атты бейнероликтер байқауын жоспарға сәйкес жаратылыстану-математика факультетінде ұйымдастырылды. Байқаудың негізгі мақсаты - жаратылыстану ғылымдары факультетінің білім беру бағдарламаларын кеңінен насихаттау, бакалавриаттың білім беру бағдарламаларының мүмкіндіктерін көрсету, сонымен қатар студенттерге өздерінің кәсіби шеберліктері мен шығармашылық әлеуеттерін көрсету. Конкурсты дайындау мен өткізуге ұйымдастыру комитеті жалпы басшылық жасаушылар: (Ручкина Г. А. (ЖҒК), Губенко М. А. (ЖҒК), Айтбенова А. А. (ИРиКТ), МФҚ кафедрасының меңгерушісі м. а. Телегина О. С,әдістемелік сүйемелдеу –кафедраның қауымдастырылған профессоры ЖҒК Ручкина Г. А. жүзеге асырды.)
«Қостанай облысы әкімдігінің жастар саясаты мәселелері» мемлекеттік мекемесінің тапсырысы бойынша «Рухани жаңғыру», «Ұлы даланың жеті қыры» бағдарламалық мақалаларын іске асыру аясында әлеуметтік маңызы бар жастар іс-шараларын ұйымдастыру және жылжыту» жобасы аясында буктрейлер түрінде жоғары және орта арнаулы оқу орындарының арасында «100 жаңа оқулық» аймақтық байқауы өтті. Буктрейлер - бұл кітаптың жарқын және танылатын сәттерін қамтитын, мазмұнын бейнелейтін миниатюралық ролик.
География мамандықтарының 2 курс студенттері Коваль В.В. жетекшілігімен «Қазақстанның рекреациялық географиясы» жобасын жүзеге асыруда. Жобаның негізгі мақсаты - Қазақстан Республикасының рекреациялық ресурстарын зерттеу және насихаттау. Жобамен жұмыс жасау барысында Қостанай қаласының мектеп оқушыларымен және студенттік топтармен жұмыс жүргізілді. Бұл тақырып өзекті, өйткені ішкі туризмді дамыту мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының бірі болып табылады.
2020 жылы 14 сәуірде Ө. Сұлтанғазин атындағы Қостанай мемлекеттік педагогикалық университетінде «Мектепке дейінгі мекеме мұғаліміне арналған компьютерлік желілердің көмегімен ақпарат алмасудың құралдары мен технологиялары» тақырыбында онлайн-сессия өтті. Іс-шара ұйымдастырушысы – информатика, робототехника және компьютерлік технологиялар кафедрасының аға оқытушысы Даулетбаева Гүлсім Байсұлтанқызы.
Жаратылыстану ғылымдары кафедрасы 2020 жылдың 6 сәуірінде Әбу Насыр әл-Фарабидің туғанына 1150 жыл толуына орай «әл-Машани-көрнекті қазақ ғалымы, жазушы, педагог» тақырыбында онлайн – семинар ұйымдастырды. Семинардың мақсаты-ұлы Әл-Фарабидің еңбектерін зерттеуге үлес қосқан А. Машановтың ғылыми еңбектерін насихаттау. Семинарға «География» мамандығының 3 курс студенттері Дандыбаев Ж., Құдабаев Д. белсенді қатысты.
Жаратылыстану ғылымдары кафедрасы 2020 жылдың 1 сәуірінде онлайн режимінде экофлешмоб өткізді. Биологтар мен табиғат жанашырлары Халықаралық құстар күніне арналған экофлншмобқа белсенді қатысты. Бүкіл әлемде жарияланған пандемияға, басқа елдерге кіру және ұшып шығуға тыйым салынғанына қарамастан, құстарға қыстық жерлерден үйлеріне қайтуға еш кедергі келтірмейді.
10 наурыз, 2020 жылға жаратылыстану-математика факультетінің, жаратылыстану ғылымдары кафедрасында "География", "География-Биология" бакалавриат және магистратураның білім беру бағдарламаларын талқылау бойынша презентация өткізілді. Семинар жұмысының мақсаты-орта білімнің жаңартылған мазмұнына сәйкес бакалавриат пен магистратураның білім беру бағдарламаларын талқылау.
Аталған іс-шараны жаратылыстану ғылымдары кафедрасының оқытушылары: педагогика ғылымдарының магистрі, аға оқытушы Баубекова Г. К., география магистрі, аға оқытушы Омарова К. И., география магистрі, аға оқытушы Коваль В. В., география магистрі, оқытушы Баймаганбетова Б. Б. ұйымдастырды.