Қазақстан географиясымен танысамыз!

География мамандықтарының 2 курс студенттері Коваль В.В. жетекшілігімен «Қазақстанның рекреациялық географиясы» жобасын жүзеге асыруда. Жобаның негізгі мақсаты - Қазақстан Республикасының рекреациялық ресурстарын зерттеу және насихаттау. Жобамен жұмыс жасау барысында Қостанай қаласының мектеп оқушыларымен және студенттік топтармен жұмыс жүргізілді. Бұл тақырып өзекті, өйткені ішкі туризмді дамыту мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының бірі болып табылады.

Әлеуметтік желілер қазіргі уақытта танымал болғандықтан, ең танымал Instagram платформаларының бірінде парақ құрылды. Студенттер парағында еліміздің әр аймағынан 100-ден астам жазылушы бар.  Бұл тәсіл еліміздің қызықты, таңғажайып, әдемі өңірлері туралы ақпаратты таратуға көмектеседі. Параққа жазылушылар студенттерді бірнеше рет танымдық және қызықты мазмұн үшін алғыс білдірді.

Студенттердің жобасы жауапкершілік, әдептілік, қоғамға қызмет етуге деген құлшыныс, патриотизмді тәрбиелеуге көмектеседі. Осы жобаның арқасында арнайы жазылушы аудитория Қазақстанның рекреациялық ресурстары туралы фотогалерея, ең қызықты жазбалар, деректерді алады. Жер шарында адамды сұлулығымен баурап алатын көптеген керемет жерлер бар. Бірақ жүрекке қымбат - туған жердің пейзаждары!

 

Біздің мекен жайымыз

110000, Қостанай қаласы,
Тәуелсіздік көшесі 118

  • Тел./факс: +7 (7142) 51-11-57

Біз әлеуметтік желідеміз