Қазақстан студенттер Альянсы
"Қазақстан студенттер Альянсы" – бұл студенттердің құқықтары мен қызығушылықтарын қорғайтын республикалық студенттік қозғалыс.
«Қазақстан студенттерінің Альянсы» (әрі қарай – ҚСА) Республикалық студенттер қозғалысының басты мақсаты – ҚСА-ның қоғамдық белгілілігін студент жастарының құқықтық, әлеуметтік-экономикалық және тұрмыстық мәселелерін шынымен шешуші және тәуелсіз Қазақстанның қалыптасуына белсенді қатысушы ұйым ретінде құру.
Қойылған мақсаттарға жету үшін келесі міндеттерді орындау арқылы жүзеге асырылады:
- Еліміздің студент жастарының құқықтары мен мүдделерінің қорғалуын қамтамасыз ету.
- Студенттерде патриоттық сезімді қалыптастыру және жетілдіру.
- Студент жастар арасында жемқорлыққа қарсы дәстүрді қалыптастыру.
- Студент жастардың интеллектуалды әлеуеттерін жетілдіру.
- Студенттер арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру.
- Ұйымнның ҚСА ішкі және сыртқы өзара әрекеттесуін жетілдіру.
Қазақстан Республикасының мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыру барысында студент жастар арасындағы белсенді топ болып саналатын және де болашақта қоғамда потенциалдық салмағы жоғары болатын әрбір саланы ескере отырып, «Қазақстан Студенттер Альянсы» келесі бағыттар бойынша жұмыстар атқарады:
- студенттердің әлеуметтік құқықтары мен мүдделерін қорғау;
- студент жастарының бос уақытын тиімді пайдалануға ықпал жасау;
- студенттердің патриоттылығы мен азаматтылығын дамыту;
- студент жастарды жастар бағдарламаларын жүзеге асыруға қатыстыру;
- оқу - тәрбие және ғылыми - зерттеу үрдістерінің жұмысын жақсартуда өз үлесін қосу.