Қабылдау комиссиясына ұсынылатын құжатттардың тізімі
арнаулы және (немесе) шығармашылық емтихандарды тапсыру үшін:
- өтініш;
- жалпы орта немесе техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі туралы құжат (төлнұсқа);
- 3 x 4сантиметр көлеміндегі 2 фотосурет;
- жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
- ҰБТсертификаты (бар болса);
- «Дене шынықтыру және спорт туралы» 2014 жылғы 3 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 35-бабының 1) тармақшасында белгіленген спорттық разрядтар және (немесе) спорттық атақтардың бірінің бар болуын растайтын құжаттың көшірмесін (бар болса) тапсырады.
білім беру грантын беруге арналған конкурсқа қатысу үшін:
- белгіленген үлгідегі бланкіде өтініш;
- білімі туралы құжат (төлнұсқа);
- ҰБТ сертификатын;
- "Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6697 болып тіркелді) 086-У нысаны бойынша медициналық анықтаманы;
- жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін тапсырады.
Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі туралы құжаттары бар, біліктілігін растаған және мамандығы бойынша кемінде бір жыл жұмыс өтілі бар адамдар мынадай құжаттардың бірін:
- еңбек кітапшасын;
- жұмыс берушінің қолы қойылған, ұйымның мөрімен (бар болса) расталған қызметтік тізімді(қызметкердің жұмысы, еңбек қызметі туралы мәліметтер тізбесі);
- қызметкердің еңбек қызметі туралы мәліметтерді қамтитын архивтік анықтаманы;
- аударылған міндетті зейнетақы жарналары туралы бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан үзінді көшірмелері және әлеуметтік төлемдер жүргізілгені туралы Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан мәліметтер;
- мерзімі және оны тоқтату негіздемесі көрсетілген жұмыс берушінің еңбек шартын;
- еңбек шартын жасау мен тоқтату негізінде еңбек қарым-қатынасының пайда болуы мен тоқтатылуын дәлелдейтін жұмыс берушінің актісінен үзіндіні;
- жұмысшыларға жалақы беру ведомосынан үзіндіні қоса береді.
оқуға қабылдау үшін (бакалавриат)
- өтініш
- жалпы орта немесе техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім туралы құжатын (төлнұсқа);
- жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін тапсырады
- 3 х 4 сантиметр көлеміндегі 6 фотосуретін;
- №907 бұйрығымен бекітілген 086-У нысанындағы медициналық анықтаманы;
- ҰБТ сертификатын;
- ведомостан үзіндіні (арнаулы және (немесе) шығармашылық дайындықты талап ететін, оның ішінде «Педагогикалық ғылымдар» білім беру саласы бойынша жоғары білімнің білім беру бағдарламаларына түсушілер үшін);
- білім беру грантын тағайындау туралы куәлікті (бар болса) қоса береді.
Бірінші және екінші топтағы мүгедектер, бала кезінен мүгедектер, мүгедек балалар,жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне теңестірілген тұлғалар, Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылмайтын ұлты қазақ тұлғалар, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар үшін, сондай-ақ кәмелетке толғанға дейін ата-анасынан айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған жастар қатарындағы Қазақстан Республикасының азаматтары артықшылықты құқық және квота беруді растайтын құжаттарды қосымша ұсынады.
Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі туралы құжаттары бар, біліктілігін растаған және мамандығы бойынша кемінде бір жыл жұмыс өтілі бар адамдар мынадай құжаттардың бірін:
- еңбек кітапшасының көшірмесін (төлнұсқа салыстыру үшін көрсетіледі);