Әлеуметтік-гуманитарлық факультеті
Факультет құрамында:
- Құқық және экономика, қоғамдық пәндер кафедрасы
- Қазақстан тарихы кафедрасы
- Өнер кафедрасы
- Қазақстан халықтары ассамблеясы кафедрасы
- Ежелгі өнер және технология мұражайы
2006 жылдың 30 тамызындағы Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтының Ғылыми кеңесі шешімімен (1949 жылы негізі қаланған) тарих және (1994 жылы негізі қаланған) өнер факультеттерінің біріктірілуінен тарих және өнер факультеті құрылды. 2017 жылдың 1 қыркүйегінен факультет атауы әлеуметтік-гуманитарлық болып өзгертілді.
Факультет келесі білім беру бағдарламалары бойынша мамандар даярлайды:
- Білім беру саласының коды және жіктелеуі: 6В01 Педагогикалық ғылымдар.
- Даярлау бағытының коды және жіктелеуі: 6В016 Гуманитарлық пәндер бойынша мұғалімдер даярлау.
- Білім беру бағдарламасының тобы: В015 Гуманитарлық пәндер бойынша мұғалімдер даярлау.
6В01602 «Тарих-дінтану»
- Білім беру саласының коды және жіктелеуі: 6В01 Педагогикалық ғылымдар.
- Даярлау бағытының коды және жіктелеуі: 6В016 Гуманитарлық пәндер бойынша мұғалімдер даярлау.
- Білім беру бағдарламасының тобы: В015 Гуманитарлық пәндер бойынша мұғалімдер даярлау.
6В01405 «Құқық және экономика негіздері»
- Білім беру саласының коды және жіктелеуі: 6В01 Педагогикалық ғылымдар.
- Даярлау бағытының коды және жіктелеуі: 6В014 Жалпы дамудың пәндік мамандандырылған мұғалімдерін даярлау.
- Білім беру бағдарламасының тобы: 6В01405 Құқық және экономика негіздері мұғалімдерін даярлау.
6В01408 «Құқық, кәсіпкерлік және бизнес негіздері»
- Білім беру саласының коды және жіктелеуі: 6В01 Педагогикалық ғылымдар.
- Даярлау бағытының коды және жіктелеуі: 6В014 Жалпы дамудың пәндік мамандандырылған мұғалімдерін даярлау.
- Білім беру бағдарламасының тобы: 6В01408 Құқық және экономика негіздері мұғалімдерін даярлау.
- Білім беру саласының коды мен жіктелуі: 6В01 Педагогикалық ғылымдар
- Дайындық бағыттарының коды мен жіктелуі: 6В014 Жалпы дамудың пәндік мамандандырылған мұғалімдерін даярлау
- Білім беру бағдарламаларының тобы: В006 музыка мұғалімдерін дайындау
6В01403 Визуалды өнер, көркем еңбек, графика және жобалау
- Білім беру саласының коды мен жіктелуі: 6В01 Педагогикалық ғылымдар
- Дайындау бағыттарының коды және жіктелуі: 6В014 Жалпы дамудың пәндік мамандандырылған мұғалімдерін даярлау
- Білім беру бағдарламаларының тобы: В007 Көркем еңбек және сызу мұғалімдерін дайындау
6В01403 Бейнелеу өнері және сызу
- Білім беру саласының коды мен жіктелуі: 6В01 Педагогикалық ғылымдар
- Дайындық бағыттарының коды мен жіктелуі: 6В014 Жалпы дамудың пәндік мамандандырылған мұғалімдерін даярлау
- Білім беру бағдарламаларының тобы: В007 Көркем еңбек және сызу мұғалімдерін дайындау.
7M01601 «Тарих» (магистратура)
- Білім беру саласының коды және жіктелеуі: 7М01 Педагогикалық ғылымдар.
- Даярлау бағытының коды және жіктелеуі: 7М016 Гуманитарлық пәндер бойынша мұғалімдер даярлау.
Факультетте І-ші Республикалық байқаудың лауреаты атанған студенттік хор; Халықаралық «Шабыт» байқауында бірнеше мәрте марапатқа ие болған студент суретшілер мен Көкшетау және Тараздағы тарихтан өткен студенттердің Республикалық олимпиядасында екі мәрте екінші орынды иеленген тарихшылардың командасы бар.
Факультет түлектері білім беру ісі мен мәдени салада өздерінің бәсекеге қабілетті кәсіби мамандар екенін көрсетуде.Қазір Қазақстан Республикасының әр түкпірінде осыфакультеттен базалық білім алған дарынды жастар еліміздің өркендеуі үшін еңбек етуде.
Оқу-әдістемелік жұмыс
Оқу процесінің сапасын, нәтижелілігін көтеру үшін әлеуметтік-гуманитарлық факультет оқу-әдістемелік жұмысты жақсартуғанегіз салып отырады.Әлеуметтік-гуманитарлық факультеттің оқу-әдістемелік жұмыстағы негізгі мақсаты оқу процесінің сапасын жақсартуға және нәтижесін көтеруге жағдай жасау болып табылады. Факультеттегі әдістемелік жұмыс бірнеше кешенді іс-шарадан тұрады:
- Оқу процесін оқу-әдістемелік құжаттармен қамтамасыз ету,
- Оқытушылардың педагогикалық шеберлігін арттыру, студенттің жеке жұмысы мен аудиториялық жұмысты жетілдіру.
Кафедралардың оқу жылына жоспарланған жоспары Әдістемелік бюро мен факультет Кеңесінің жұмыс жоспары негізінде ұйымдастырылып жүргізіледі. Бұл құжаттарда әдістемелік жұмыстың оқу жылындағы мақсаты мен міндеті айқындалып, ондағы негізгі іс-шаралардың орындалу уақыты мен жауаптылары көрсетіледі.
Отандық тарих ғылымының дамуына үлес қосқан академик М.Қ. Қозыбаев, ағартушы-ғалым Ғалихан Жантөрин, академик Зұлқарнай Алдамжар және тарих ғылымының докторы Васили Макотченко, мемлекет қайраткері Сейл Баймағамбетов, педагог ғалым Кенжекей Таскужинаға арналған аудиториялар бар. Осыған қоса, заманауи тұрғыда жабдықталған «Нistory Lab»
Оқу процесінде білім беру саласындағы жаңа технологиялар қолданылуда. Жыл сайын «Тарих» мамандығының студенттері мен оқытушылары археология-этнографиялық экспедицияларға шығып, мұрағат пен мұражай құжаттарымен танысады. Оқу-процесінде заманауи технологияның белсенді оқыту әдістері енгізіліп, видеолекциялар қолданылуда.
Ғылыми-зерттеу жұмысы
Факультетте ғылыми-зерттеушілік жұмыс келесі бағыттарда жүргізіледі:
- ҚР БҒМ қаржы-грант ғылыми жобаларындағы байқауға оқытушылардың қатысуы,
- Халықаралық, республикалық және аумақтық ғылыми-практикалық конференцияларға оқытушылардың қатысуы,
- ҚМПУ жоспарына сәйкес ғылыми монографиялар жариялау,
- Кафедраның ғылыми-зерттеу жұмысының тақырыптары аясында студенттерді ғылыми-зерттеу жұмыстарына тартып, олардың мақалаларын «ҚМПИ жаршысында», G-global және бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау,
- Диплом жұмыстарына ғылыми жетекшілік жасау,
- Студенттердің ғылыми жобаларына жетекшілік жасап, облыстық және республикалық байқауларға қатысу,
- ҚМПУ-да тарих пәні бойынша студенттердің қорытынды ғылыми конференциясы мен олимпиядасын өткізу, тарих пәнінен республикалық олимпиядаға студенттерді дайындау мен оған қатыстыру,
- Шет елдік басылымдарда импакт-фактор мақалаларын дайындау мен жариялау.
Тәрбие жұмысы
Факультеттің тәрбие жұмысы жоспары факультет Кеңесінің бірінші отырысында бекітіліп, ҚМПУ тәрбие жұмысының жоспары негізінде жүзеге асырылады.
Факультеттің тәрбие жұмысының ең басты мақсаты:
- Студенттердің жеке тұлға ретінде қалыптасуы, дамуы;
- Болашақ маманның кәсіби біліктілігін арттыру;
- Азаматтық позициясын қалыптастырып, өз елінің салт-дәстүрі мен тарихын сүйетін маман тәрбиелеу.
Тәрбие жұмысы келесі бағыттар бойынша жүзеге асырылады:
- Қоғамдық-саяси (патриотизммен азаматтықты қалыптастыру);
- Құқықтық тәрбие (студенттің міндеті мен құқығы, жастар арасында қылмыс пен заң бұзушылықтың алдын алу шаралары);
- Салауатты өмір салтын насихаттау;
- Рухани-адамгершілік тәрбие;
- Студенттік ұжымды қалыптастыру;
- Еңбек тәрбиесі;
- Эстетикалық тәрбие.
Факультеттің студеттері салауатты өмір салтын дамытуға бағытталған іс-шараларға белсенді қатысуда.