6B01406 Визуалды өнер, көркем еңбек, графика және жобалау
Білім беру саласының коды және атауы | 6B01 Педагогикалық ғылымдар |
Даярлау бағытының коды және атауы | 6В014 Жалпы дамудың пәндік мамандандырылған мұғалімдерін даярлау |
Білім беру бағдарламалары тобы | В007 Көркем еңбек және сызу мұғалімдерін даярлау |
Білім беру бағдарламасының атауы | 6В01406 Визуалды өнер, көркем еңбек, графика және жобалау |
ББ түрі | Инновациялық ББ |
ББ мақсаты | Пән саласында сапалы білімі бар бейнелеу өнері, графика және дизайн мұғалімдерін даярлау; аналитикалық, зерттеу және тілдік дағдылар; әрі қарай өздігінен білім алу және кәсіби білім, білік дағдыларын жетілдіру мүмкіндігі; көшбасшылық қасиеттер мен инновациялық ойлау |
ББХСЖ бойынша деңгейі | ББХСШ 6 |
ҰБШ бойынша деңгейі | ҰБШ 6 |
Оқу мерзімі / Оқыту нысаны | СБШ 6 (6.1) |
Оқу мерзімі / Оқыту нысаны | күндізгі – 4 жыл, күндізгі (техникалық және кәсіптік білім беру базасында) – 3 жыл, күндізгі (жоғары білім беру базасында) – 2 жыл |
Оқыту тілі | қазақ және орыс |
Кредит көлемі | 240 академиялық кредит / 240 ECTS |
Берілетін академиялық дәреже | «6В01406 Визуалды өнер, көркем еңбек, графика және жобалау» білім беру бағдарламасы бойынша білім бакалавры |
Кадрларды даярлау бағытына лицензияға қосымшаның болуы | № KZ08LAA00016062 Берілу кезі: 17.05.2019 |
ББ аккредиттеудің болуы | |
Аккредиттеу органының атауы | |
Аккредиттеудің қолданылу мерзімі | |
Түсу сынықтары | Оқуға түсушілер Қазақстан тарихы, математикалық сауаттылық, оқу сауаттылығы (оқыту тілі) және екі шығармашылық пән тапсырады. |
Кәсіби қызметтің көлемі
«6В01406 Визуалды өнер, көркем еңбек, графика және жобалау» білім беру бағдарламасы бойынша білім бакалавры өзінің кәсіптік қызметін білім саласында жүзеге асырады.
Кәсіби қызмет объектілері
«6В01406 Визуалды өнер, көркем еңбек, графика және жобалау» білім беру бағдарламасы бойынша білім бакалаврының кәсіби қызметінің объектілері болып табылады:
- меншік нысаны мен ведомстволық бағыныстылығына қарамастан, барлық үлгідегі және түрдегі орта білім беру ұйымдарындағы педагогикалық үдеріс;
- көркем бейіндегі және кәсіптік білім беру ұйымдарындағы педагогикалық процесс.
Кәсіптік қызметтің түрлері
«6В01406 Визуалды өнер, көркем еңбек, графика және жобалау» білім беру бағдарламасы бойынша бакалавр білімі төмендегідей кәсіби қызмет түрлерін орындай алады:
- білім беру (педагогикалық);·
- оқу-тәрбиелік;·
- оқу-технологиялық;·
- әлеуметтік-педагогикалық;·
- тәжірибиелік-зерттеу;·
- ұйымдастырушылық-басқарушылық;·
- ақпараттық-коммуникациялық.
Білім беру бағдарламасы бойынша оқыту нәтижелері:
- көптілді білім беру жағдайында бейнелеу өнері, көркем еңбек, графика және жобалау бойынша оқу үдерісін ұйымдастыруға қабілетті;
- бейнелеу өнерінің, көркем еңбектің, графиканың және жобалаудың теориялық негіздері бойынша білімді көрсете алады;
- экономикалық, құқықтық және экологиялық білім негіздерін, менеджмент, маркетинг, қаржы, адам өмір тіршілігінің қауіпсіздігі негіздерін меңгерген;
- әлеуметтік, шығармашылық, көркем-техникалық, дизайнерлік жобаларды құру дағдыларын меңгерген және нәтижелерді талдай алады;
- өзіндік жобалық және шығармашылық қызметті жүзеге асыруға дайын екендігін көрсетеді және тәжірибені беруге қабілетті;
- білім берудің жаңартылған мазмұны жағдайында бейнелеу өнеріне, көркем еңбекке, графикаға және жобалауға оқытудың стратегиялары мен технологияларын меңгерген;
- дизайн және технология саласында білім алушылардың білімін, іскерлігін және дағдыларын қалыптастыруға дайын;
- мемлекет дамуының басым бағыттарын және қоғамның әлеуметтік қажеттіліктерін ескере отырып, білім беру ортасын зерттейді.
Білім беру бағдарламасымен қалыптасатын негізгі құзыреттіліктер
- Коммуникативтік – Тіл модулі
- Іргелі математикалық, жаратылыстану-ғылыми және техникалық дайындық – Жаратылыстану-математикалық модуль
- Компьютерлік – Жаратылыстану-математикалық модуль
- Әлеуметтік-мәдени – Тарихи-философиялық білім беру және рухани жаңғыру модулі, Әлеуметтік-саясаттану білім модулі
- Кәсіпкерлік, экономикалық – Әлеуметтік-саясаттану білім модулі
- Кәсіби-педагогикалық – Инклюзивті білім берудегі технологиялар модулі, Кәсіби модуль
- Тұлғалық – Тарихи-философиялық білім беру және рухани жаңғыру модулі, Әлеуметтік-саясаттану білім модулі, Тіл модулі, Жаратылыстану-математикалық модуль, Іргелі даярлық модулі, Инклюзивті білім берудегі технологиялар модулі, Кәсіби модуль
- Арнайы (пәндік) – Іргелі даярлық модулі, Кәсіби модуль
Ө. Сұлтанғазин атындағы Университет, Әлеуметтік-гуманитарлық факультеті
Кафедра меңгерушісі, п.ғ.к. Сапиева М.С.
Мекен-жайы: Костанай қ., Тәуелсіздік көш. 118, 314 кабинет
Байланыс телефоны: 8 (7142) 54-69-56 (деканат), 54-58-74 ішкі 147 (кафедра)
Қабылдау комиссиясының телефоны: 8 (7142) 54-28-49.
Кафедра меңгерушісі, п.ғ.к. Сапиева М.С.
Мекен-жайы: Костанай қ., Тәуелсіздік көш. 118, 314 кабинет
Байланыс телефоны: 8 (7142) 54-69-56 (деканат), 54-58-74 ішкі 147 (кафедра)
Қабылдау комиссиясының телефоны: 8 (7142) 54-28-49.