6B01513 География-Биология
Білім беру саласының коды және атауы | 6B01 Педагогикалық ғылымдар |
Даярлау бағытының коды және атауы | 6В015 Жаратылыстану-ғылыми пәндері бойынша мұғалімдер даярлау |
Білім беру бағдарламалары тобы | В014 География мұғалімдерін даярлау |
Білім беру бағдарламасының атауы | 6В01513 География-Биология |
ББ түрі | Жаңа ББ |
ББ мақсаты | «География-Биология» білім беру бағдарламасын оқыту кезеңінде түлек жан - жақты дамыған, өзгермелі әлеуметтік-экономикалық жағдайларда шығармашылық әлеуетті іске асыруға қабілетті, кәсіби білімі, шеберлігі, дағдылары бар, АКТ арқылы үздіксіз білім алуға қабілетті негізгі құзыреттіліктерді игереді. |
ББХСЖ бойынша деңгейі | ББХСШ 6 |
ҰБШ бойынша деңгейі | ҰБШ 6 |
Оқу мерзімі / Оқыту нысаны | СБШ 6 (6.1) |
Оқу мерзімі / Оқыту нысаны | күндізгі – 4 жыл, күндізгі (техникалық және кәсіптік білім беру базасында) – 3 жыл, күндізгі (жоғары білім беру базасында) – 2 жыл |
Оқыту тілі | қазақ және орыс |
Кредит көлемі | 240 академиялық кредит / 240 ECTS |
Берілетін академиялық дәреже | «6В01513 География-Биология» білім беру бағдарламасы бойынша білім бакалавры |
Кадрларды даярлау бағытына лицензияға қосымшаның болуы |
№ KZ08LAA00016062 Берілу кезі: 17.05.2019 |
ББ аккредиттеудің болуы | |
Аккредиттеу органының атауы | |
Аккредиттеудің қолданылу мерзімі | |
Түсу сынықтары | Оқуға түсушілер Қазақстан тарихы, математикалық сауаттылық, оқу сауаттылығы (оқыту тілі) және екі негізгі пән - География мен Дүниежүзілік тарих бойынша ҰБТ тапсырады |
Кәсіби қызметтің көлемі
«6В01513 География-Биология» мамандығы бойынша білім бакалавры өз кәсіби қызметін білім беру саласында жүзеге асырады.
Кәсіби қызмет объектілері
Білім бағдарламасы бойынша «6В01513 География-Биология» мамандығы білім бакалаврының кәсіптік қызмет пәндері болып табылады:
- меншіктік және ведомостволық бағыныштылық түріне тәуелсіз барлық типтегі және түрдегі орта білім беру мекемелеріндегі педагогикалық үрдіс;
- техникалық және кәсіби білім беру ұйымдарындағы педагогикалық үрдіс.
Кәсіптік қызметтің түрлері
«6В01513 География-Биология мамандығы бойынша білім бакалавры келесі кәсіби қызмет түрлерін орындай алады:
- білім беру (педагогикалық);
- оқыту және тәрбиелеу;
- оқу-технологиялық;
- әлеуметтік-педагогикалық;
- эксперименталды және зерттеу;
- ұйымдастырушылық және басқарушылық;
- ақпараттық-коммуникациялық.
Білім беру бағдарламасы бойынша оқыту нәтижелері:
- бітіруші зерттеу қызметі арқылы жүзеге асырылатын география мен биологияның теориялық негіздері бойынша іргелі білімі бар;
- географияны оқытуда сараланған тәсілді ескере отырып, қысқа мерзімді сабақ жоспарын құрауы мүмкін;
- физикалық-, әлеуметтік-, саяси - және экономикалық-географиялық,сондай-ақ биологиялық зерттеулерді ұйымдастыруда талдау және бағалау дағдыларын меңгерген;
- географиялық және биологиялық экспериментті ұйымдастыру, қою және талдау; топографиялық түсірулерді жүргізу, рельеф формаларын анықтау, мектепте тау жыныстары мен минералдарды сәйкестендіру дағдыларын меңгерген;
- акт қолдана отырып, жаңартылған білім беру мазмұны бағдарламасының талаптарына сәйкес география мен биологияны оқытуда кәсіби шеберлігін көрсетеді;
- оқушылардың жас және жеке қабілеттерін есепке ала алады; этномәдени және моральдық құндылықтарды ескере отырып, оқыту процесін түрлендіреді және модельдейді;
- пәнді түрлендіру арқылы мемлекеттік бағдарламалар арқылы білім алушылардың дүниетанымын кеңейтеді;
- бағалаудың әр түрлі санаттарын, соның ішінде кәсіби қызметті объективті дәлелдеу дағдыларын меңгерген.
Білім беру бағдарламасымен қалыптасатын негізгі құзыреттіліктер
- Коммуникативтік – Тіл модулі
- Іргелі математикалық, жаратылыстану-ғылыми және техникалық дайындық – Жаратылыстану-математикалық модуль
- Компьютерлік – Жаратылыстану-математикалық модуль
- Әлеуметтік-мәдени – Тарихи-философиялық білім беру және рухани жаңғыру модулі, Әлеуметтік-саясаттану білім модулі
- Кәсіпкерлік, экономикалық – Әлеуметтік-саясаттану білім модулі
- Кәсіби-педагогикалық – Инклюзивті білім берудегі технологиялар модулі, Кәсіби модуль
- Тұлғалық – Тарихи-философиялық білім беру және рухани жаңғыру модулі, Әлеуметтік-саясаттану білім модулі, Тіл модулі, Жаратылыстану-математикалық модуль, Іргелі даярлық модулі, Инклюзивті білім берудегі технологиялар модулі, Кәсіби модуль
- Арнайы (пәндік) – Іргелі даярлық модулі, Кәсіби модуль
Ө. Сұлтанғазин атындағы Университет, ЖМФ
м.а. кафедра меңгерушісі педагогикалық білім магистрі Баубекова Г.К.
Мекен - жайы: Қостанай қ. , Тәуелсіздік көшесі 118, 712 кабинет
Телефон: 8 (7142) 54-25-89 (деканат), 54-24-09 вн 222 (кафедра)
Қабылдау комиссиясының телефондары: 8 (7142) 54-28-49.
м.а. кафедра меңгерушісі педагогикалық білім магистрі Баубекова Г.К.
Мекен - жайы: Қостанай қ. , Тәуелсіздік көшесі 118, 712 кабинет
Телефон: 8 (7142) 54-25-89 (деканат), 54-24-09 вн 222 (кафедра)
Қабылдау комиссиясының телефондары: 8 (7142) 54-28-49.