6B01504 Химия
Білім беру саласының коды және атауы | 6B01 Педагогикалық ғылымдар |
Даярлау бағытының коды және атауы | 6В015 Жаратылыстану-ғылыми пәндері бойынша мұғалімдер даярлау |
Білім беру бағдарламалары тобы | В012 Химия мұғалімдерін даярлау |
Білім беру бағдарламасының атауы | 6В01504 Химия |
ББ түрі | Қолданыстағы ББ |
ББ мақсаты | "Химия" білім беру бағдарламасын оқыту кезеңінде түлек жан - жақты дамыған, өзгермелі әлеуметтік-экономикалық жағдайларда шығармашылық әлеуетті іске асыруға қабілетті, кәсіби білімі, шеберлігі, дағдылары бар, АКТ арқылы үздіксіз білім алуға қабілетті негізгі құзыреттіліктерді игереді. |
ББХСЖ бойынша деңгейі | ББХСШ 6 |
ҰБШ бойынша деңгейі | ҰБШ 6 |
Оқу мерзімі / Оқыту нысаны | СБШ 6 (6.1) |
Оқу мерзімі / Оқыту нысаны | күндізгі – 4 жыл, күндізгі (техникалық және кәсіптік білім беру базасында) – 3 жыл, күндізгі (жоғары білім беру базасында) – 2 жыл |
Оқыту тілі | қазақ және орыс |
Кредит көлемі | 240 академиялық кредит / 240 ECTS |
Берілетін академиялық дәреже | «6В01504 Химия » білім беру бағдарламасы бойынша білім бакалавры |
Кадрларды даярлау бағытына лицензияға қосымшаның болуы | № KZ08LAA00016062 Берілу кезі: 17.05.2019 |
ББ аккредиттеудің болуы | Бар |
Аккредиттеу органының атауы | «Білім сапасын қамтамасыздандыру бойынша тәуелсіз агенттігі» мемлекеттік емес мекемесі |
Аккредиттеудің қолданылу мерзімі | 08.11.2014 г. – 07.11.2019 г. |
Түсу сынықтары | Оқуға түсушілер Қазақстан тарихы, математикалық сауаттылық, оқу сауаттылығы (оқыту тілі) және екі негізгі пән - Химия мен Биология бойынша ҰБТ тапсырады |
Кәсіби қызметтің көлемі
«6В01504 Химия» білім бакалавры өз кәсіби қызметін білім беру саласында жүзеге асырады.
Кәсіби қызмет объектілері
«6В01504 Химия» білім бакалавры кәсіби қызметінің нысандары:
- меншіктік және ведомстволық бағыныштылық түріне тәуелсіз барлық типтегі және түрдегі орта білім беру мекемелеріндегі педагогикалық үрдіс;
- техникалық және кәсіби білім беру ұйымдарындағы педагогикалық үрдіс.
Кәсіптік қызметтің түрлері
«6В01504 Химия» білім бакалавры келесі кәсіби қызмет түрлерін орындай алады:
- білім беру (педагогикалық);
- оқыту және тәрбиелеу;
- оқу-технологиялық;
- әлеуметтік-педагогикалық;
- эксперименталды және зерттеу;
- ұйымдастырушылық және басқарушылық;
- ақпарат және байланыс.
Білім беру бағдарламасы бойынша оқыту нәтижелері:
- қазіргі кездегі химия және шекаралас пәндер облысында түпкілікті білімі бар;
- пән бойынша білімін мектептегі сабақты ұйымдастыруға және өткізуге пайдаланады;
- эксперименттік және есептеу әдістерін, ғылыми-оқу құрал-жабдықтарын, АКТ-ны пайдалану арқылы оқытуды және зерттеулерді жүргізеді;
- химиялық және педагогикалық объектілерді талдайды, зерттеулер нәтижелеріне ғылыми және әлеуметтік баға бере алады;
- инновациялық білім беру технологияларын пән мазмұнымен ұштастыра отырып, оқыту процесін жүргізеді;
- дифференциациялау әдісін, мәдени және адамгершілік құндылықтарды ескере отырып, оқу-тәрбие процесін модельдейді;
- философиялық білім негіздерін меңгерген, мемлекеттік құндылықтар мен артықшылықтарға сүйене отырып, білім алушылардың көзқарасын қалыптастырады;
- заманауи педагогикалық стратегиялар негізінде жаңартылған мазмұнды білім беру бағдарламасын жүзеге асырады, сын және шығармашылық тұрғыдан ойлайды, рефлексияны жүзеге асырады, өзінің оыту жұмысына баға бере алады
Білім беру бағдарламасымен қалыптасатын негізгі құзыреттіліктер
- Коммуникативтік – Тіл модулі
- Іргелі математикалық, жаратылыстану-ғылыми және техникалық дайындық – Жаратылыстану-математикалық модуль
- Компьютерлік – Жаратылыстану-математикалық модуль
- Әлеуметтік-мәдени – Тарихи-философиялық білім беру және рухани жаңғыру модулі, Әлеуметтік-саясаттану білім модулі
- Кәсіпкерлік, экономикалық – Әлеуметтік-саясаттану білім модулі
- Кәсіби-педагогикалық – Инклюзивті білім берудегі технологиялар модулі, Кәсіби модуль
- Тұлғалық – Тарихи-философиялық білім беру және рухани жаңғыру модулі, Әлеуметтік-саясаттану білім модулі, Тіл модулі, Жаратылыстану-математикалық модуль, Іргелі даярлық модулі, Инклюзивті білім берудегі технологиялар модулі, Кәсіби модуль
- Арнайы (пәндік) – Іргелі даярлық модулі, Кәсіби модуль
Ө. Сұлтанғазин атындағы Университет, ЖМФ
м.а. кафедра меңгерушісі педагогикалық білім магистрі Баубекова Г.К.
Мекен - жайы: Қостанай қ. , Тәуелсіздік көшесі 118, 712 кабинет
Телефон: 8 (7142) 54-25-89 (деканат), 54-24-09 вн 222 (кафедра)
Қабылдау комиссиясының телефондары: 8 (7142) 54-28-49.
м.а. кафедра меңгерушісі педагогикалық білім магистрі Баубекова Г.К.
Мекен - жайы: Қостанай қ. , Тәуелсіздік көшесі 118, 712 кабинет
Телефон: 8 (7142) 54-25-89 (деканат), 54-24-09 вн 222 (кафедра)
Қабылдау комиссиясының телефондары: 8 (7142) 54-28-49.