6B01601 Тарих

Білім беру саласының коды және атауы 6B01 Педагогикалық ғылымдар
Даярлау бағытының коды және атауы 6В016 Гуманитарлық пәндер бойынша мұғалімдер даярлау
Білім беру бағдарламалары тобы В015 Гуманитарлық пәндер бойынша мұғалімдер даярлау
Білім беру бағдарламасының атауы 6В01601 Тарих
ББ түрі Қолданыстағы ББ
ББ мақсаты Жеке тұлғалық,іргелі, әлеуметтік, тілдік, мәдени, кәсіпкерлік, экономикалық, компьютерлік, кәсіби, арнайы, оқу құзыреттіліктерінің түрлері бар және оқыту, тәрбиелеу, әдістемелік, зерттеу, әлеуметтік-коммуникативтік еңбек функцияларын тиімді орындауға қабілетті жоғары білікті тарих мұғалімін дайындау.
ББХСЖ бойынша деңгейі ББХСШ 6
ҰБШ бойынша деңгейі ҰБШ 6
Оқу мерзімі  /  Оқыту нысаны СБШ 6 (6.1)
Оқу мерзімі  /  Оқыту нысаны күндізгі – 4 жыл, күндізгі (техникалық және кәсіптік білім беру  базасында)  – 3 жыл, күндізгі (жоғары білім беру базасында) – 2 жыл
Оқыту тілі қазақ және орыс 
Кредит көлемі 240 академиялық кредит / 240 ECTS
Берілетін академиялық дәреже «6В01601 Тарих» білім беру бағдарламасы бойынша білім бакалавры
Кадрларды даярлау бағытына лицензияға қосымшаның болуы № KZ08LAA00016062 Берілу кезі: 17.05.2019
ББ аккредиттеудің болуы  Бар
Аккредиттеу органының атауы  Білім сапасын қамтамасыздандыру бойынша тәуелсіз агенттігі» мемлекеттік емес мекемесі
Аккредиттеудің қолданылу мерзімі  08.11.2014 ж. – 07.11.2019 ж.
Түсу сынықтары Оқуға түсушілер Қазақстан тарихы, математикалық сауаттылық, оқу сауаттылығы (оқыту тілі) және екі негізгі пән - Дүниежүзілік тарих тарих мен География бойынша ҰБТ тапсырады

Кәсіби қызметтің көлемі

«6В01601 Тарих» бакалаврының кәсіби қызметінің саласы – мектеп, арнайы орта білім, мемлекеттік немесе жеке білім беру мекемелерінің (лицей, гимназия,колледж) оқу тәрбие процесі.

Кәсіби қызмет объектілері

Тарих мамандығындағы бакалаврдың кәсіби қызметінің объектілері орта немесе орта білімнен кейінгі (лицей, колледж,гимназиялар) білім беру мекемелері. Сонымен қатар кәсіби қызметінің объектілері ғылыми зерттеу институттары мен ұйымдары, біліктілікті арттыру институттары, кітапханалар, әдістемелік кабинеттер.

Кәсіптік қызметтің түрлері

«6В01601 Тарих» білім беру бағдарламасы бойынша білім алатын бакалавр келесі кәсіби қызмет түрлерін атқара алады:

  • ұйымдастырушылық және технологиялық (тарихты және гуманитарлық циклдағы бірқатар пәндерді оқыту әдістерін жинақтау және жүзеге асыру; жалпы білім беру, мектепке дейінгі, колледждерде оқу үдерісінің дамуында инновациялық әдістер мен оқыту нысандарын енгізу);
  • өндірістік – басқарушылық (әдіскер-тарихшы, орта білім, арнайы білім беру ұйымдарының басшысы);
  • жобалық (жалпы білім беру бағдарламаларын жалпы білім беру түріне бейімдеу, мектепке дейінгі және мектеп  білім беру ұйымдарына; лицейлердің, колледждердің студенттері үшін білім беру және жоспарларын әзірлеу және енгізу);
  • ғылыми-зерттеу (гуманитарлық пәндер циклы, тарихи өлкетану, аударма ісі, оқу үрдісінің ерекшеліктерін зерттеу);
  • педагогикалық;
  • мәдени-ағартушылық, Қазақстан халқының мәдениетін, салт-дәстүрлерімен маңызды идеяларды жетілдіру, дамыту және қолдау;
  • Қазақстан Республикасының мәдени тарихын бұқаралық – ақпарат құралдары арқылы насихаттау, қоғамға қызмет ету. 

Білім беру бағдарламасы бойынша оқыту нәтижелері:

  • әлемдік тарихи процестің жалпы көрінісін білу;
  • оқиғалар мен құбылыстарды тарихи өткен жалпы парадигма әлемдік-тарихи даму адамзат қоғамының арқылы сыни талдау арқылы сәйкестендіруі;
  • уақыт пен кеңістіктегі оқиғалардың себептері мен салдарларын тарихи сипаттау мен талдаудың тәсілдерін меңгеру;
  • тарихи және дәлелді  ақпаратты талдау негізінде қазіргі заманғы проблемаларға ықтимал шешімдерді ұсынады;
  • тарихи талдау және қорыту әдістерін қолдану;
  • әр түрлі бастапқы және қайталама, тарихи және пәнаралық ресурстарды пайдалана отырып, тарихи мәселеге негізделген бірегей зерттеу жобасын дайындау;
  • мәселелерді, оқиғаларды, идеяларды және теорияларды әр түрлі интерпретациялау қабілетін көрсете отырып, тарихтың әртүрлі кезеңдерінің мәселелерін, оқиғаларын, идеяларын және теорияларын сыни бағалау;
  • қазіргі қоғамның өзара түсіністігі, төзімділігі мен демократиялық құндылықтары басымдықтарында өзінің азаматтық ұстанымын қалыптастыру.

Білім беру бағдарламасымен қалыптасатын негізгі құзыреттіліктер

  • Коммуникативтік – Тіл модулі
  • Іргелі математикалық, жаратылыстану-ғылыми және техникалық дайындық – Жаратылыстану-математикалық модуль
  • Компьютерлік – Жаратылыстану-математикалық модуль
  • Әлеуметтік-мәдени – Тарихи-философиялық білім беру және рухани жаңғыру модулі, Әлеуметтік-саясаттану білім модулі
  • Кәсіпкерлік, экономикалық – Әлеуметтік-саясаттану білім модулі
  • Кәсіби-педагогикалық – Инклюзивті білім берудегі технологиялар модулі, Кәсіби модуль
  • Тұлғалық – Тарихи-философиялық білім беру және рухани жаңғыру модулі, Әлеуметтік-саясаттану білім модулі, Тіл модулі, Жаратылыстану-математикалық модуль, Іргелі даярлық модулі, Инклюзивті білім берудегі технологиялар модулі, Кәсіби модуль
  • Арнайы (пәндік) – Іргелі даярлық модулі, Кәсіби модуль

Жоғары білім беруді басқарудың бірыңғай жүйесінің (ESUVO) тізіліміндегі білім беру бағдарламаларына сілтеме

Ө. Сұлтанғазин атындағы Университет, ӘГФ
Кафедра меңгерушісі, доктор PhD (тарих) Байдалы Р. Ж.
Мекен-жайы: Костанай қ., Тәуелсіздік көш. 118, 207 кабинет
Байланыс телефоны: 8 (7142) 54-69-56 (деканат), 54-58-74 ішкі 142 (кафедра)
Қабылдау комиссиясының телефоны: 8 (7142) 54-28-49.

Біздің мекен жайымыз

110000, Қостанай қаласы,
Тәуелсіздік көшесі 118

  • Тел./факс: +7 (7142) 51-11-57

Біз әлеуметтік желідеміз

Вы здесь: Главная Білім беру бағдарламалары Бакалавриат 6B01601 Тарих