6B01407 Кəсіптік оқыту, көркем еңбек және жобалау
Білім беру саласының коды және атауы | 6B01 Педагогикалық ғылымдар |
Даярлау бағытының коды және атауы | 6В014 Жалпы дамудың пәндік мамандандырылған мұғалімдерін даярлау |
Білім беру бағдарламалары тобы | В007 Көркем еңбек және сызу мұғалімдерін даярлау |
Білім беру бағдарламасының атауы | 6В01407 Кəсіптік оқыту, көркем еңбек және жобалау |
ББ түрі | Инновациялық ББ |
ББ мақсаты | Арнайы және жалпы техникалық пәндердің жоғары білікті оқытушысы және жоғары әлеуметтік және азаматтық жауапкершілігі бар көркем еңбек пәнінің оқытушыларын дайындау |
ББХСЖ бойынша деңгейі | ББХСШ 6 |
ҰБШ бойынша деңгейі | ҰБШ 6 |
Оқу мерзімі / Оқыту нысаны | СБШ 6 (6.1) |
Оқу мерзімі / Оқыту нысаны | күндізгі – 4 жыл, күндізгі (техникалық және кәсіптік білім беру базасында) – 3 жыл, күндізгі (жоғары білім беру базасында) – 2 жыл |
Оқыту тілі | қазақ және орыс |
Кредит көлемі | 240 академиялық кредит / 240 ECTS |
Берілетін академиялық дәреже | «6В01407 Кәсіптік оқыту, көркем еңбек және жобалау» білім беру бағдарламасы бойынша білім бакалавры |
Кадрларды даярлау бағытына лицензияға қосымшаның болуы | № KZ08LAA00016062 Берілу кезі: 17.05.2019 |
ББ аккредиттеудің болуы | |
Аккредиттеу органының атауы | |
Аккредиттеудің қолданылу мерзімі | |
Түсу сынықтары | Оқуға түсушілер Қазақстан тарихы, математикалық сауаттылық, оқу сауаттылығы (оқыту тілі) және екі шығармашылық пән тапсырады. |
Кәсіби қызметтің көлемі
«6В01407 Кəсіптік оқыту, көркем еңбек және жобалау» бакалавры өз кәсіби қызметін білім беру саласында жүзеге асырады.
Кәсіби қызмет объектілері
«6В01407 Кəсіптік оқыту, көркем еңбек және жобалау» кәсібилік обьектісі болып табылады:
- меншік нысанына және ведомстволық бағыныстылығына қарамастан, барлық типтегі және түрдегі орта білім беру ұйымдарындағы педагогикалық үрдіс;
- техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарындағы педагогикалық үрдіс.
Кәсіптік қызметтің түрлері
«6В01407 Кəсіптік оқыту, көркем еңбек және жобалау» білім беру бағдарламасы бакалаврының кәсіптік қызметінің келесі түрлерін орындайды;
- білім беру (педагогикалық);
- оқу-тәрбиелік;
- оқу - технологиялық;
- әлеуметтік - педагогикалық;
- эксперименттік - зерттеулік;
- ұйымдастырушылық - басқарушылық;
- ақпараттық-коммуникациялық.
Білім беру бағдарламасы бойынша оқыту нәтижелері:
- оқытудың жаңа технологиялары мен принциптерін қолдана отырып, көркем еңбек және арнайы пәндер бойынша оқу процесін ұйымдастыруға қабілетті
- машинатанудың теориялық негіздері; конструкциялық, тоқыма және басқа материалдардың қасиеттері бойынша білімді таратуға қабілетті.
- технологиялық құжаттаманы жасау, оның ішінде компьютерлік технологияларды пайдалану бойынша дағдыларды қалыптастыру тәсілдерін меңгерген.
- әлеуметтік, ғылыми-техникалық, дизайнерлік жобаларды енгізу нәтижелерін әзірлейді және талдайды.
- оқу ақпаратын тарату кезінде дәстүрлі емес энергия көздерінің әрекет ету принциптері мен алуан түрлілігін қорытады.
- оқушылардың конструкциялық және басқа да материалдарды өңдеу бойынша дағдыларын қалыптастыру үшін алдыңғы қатарлы салалық технологиялар туралы ақпаратты талдайды.
- еңбекті қорғау және ғылыми ұйымдастыру талаптарын біледі және сақтайды; өндірістік шеберханалардағы жұмыс орындарын ұтымды ұйымдастыру дағдыларына ие.
- нарықтық экономиканың негіздерін біледі; өндірістік бизнес жобалауға қабілетті; бизнес аймағында және білім беру саласы бойынша жарнамалық өнімдерді өңдей алады.
Білім беру бағдарламасымен қалыптасатын негізгі құзыреттіліктер
- Коммуникативтік – Тіл модулі
- Іргелі математикалық, жаратылыстану-ғылыми және техникалық дайындық – Жаратылыстану-математикалық модуль
- Компьютерлік – Жаратылыстану-математикалық модуль
- Әлеуметтік-мәдени – Тарихи-философиялық білім беру және рухани жаңғыру модулі, Әлеуметтік-саясаттану білім модулі
- Кәсіпкерлік, экономикалық – Әлеуметтік-саясаттану білім модулі
- Кәсіби-педагогикалық – Инклюзивті білім берудегі технологиялар модулі, Кәсіби модуль
- Тұлғалық – Тарихи-философиялық білім беру және рухани жаңғыру модулі, Әлеуметтік-саясаттану білім модулі, Тіл модулі, Жаратылыстану-математикалық модуль, Іргелі даярлық модулі, Инклюзивті білім берудегі технологиялар модулі, Кәсіби модуль
- Арнайы (пәндік) – Іргелі даярлық модулі, Кәсіби модуль
Ө. Сұлтанғазин атындағы Университет, Әлеуметтік-гуманитарлық факультеті
Кафедра меңгерушісі, п.ғ.к. Сапиева М.С.
Мекен-жайы: Костанай қ., Тәуелсіздік көш. 118, 314 кабинет
Байланыс телефоны: 8 (7142) 54-69-56 (деканат), 54-58-74 ішкі 147 (кафедра)
Қабылдау комиссиясының телефоны: 8 (7142) 54-28-49.