6B01701 Қазақ тілі мен əдебиеті
Білім беру саласының коды және атауы | 6B01 Педагогикалық ғылымдар |
Даярлау бағытының коды және атауы | 6В017 Тілдер және әдебиет бойынша мұғалімдерді даярлау |
Білім беру бағдарламалары тобы | В016 Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдерін даярлау |
Білім беру бағдарламасының атауы | 6В01701 Қазақ тілі мен əдебиеті |
ББ түрі | Қолданыстағы ББ |
ББ мақсаты | Тіл мен әдебиет саласында жүйелі білім қалыптастыра алатын,оқу үрдісін заманауи талаптарға сәйкес деңгейде ұйымдастыру қабілетіне ие,ғылыми зерттеулерді,жобалық жұмыстарды, жүзеге асыра алатын қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімін дайындау. |
ББХСЖ бойынша деңгейі | ББХСШ 6 |
ҰБШ бойынша деңгейі | ҰБШ 6 |
Оқу мерзімі / Оқыту нысаны | СБШ 6 (6.1) |
Оқу мерзімі / Оқыту нысаны | күндізгі – 4 жыл, күндізгі (техникалық және кәсіптік білім беру базасында) – 3 жыл, күндізгі (жоғары білім беру базасында) – 2 жыл |
Оқыту тілі | қазақ |
Кредит көлемі | 240 академиялық кредит / 240 ECTS |
Берілетін академиялық дәреже | «6В01701 Қазақ тілі мен əдебиеті» білім беру бағдарламасы бойынша білім бакалавры |
Кадрларды даярлау бағытына лицензияға қосымшаның болуы | №KZ08LAA00016062 Берілу кезі : 17.05.2019 |
ББ аккредиттеудің болуы | Бар |
Аккредиттеу органының атауы | «Білім сапасын қамтамасыздандыру бойынша тәуелсіз агенттігі» мемлекеттік емес мекемесі |
Аккредиттеудің қолданылу мерзімі | 08.11.2014 г. – 07.11.2019 г. |
Түсу сынықтары | Оқуға түсушілер Қазақстан тарихы, математикалық сауаттылық, оқу сауаттылығы (оқыту тілі) және екі негізгі пән - қазақ тілі мен қазақ әдебиеті бойынша ҰБТ тапсырады |
Кәсіби қызметтің көлемі
«6В01701 Қазақ тілі мен әдебиеті» білім беру бағдарламасыбойынша білім бакалавры өз кәсіби қызметін білім беру саласында жүзеге асырады.
Кәсіби қызмет объектілері
«6В01701 Қазақ тілі мен әдебиеті » білім беру бағдарламасы бойынша білім бакалавры кәсіби қызметінің нысандары:
- меншіктік және ведомостволық бағыныштылық түріне тәуелсіз барлық типтегі және түрдегі орта білім беру мекемелеріндегі педагогикалық үрдіс;
- техникалық және кәсіби білім беру ұйымдарындағы педагогикалық үрдіс.
- жалпы білім беру және бейіндік мектептер;
- мамандандырылған мектептер;
- орта (гимназиялар, лицейлер) және арнаулы орта (колледждер) оқу орындары;
- ғылыми-зерттеу мекемелері;
- баспа ісінің қызметкері;
- мамандықтың профилімен сәйкес келетін басқа да нысандар бола алады;
- мемлекеттік басқару мекемелері.
Кәсіптік қызметтің түрлері
«6В01701 Қазақ тілі мен әдебиеті » білім беру бағдарламасы бойынша білім бакалавры келесі кәсіби қызмет түрлерін орындай алады:
- білім беру (педагогикалық);
- оқыту және тәрбиелеу;
- оқу-технологиялық;
- әлеуметтік-педагогикалық;
- эксперименталды және зерттеу;
- ұйымдастырушылық және басқарушылық;
- ақпарат және байланыс.
- әртүрлі білім беру мекемелерінде (мектеп, лицей, гимназия, колледж және т.б..);
- білім беру мекемелерінде оқу-әдістемелік үрдісті ұйымдастыру жұмыстарын жүзеге асыру;
Ұйымдастыру-басқару:
- әртүрлі деңгейдегі мемлекеттік құрылымдардағы (білім бөлімдері) өндірістік-басқарушылық қызмет;
- білім беруді басқару саласындағы ұйымдастыру-әкімшілік жұмыстары
Баспа ісі:
- баспа саласында редакторлық және корректорлық жұмыстар;
- газет-журнал редакцияларында қызмет ету;
Іс қағаздарын жүргізу:
- білім беру, мәдениет, басқару мекемелерінде, БАҚ-та, мәдениетаралық қатынас саласында және әлеуметтік-гуманитарлық қызметтің басқа да салаларында ресми-іскерлік құжаттармен қамтамасыз ету.
Аударма ісі:
- әлеуметтік-гуманитарлық қызметтің басқа да салаларында ауызша және жазбаша аудармаларды жүзеге асыру.
Білім беру бағдарламасы бойынша оқыту нәтижелері:
- қазақ тілі мен әдебиетін оқытуда негізгі терминдердің мәнін, маңызды әдеби-тарихи тұлғалардың өмірі мен шығармашылығын, оқытудың құрылымы мен мазмұнын, мектептегі жобалау,зерттеу жұмыстарының инновациялық әдістерін біледі және түсінеді.қазақ тілі мен әдебиетін оқытудың тиімді стратегияларын меңгерген, болашақ мамандығы бойынша тілдік дағдыларды эссе жазуда, көркем мәтінге филологиялық талдау жасауда шығармашылық түрде қолдана біледі.
- жаңартылған орта білім беру мазмұны жағдайында қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімінің жұмыс істеу дағдыларын қолданады.
- білім беру ұйымдарында қазақ тілі мен әдебиетін оқытуда академиялық жазу дағдыларын меңгертіп, кәсіби құзыреттерді пайдаланады.
- түрлі оқу мақсатындағы әртүрлі аудиториямен тиімді және шығармашылық қарым-қатынас жасау үшін ауызша, жазбаша және визуалды сөйлеу дағдыларын дамытады.
- білім алушылардың оқыту нәтижелерін талдайды және критериалды бағалау жүйесі негізінде, қазақ тілі мен әдебиеті бойынша оқу жетістіктерін бағалайды, қөркем мәтінге филологиялық талдау жасаудың, эссе, шығарма жазудың, тарихи-әдеби тұлғалардың үлгісі ретінде қазақстандық патриотизм дағдыларын үйрете алады.
- рефлексивті дағдыларды қолдану негізінде өзінің педагогикалық қызметінің нәтижелерін, нарықтық зерттеулерді, мемлекеттік стартап-жоба жетістіктерін, өз өлкесінің құндылықтарын бағалайды, еңбек, қаржы, кәсіпкерлік, отбасы құқықтарын біледі.
- қазақ тілі мен әдебиетін оқыту мен оқытуда инновациялық тәсілдерді (оның ішінде акт-технологиялар) қолдану арқылы өздігінен кәсіби білім ала отырып көшбасшылық және педагогикалық шеберлік дағдыларын дамытады.
Білім беру бағдарламасымен қалыптасатын негізгі құзыреттіліктер
- Коммуникативтік – Тіл модулі
- Іргелі математикалық, жаратылыстану-ғылыми және техникалық дайындық – Жаратылыстану-математикалық модуль
- Компьютерлік – Жаратылыстану-математикалық модуль
- Әлеуметтік-мәдени – Тарихи-философиялық білім беру және рухани жаңғыру модулі, Әлеуметтік-саясаттану білім модулі
- Кәсіпкерлік, экономикалық – Әлеуметтік-саясаттану білім модулі
- Кәсіби-педагогикалық – Инклюзивті білім берудегі технологиялар модулі, Кәсіби модуль
- Тұлғалық – Тарихи-философиялық білім беру және рухани жаңғыру модулі, Әлеуметтік-саясаттану білім модулі, Тіл модулі, Жаратылыстану-математикалық модуль, Іргелі даярлық модулі, Инклюзивті білім берудегі технологиялар модулі, Кәсіби модуль
- Арнайы (пәндік) – Іргелі даярлық модулі, Кәсіби модуль
ҚМПУ, филология департаменті
ББ жетекшісі, гуманитарлық ғылымдар магистрі Т.Т. Сейсембай
Мекен-жайы: Костанай қ., Тәуелсіздік көш. 118, 523 кабинет
Байланыс телефоны: 8 (7142) 53-26-19; (ішкі тел. 128)
Қабылдау комиссиясының телефоны: 8 (7142) 54-28-49.
ББ жетекшісі, гуманитарлық ғылымдар магистрі Т.Т. Сейсембай
Мекен-жайы: Костанай қ., Тәуелсіздік көш. 118, 523 кабинет
Байланыс телефоны: 8 (7142) 53-26-19; (ішкі тел. 128)
Қабылдау комиссиясының телефоны: 8 (7142) 54-28-49.