6B01403 Бейнелеу өнері жəне сызу
Білім беру саласының коды және атауы | 6B01 Педагогикалық ғылымдар |
Даярлау бағытының коды және атауы | 6В014 Жалпы дамудың пәндік мамандандырылған мұғалімдерін даярлау |
Білім беру бағдарламалары тобы | В007 Көркем еңбек және сызу мұғалімдерін даярлау |
Білім беру бағдарламасының атауы | 6В01403 Бейнелеу өнері жəне сызу |
ББ түрі | Қолданыстағы ББ |
ББ мақсаты | Жеке тұлғалық, іргелі, әлеуметтік, тілдік, мәдени, кәсіпкерлік, экономикалық, компьютерлік, кәсіби, арнайы, оқу құзыреттіліктерінің түрлері бар және оқыту, тәрбиелеу, әдістемелік, зерттеу, әлеуметтік-коммуникативтік еңбек функцияларын тиімді орындауға қабілетті жоғары білікті бейнелеу өнері және сызу мұғалімін даярлау |
ББХСЖ бойынша деңгейі | ББХСШ 6 |
ҰБШ бойынша деңгейі | ҰБШ 6 |
Оқу мерзімі / Оқыту нысаны | СБШ 6 (6.1) |
Оқу мерзімі / Оқыту нысаны | күндізгі – 4 жыл, күндізгі (техникалық және кәсіптік білім беру базасында) – 3 жыл, күндізгі (жоғары білім беру базасында) – 2 жыл |
Оқыту тілі | қазақ және орыс |
Кредит көлемі | 240 академиялық кредит / 240 ECTS |
Берілетін академиялық дәреже | «6В01403 Бейнелеу өнері жəне сызу» білім беру бағдарламасы бойынша білім бакалавры |
Кадрларды даярлау бағытына лицензияға қосымшаның болуы | № KZ08LAA00016062 Берілу кезі: 17.05.2019 |
ББ аккредиттеудің болуы | Бар |
Аккредиттеу органының атауы | «Білім сапасын қамтамасыздандыру бойынша тәуелсіз агенттігі» мемлекеттік емес мекемесі |
Аккредиттеудің қолданылу мерзімі | 08.11.2014 г. – 07.11.2019 г. |
Түсу сынықтары | Оқуға түсушілер Қазақстан тарихы, математикалық сауаттылық, оқу сауаттылығы (оқыту тілі) және екі шығармашылық пән тапсырады. |
Кәсіби қызметтің көлемі
«6В01403 Бейнелеу өнері жəне сызу» мамандығы бойынша білім бакалавры өзінің кәсіптік қызметін білім саласында жүзеге асырады.
Кәсіби қызмет объектілері
«6В01403 Бейнелеу өнері жəне сызу» мамандығы бойынша білім бакалаврының кәсіби қызметінің объектілері болып табылады:
- меншік нысаны мен ведомстволық бағыныстылығына қарамастан, барлық үлгідегі және түрдегі орта білім беру ұйымдарындағы педагогикалық үдеріс;
- көркем бейіндегі және кәсіптік білім беру ұйымдарындағы педагогикалық процесс.
Кәсіптік қызметтің түрлері
«6В01403 Бейнелеу өнері жəне сызу» білім беру бағдарламасы бойынша бакалавр білімі төмендегідей кәсіби қызмет түрлерін орындай алады:
- білім беру (педагогикалық);
- оқу-тәрбиелік;
- оқу-технологиялық;
- әлеуметтік-педагогикалық;
- эксперименталды-зерттеу жұмысы;
- ұйымдастырушы-басқарушылық;
- ақпараттық-коммуникациялық.
Білім беру бағдарламасы бойынша оқыту нәтижелері:
- көркем жобалау (дизайн) негіздерін, оның ішінде компьютерлік бағдарламаларды қолдану саласында меңгерген;
- көптілді білім беру жағдайында бейнелеу өнері мен сызу оқытудың тиімді стратегияларын меңгерген;
- экономикалық және құқықтық білім негіздері, менеджмент, маркетинг, қаржы және т. б. саласында білімі бар.;
- қоғамның мәдени өміріне қатыса отырып, шығармашылық қабілеттері мен өзінің мәдени деңгейін арттыру ниетін көрсетеді;
- бейнелеу өнері мен сызуды оқыту әдістемесін, оқытудың заманауи білім беру технологияларын біледі;
- кәсіби коммуникация негіздерін біледі және ынтымақтастық дағдыларын қолданады, жанжалдарды шеше алады, өзін-өзі жүзеге асыруға дайын;
- бейнелеу өнері және сызу саласындағы білімді меңгерген, оларды шығармашылық және педагогикалық қызметте қолдана алады;
- білім беру ортасын зерттейді, білім алушылардың тиісті пәндер бойынша білім беру мазмұнын меңгеру деңгейін бағалайды.
Білім беру бағдарламасымен қалыптасатын негізгі құзыреттіліктер
- Коммуникативтік – Тіл модулі
- Іргелі математикалық, жаратылыстану-ғылыми және техникалық дайындық – Жаратылыстану-математикалық модуль
- Компьютерлік – Жаратылыстану-математикалық модуль
- Әлеуметтік-мәдени – Тарихи-философиялық білім беру және рухани жаңғыру модулі, Әлеуметтік-саясаттану білім модулі
- Кәсіпкерлік, экономикалық – Әлеуметтік-саясаттану білім модулі
- Кәсіби-педагогикалық – Инклюзивті білім берудегі технологиялар модулі, Кәсіби модуль
- Тұлғалық – Тарихи-философиялық білім беру және рухани жаңғыру модулі, Әлеуметтік-саясаттану білім модулі, Тіл модулі, Жаратылыстану-математикалық модуль, Іргелі даярлық модулі, Инклюзивті білім берудегі технологиялар модулі, Кәсіби модуль
- Арнайы (пәндік) – Іргелі даярлық модулі, Кәсіби модуль
Ө. Сұлтанғазин атындағы Университет, Әлеуметтік-гуманитарлық факультеті
Кафедра меңгерушісі, п.ғ.к. Сапиева М.С.
Мекен-жайы: Костанай қ., Тәуелсіздік көш. 118, 314 кабинет
Байланыс телефоны: 8 (7142) 54-69-56 (деканат), 54-58-74 ішкі 147 (кафедра)
Қабылдау комиссиясының телефоны: 8 (7142) 54-28-49.