Мусабекова Гульвира Айдархановна
- ректордың міндетін атқарушы, академиялық жұмыс және әлеуметтік мәселелер жөніндегі проректор
- Педагогика ғылымдарының кандидаты
- Телефон: (7142) 53-18-52
Еңбек қызметі
Еңбек қызметінің тәжірибесі іс жүзінде барлық білім беру деңгейлерін қамтиды: ауыл мектебі, Рудный, Қостанай қалаларының орта мектептері, ғылыми-тәжірибелік орталығы, дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп; Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтында психология-педагогика факультетінің деканы ретінде қызметін атқарды; Ы.Алтынсарин атындағы Арқалық мемлекеттік педагогикалық институтында 5 жыл проректор қызметін атқарды. 2017 жылғы 13 қазан айында жоғары оқу орындары топ-менеджерлер конкурсының нәтижесі бойынша ҚМПИ академиялық жұмыс және әлеуметтік мәселелер жөніндегі проректоры лауазымына тағайындалды.
Қоғамдық жұмыс
- «Білім және инновация» секциясы бойынша Қазақстан жоғары мектебінің Ұлттық ғылым академиясының корреспондент-мүшесі
- Білім беру саласындағы зерттеушілер қауымдастығының мүшесі (KERA)
- жоғары мектеп оқытушылары мен жоғары оқу орындарының Еуропалық қауымдастығының мүшесі (HiSTES)
- «Нұр Отан» партиясы Қостанай облыстық филиалы Саяси кеңесінің және Арқалық қаласының қоғамдық кеңесінің бұрынғы Мүшесі
- Қостанай облысы саясаткер-әйелдер Клубының Мүшесі
- Қостанай облысының іскер әйелдері ассоциациясының Мүшесі
Біліктілігін арттыру
- «Білім саласындағы Менеджмент» атты біліктілігін арттыру бағдарламасы аясында ғылыми тағылымдама (Словакия, Братислава қ., 2014 ж.)
- Назарбаев Университеті жанындағы Қазақстан жоғары білім көшбасшыларының біліктілігін арттыру бағдарламасы бойынша оқу (Ұлыбритания көшбасшылық Қоры, Лондон, 2015 ж.)
- Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ жанындағы ҚР жоғары оқу орындарының басшылары үшін «Жоғары мектеп Менеджменті» атты біліктілігін арттыру курстары
- «Тағайындалған топ-менеджмент жаңа принциптерін ескере отырып, жоғары оқу орындарындағы корпоративтік басқару органдарының қызметінің мониторингі және бағалануы» жобасы шеңберінде оқу (ҚР БҒМ, 2017 ж.)
- және тағы басқа
50-ге жуық оқу және ғылыми жарияланымдардың, оның ішінде қазақ, орыс және ағылшын тілдеріндегі нөльдік емес импакт-факторы рейтингілік ғылыми басылымдардың авторы.
«Білім беру ісінің құрметті қызметкері» төсбелгісімен марапатталды.
Г.А. Мусабекова университеттің оқу-әдістемелік және тәрбие жұмысын ұйымдастырады, бақылайды және жай-күйіне жауап береді; әлеуметтік мәселелерді шешу; оқыту және оқу сапасы; оқытудың жаңа технологияларын енгізу; педагогикалық жүктемені жоспарлау және орындау, кафедра профессор-оқытушылар құрамының және оқу орталықтарының сағат есебін және штаттарды бекіту; МАК, оқу-таныстыру, өндірістік, педагогикалық практикалар өткізу; бакалавриат түлектерін жұмыс орындарына бөлу; аймақта бакалавриат түлектерінің қажеттіліктерін анықтап, олардың толық жұмысқа орналастыру туралы байланысты мәселелерді шешеді; университет оқу аудиторияларды тиімді пайдалану; қабылдау комиссиясының қызметін ұйымдастыру; факультет, оқу-әдістемелік басқарармасының, әлеуметтік-тәрбие жұмысы бойынша басқармасының, тіркеу офисінің, қабылдау комиссиясының жұмысын ұйымдастыру.
Студенттер мен институт қызметкерлерінің арасында діни қызметі туралы заңнаманы бұзғаны үшін, соның ішінде жоғары оқу орнында тыйым салынған діни әдебиеттерді тарату, университетте діни бірлестіктердің ұйымдастыру, сондай-ақ, оқу орнында кез келген діни экстремизм мен терроризмнің пайда болуына жеке жауапкершілік тартады және бақылауды жүзеге асырады. Сапа менеджменті жүйесі функционалдық жай-күйін жақсартуда қатысады.