6B11101 Туризм
Білім беру саласының коды және атауы | 6B11 Қызметтер |
Даярлау бағытының коды және атауы | 6B111 Қызмет көрсету саласы |
Білім беру бағдарламалары тобы | 6B091 Туризм |
Білім беру бағдарламасының атауы | 6B11101 Туризм |
ББ түрі | Қолданыстағы ББ |
ББ мақсаты | Жоғары әлеуметтік және азаматтық жауапкершілігі бар, заманауи инновациялық технологиялар саласындағы білімді меңгерген, кәсіби стандартқа сәйкес кәсіби қызметті жүзеге асыруға қабілетті туризм саласындағы жоғары білікті: туризм жөніндегі менеджер, туризм жөніндегі нұсқаушы-әдіскер, туризм индустриясын және қонақжайлылықты жетілдіруге бағытталған ұйымдастыру-басқару, өндірістік-технологиялық, кәсіпкерлік, ғылыми-зерттеу, жобалық міндеттерді шешуге қабілетті экскурсовод-лектор; ішкі және халықаралық туризмді, оның ішінде оның белсенді нысандарын дамыту; өңір, ел және әлем шеңберінде адами қарым-қатынасты, мәдениетаралық өзара іс-қимылды кеңейтуге ықпал ететін маманды даярлау. |
ББХСЖ бойынша деңгейі | ББХСШ 6 |
ҰБШ бойынша деңгейі | ҰБШ 6 |
Оқу мерзімі / Оқыту нысаны | СБШ 6 (6.1) |
Оқу мерзімі / Оқыту нысаны | күндізгі – 4 жыл, күндізгі (техникалық және кәсіптік білім беру базасында) – 3 жыл, күндізгі (жоғары білім беру базасында) – 2 жыл |
Оқыту тілі | қазақ және орыс |
Кредит көлемі | 240 академиялық кредит / 240 ECTS |
Берілетін академиялық дәреже | «6B11101 Туризм» білім беру бағдарламасы бойынша қызмет көрсету саласының бакалавры |
Кадрларды даярлау бағытына лицензияға қосымшаның болуы | № KZ08LAA00016062 Берілу кезі: 17.05.2019 |
ББ аккредиттеудің болуы | Бар |
Аккредиттеу органының атауы | «Білім сапасын қамтамасыздандыру бойынша тәуелсіз агенттігі» мемлекеттік емес мекемесі |
Аккредиттеудің қолданылу мерзімі | 08.11.2014 г. – 07.11.2019 г. |
Түсу сынықтары | Оқуға түсушілер Қазақстан тарихы, математикалық сауаттылық, оқу сауаттылығы (оқыту тілі) және екі негізгі пән - География мен Шетел тілі бойынша ҰБТ тапсырады |
Кәсіби қызметтің көлемі
«6B11101 Туризм» өзінің кәсіби қызметін туризм және қонақжайлылық индустриясы, құқықтық негіздері және мемлекеттік басқару саласында туристік білім беру, туристік-нұсқаушылық және экскурсиялық-өлкетану қызметі бағыты бойынша жүзеге асырады.
Кәсіби қызмет объектілері
«6B11101 Туризм» білім беру бағдарламасы бойынша қызмет бакалаврының кәсіби қызметінің объектілері болып табылады:
- туризм мәселелері жөніндегі уәкілетті мемлекеттік құрылымдар (Министрліктер, әкімдіктер және олардың өңірлік бөлімшелері мен құрылымдары);
- туристік операторлар – фирмалар (бастамашылық және рецептивті);
- туристік фирмалар-агенттіктер;
- туристік индустрия қызметтерін тұтынушылар (жеке немесе корпоративтік клиенттер), олардың қажеттіліктері;
- туристік кәсіпорындардың маркетингтік қызметтері;
- орта буын туристік индустриясының мамандарын даярлау бойынша бейінді оқу орындары;
- туризмді дамыту мәселелерін зерттейтін ғылыми-зерттеу ұйымдары;
- ішкі және сыртқы нарыққа туристік қызметтерді жылжытумен айналысатын туристік бейіндегі жарнама агенттіктері;
- төтенше жағдайлар министрлігінің іздестіру-құтқару бөлімшелері;
«Туризм» мамандығы бойынша магистратура;
- туристік өнім;
- туристік индустрия қызметтерін көрсетудің технологиялық процестері;
- зияткерлік қызмет нәтижелері;
- орналастыру құралдары, тамақтану кәсіпорындары, экскурсиялық қызмет объектілері: спорттық-сауықтыру қызметтері, көлік құралдары, туристік индустрияның өзге кәсіпорындары және туристік өнімді әзірлеу және сатумен байланысты басқа да объектілер;
- ақпараттық ресурстар мен жүйелер; автоматтандырылған ақпараттық жүйелер мен технологияларды қамтамасыз ету құралдары.
Кәсіптік қызметтің түрлері
«6B11101 Туризм» білім беру бағдарламасы бойынша Бакалавр келесі кәсіби қызмет түрлерін орындай алады:
- өндірістік-технологиялық;
- сервистік-пайдалану;
- ұйымдық-басқарушылық;
- эксперименталды-зерттеу;
- ғылыми-зерттеу;
- жобалау;
- профилактикалық және іздестіру-құтқару;
- туристік-рекреациялық.
Білім беру бағдарламасы бойынша оқыту нәтижелері:
- әлемдік туристік қозғалыс пен туристік бизнесті дамытудың жалпы және ерекше үрдістері мен перспективаларын білуді көрсетеді.
- туристік өнімді және туристік қызметтердің жаңа түрлерін жоспарлау, өндіру және жылжыту процесінде қазіргі заманғы ақпараттық және коммуникациялық технологияларды қолданады.
- бюджеттік, әлеуметтік-экономикалық саясатты қалыптастыру принциптерін, шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржылық тұрақтылығын талдау құралдарын меңгерген.
- туризмнің белсенді және спорттық түрлері саласында оқу-жаттығу процесін ұйымдастыру және жүзеге асыру әдістемесін меңгерген. нұсқаушы, гид, экскурсовод ретінде жұмыс тәжірибесі бар.
- штаттық, тартылған персоналмен, контрагенттермен, аралас қызметтер өндірушілермен және клиенттермен жұмыс істеу дағдысына ие.
- кешенді туристік қызмет көрсету процесінде қауіпсіздіктің жоғары деңгейін қамтамасыз етеді және қолдайды.
- талап етілетін сапамен тұтынушылар нарығының сұраныстарының толық спектрін қамтамасыз етеді.
- аймақта, елде және әлемде туристік бизнесті болжаудың, жоспарлаудың, жүзеге асырудың және бақылаудың толық циклын іске асырады.
Білім беру бағдарламасымен қалыптасатын негізгі құзыреттіліктер
- Коммуникативтік – Тіл модулі
- Іргелі математикалық, жаратылыстану-ғылыми және техникалық дайындық – Жаратылыстану-математикалық модуль
- Компьютерлік – Жаратылыстану-математикалық модуль
- Әлеуметтік-мәдени – Тарихи-философиялық білім беру және рухани жаңғыру модулі, Әлеуметтік-саясаттану білім модулі
- Кәсіпкерлік, экономикалық – Әлеуметтік-саясаттану білім модулі
- Кәсіби-педагогикалық – Инклюзивті білім берудегі технологиялар модулі, Кәсіби модуль
- Тұлғалық – Тарихи-философиялық білім беру және рухани жаңғыру модулі, Әлеуметтік-саясаттану білім модулі, Тіл модулі, Жаратылыстану-математикалық модуль, Іргелі даярлық модулі, Инклюзивті білім берудегі технологиялар модулі, Кәсіби модуль
- Арнайы (пәндік) – Іргелі даярлық модулі, Кәсіби модуль
Ө. Сұлтанғазин атындағы Университет, ДШСжТФ
Кафедра меңгерушісі П.ғ.к., Огиенко Н.А.
Мекен-жайы: Костанай қ, Тәуелсіздік көш.118, 603 кабинет
Телефон: 8 (7142) 54-58-74 ішкі. 119 (кафедра)
Қабылдау комиссиясының телефоны: 8 (7142) 54-28-49.
Мекен-жайы: Костанай қ, Тәуелсіздік көш.118, 603 кабинет
Телефон: 8 (7142) 54-58-74 ішкі. 119 (кафедра)
Қабылдау комиссиясының телефоны: 8 (7142) 54-28-49.