6B01508 Математика-Информатика
Білім беру саласының коды және атауы | 6B01 Педагогикалық ғылымдар |
Даярлау бағытының коды және атауы | 6В015 Жаратылыстану-ғылыми пәндері бойынша мұғалімдер даярлау |
Білім беру бағдарламалары тобы | В009 Математика мұғалімдерін даярлау |
Білім беру бағдарламасының атауы | 6В01508 Математика-Информатика |
ББ түрі | Жаңа ББ |
ББ мақсаты | Математика және информатика мұғалімін даярлағанда пән саласындағы сапалы білімге; талдау, зерттеу және тіл дағдыларына; ары қарай үздіксіз білім алу және кәсіби білімді, білік пен дағдыны жетілдіру қабілетіне; көшбасшылық қасиеттеріне және инновациялық ойлауға ие болады |
ББХСЖ бойынша деңгейі | ББХСШ 6 |
ҰБШ бойынша деңгейі | ҰБШ 6 |
Оқу мерзімі / Оқыту нысаны | СБШ 6 (6.1) |
Оқу мерзімі / Оқыту нысаны | күндізгі – 4 жыл, күндізгі (техникалық және кәсіптік білім беру базасында) – 3 жыл, күндізгі (жоғары білім беру базасында) – 2 жыл |
Оқыту тілі | қазақ және орыс |
Кредит көлемі | 240 академиялық кредит / 240 ECTS |
Берілетін академиялық дәреже | «6В01508 Математика-Информатика»білім беру бағдарламасы бойынша білім бакалавры |
Кадрларды даярлау бағытына лицензияға қосымшаның болуы | № KZ08LAA00016062 Берілу кезі: 17.05.2019 |
ББ аккредиттеудің болуы | |
Аккредиттеу органының атауы | |
Аккредиттеудің қолданылу мерзімі | |
Түсу сынықтары | Оқуға түсушілер Қазақстан тарихы, математикалық сауаттылық, оқу сауаттылығы (оқыту тілі) және екі негізгі пән -Математика мен Физика бойынша ҰБТ тапсырады |
Кәсіби қызметтің көлемі
«6В01508 Математика-Информатика» білім беру бағдарламасы бойынша білім бакалавры өз кәсіби қызметін білім беру саласында жүзеге асырады.
Кәсіби қызмет объектілері
«6В01508 Математика-Информатика» білім беру бағдарламасы бойынша білім бакалавры кәсіби қызметінің нысандары:
- меншіктік және ведомостволық бағыныштылық түріне тәуелсіз барлық типтегі және түрдегі орта білім беру мекемелеріндегі педагогикалық үрдіс;
- техникалық және кәсіби білім беру ұйымдарындағы педагогикалық үрдіс.
Кәсіптік қызметтің түрлері
«6В01508 Математика-Информатика» білім беру бағдарламасы бойынша білім бакалавры келесі кәсіби қызмет түрлерін орындай алады:
- білім беру (педагогикалық);·
- оқыту және тәрбиелеу;
- оқу-технологиялық;
- әлеуметтік-педагогикалық;
- эксперименталды және зерттеу;
- ұйымдастырушылық және басқарушылық;
- ақпарат және байланыс.
Білім беру бағдарламасы бойынша оқыту нәтижелері:
- математиканың ережелерін, теоремалары мен заңдарын, алгоритмдер мен программалау тілдерін, негізгі терминдердің мәнін, математика мен информатиканы оқытудың құрылымы мен мазмұнын біледі және түсінеді;
- алгоритмдерді құру, әртүрлі бағдарламалық пакеттердің көмегімен деректерді өңдеу ресурстарын құру принциптерін біледі және түсінеді;
- математикадан алгебралық, геометриялық, мәтіндік, олимпиадалық есептерді шешуде; оқу процесіне бағдарламалық өнімдерді әзірлеу және енгізуде кәсіби дағдыларды меңгерген, нақты есептерді шешуде кәсіби практикада бағдарламалау тілдерін қолданады;
- мектепте математиканы және информатиканыоқытудың қазіргі заманғы әдістерін меңгереді, барлық деңгейдегі білім беру процесінің барлық субъектілерінің қызметін дұрыс талдайды;
- инновациялық ақпараттық-коммуникациялық білім беру технологияларын пайдалана отырып, математика мен информатиканы оқытуда кәсіби шеберлікті көрсетеді, компьютерлік жүйелерді жобалай және енгізе алады, жұмыста желілік ресурстарды, аспаптық бағдарламалық құралдарды пайдалана алады;
- оқушылардың жеке қажеттіліктерін, төзімділікті, моральдық құндылықтарды, трилингвизм талаптарын ескере отырып, оқыту процесін ұйымдастырады, түрлендіреді және дамытады;
- критериалды бағалау технологияларын меңгерген, формативті және жиынтық бағалауды ұйымдастыру сыни ойлауды дамытуға ықпал ететін оқыту және бағалау стратегиясын қолданады;
- тұжырымдамалық философиялық идеяларды меңгерген, сыни және шығармашылық ойлауға қабілетті, өзінің оқу қызметін рефлексия мен өзін-өзі бағалауды жүзеге асыруға қабілетті.
Білім беру бағдарламасымен қалыптасатын негізгі құзыреттіліктер
- Коммуникативтік – Тіл модулі
- Іргелі математикалық, жаратылыстану-ғылыми және техникалық дайындық – Жаратылыстану-математикалық модуль
- Компьютерлік – Жаратылыстану-математикалық модуль
- Әлеуметтік-мәдени – Тарихи-философиялық білім беру және рухани жаңғыру модулі, Әлеуметтік-саясаттану білім модулі
- Кәсіпкерлік, экономикалық – Әлеуметтік-саясаттану білім модулі
- Кәсіби-педагогикалық – Инклюзивті білім берудегі технологиялар модулі, Кәсіби модуль
- Тұлғалық – Тарихи-философиялық білім беру және рухани жаңғыру модулі, Әлеуметтік-саясаттану білім модулі, Тіл модулі, Жаратылыстану-математикалық модуль, Іргелі даярлық модулі, Инклюзивті білім берудегі технологиялар модулі, Кәсіби модуль
- Арнайы (пәндік) – Іргелі даярлық модулі, Кәсіби модуль
Ө. Сұлтанғазин атындағы Университет, ЖМФ
Кафедра меңгерушісі Телегина О.С.
Мекен жайы: Қостанай қаласы, Тәуелсіздік көшесі 118, 426 кабинет
Телефон: 8 (7142) 54-58-74 (132 ішкі)
Қабылдау комиссиясының телефоны: 8 (7142) 54-28-49.
Кафедра меңгерушісі Телегина О.С.
Мекен жайы: Қостанай қаласы, Тәуелсіздік көшесі 118, 426 кабинет
Телефон: 8 (7142) 54-58-74 (132 ішкі)
Қабылдау комиссиясының телефоны: 8 (7142) 54-28-49.