Қазақстан халқы Ассамблеясы кафедрасы

Кафедра меңгерушісi

Евдокимова Ольга Николаевна

Евдокимова Ольга Николаевна

Педагогика ғылымдарының кандидаты,

e-mail:

ҚМПИ негізінде ҚХА кафедрасы ашылуының өз тарихы бар. 2014 жылдың қазанында институт студенттерінде патриотизмді тәрбиелеу және толерантты мінез-құлық қалыптастыру мақсатымен Студенттік халықтар Ассамблеясы құрылды. 2016 жылдың 1 қыркүйегінде ҚМПИ Қазақстан халқы Ассамблеясы кафедрасы құрылды, ал 2016 жылдың 21 қазанында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25-жылдығына арналған Қазақстан халқы Ассамблеясы кафедрасының салтанатты презентациясы өтті. Кафедра мақсаты – студенттік жастард толеранттық, патриотизм рухында тәрбиелеуде ҚХА қызметін насихаттау.

Іс-шараға құрметті қонақтар қатысты: Анатолий Башмаков - Қазақстан Республикасы Парламент Сенатының IV-V сайланымының депутаты, ҚХА Кеңесінің мүшесі, Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-нің ҚХА кафедрасының меңгерушісі, Нурбек Шаяхметов – ҚР Президенті қарауындағы «Қоғамдық келісім» РММ ғылыми-сарапшылық және әдістемелік қамсыздандыру қызметінің жетекшісі, Қостанай облысы әкімдігінің, облыстық ҚХА және Достық үйінің өкілдері, қаланың шығармашылық ұжымы. Кездесу барысында өзара түсіністігі мен ынтымақтастығы жайлы Қазақстан халқы Ассамблеясының тарабынан Анатолий Башмаковпен және Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтының тарабынан проректор Тлеген Ахметовпен Меморандумға қол қойылды, сондай-ақ «Қазақстан халқы Ассамблеясы қафедрасының елдің қоғамдық-саяси процестеріндегі ғылыми-білім беру және тәрбиелік рөлі» тақырыбы бойынша дөңгелек үстел өткізілді.

Кафедра Ассамблеи народа Казахстана

Қазақстан халқы Ассамблеясы кафедрасының негізгі жұмыс бағыттары

Студенттердегі толеранттық мінез-құлықты қалыптастыру жұмыстын үш бағыттарының бірлігінде негізделетін, ЖОО-ғы толерантты мәдени-білім беру ортасын жасаудан басталады: оқу-әдістемелік, ғылыми-зерттеулік және тәрбиелік.

Оқу-әдістемелік бағыт

  • қазақстандық бірлікті қалыптастыру және этносаралық қатынасты нығайту саласында біліктілікті арттыру курстарын әзірлеу;
  • ашық сабақтарды, этносаясаттын әр түрлі бағыттары бойынша сарапшыларының қатысумен дәрістер өткізу;
  • Медиация мектебі мен халықтық дипломатия жұмысы.

КАФЕДРА АССАМБЛЕИ НАРОДА КАЗАХСТАНА

Ғылыми-зерттеулік бағыт

  • ҚР БҒМ ғылыми-зерттеулік жобаларды гранттық қаржыландыруды жүзеге асыруға қатысу;
  • Қостанай қ. ҒСТ жұмысына, сондай-ақ ғылыми-практикалық конференцияларға, дөңгелек үстелдерге қатысу;
  • аймақтағы этносаралық бейбітшілік пен келісімді нығайту жолдарын және процесстерін зерттеу;
  • аймақ мектептері мен ЖОО арналған ғылыми-әдістемелік әдебиет әзірлеу.

КАФЕДРА АССАМБЛЕИ НАРОДА КАЗАХСТАНА

Тәрбиелік бағыт

  • отандық этносаяттын негізгі бағыттарын түсіндіру және білім беру мекемелерінде тәрбиелік жұмысты іске асыру бойынша ұсынымдар әзірлеу;
  • студенттік жастарда қазақстандық бірлікті қалыптастыру және патриотизмге тәрбиелеу мақсатымен республиканың маңызды күндеріне арналған тәрбиелік іс-шаралар өткізу.

КАФЕДРА АССАМБЛЕИ НАРОДА КАЗАХСТАНА

«Баға жетпес сый» акциясы

ҚМПИ Қазақстан халқы Ассамблеясы кафедрасының презентациясындағы жарқын және есте қалар сәт Қазақстан Республикасы Президентінің қарауындағы «Қоғамдық келісім» ММ Қазақстан халқы Ассамблеясының «Баға жетпес сый» қайырымдылық акциясы арасында кафедраға бірегей кітаптарды сыйға тарту болды.

Акция «Бесценный дар»

Кітаптардың тізіміне Қазақстан тарихы және мәдениеті бойынша еңбектер кірді, оның ішінде «ҚХА жиырма жыл: бір ел – бір тағдыр» және «Әлем идеясы мен қоғам келісімі», «Этносаясаттық сөздік» монографиялары, «Қазақстан этностарының музыкалық мұрасы» антологиясы, «ҰОС жылдарындағы халықтар достығы: фронттық газеттердің беттері бойынша» және «Жеңіс Оты» материалдар жинақтары, т.б.

Сыйға тартылған кітаптар шектеулі таралымда шығарылған, сондықтан ғылыми-білім беру ортасы үшін үлкен құндылық және библиографикалық сирек болып табылады. Педагогикалық институттың студенттері мен біліктілігін арттыру курстарының тындаушыларында ҚХА кафедрасындағы әбебиетпен танысуға мүмкіндіктері бар.

Біздің байланыстар:

е-mail:

тел./факс: 39-41-87, 54-58-74 (вн. 112)

Біздің мекен жайымыз

110000, Қостанай қаласы,
Тәуелсіздік көшесі 118

  • Тел./факс: +7 (7142) 51-11-57

Біз әлеуметтік желідеміз

Вы здесь: Главная Факультеттер Әлеуметтік-гуманитарлық факультеті Қазақстан халқы Ассамблеясы кафедрасы