Қазақстан тарихы кафедрасы

Кафедра меңгерушісі

Байдалы Рауан Жомартұлы

Байдалы Рауан Жомартұлы

доктор PhD (тарих)

e-mail:

Кешегі Кеңес заманы тұсында да Қазақстан тарихы пәні оқытылып келді. Бірақ, өкінішке орай Қазақстан тарихына деген көзқарас және мардымсыз сағат саны қолбайлау болып келді. Соған қарамастан, Ғалихан Жантурин және Кенжекей Тасқожина сынды ұлағатты ұстаздар Қазақстан тарихына бөлінген аз ғана дәріс курстарын үлкен патриоттық сезіммен оқып, студенттерді білім нәрімен сусындатты.

Қазақстан тарихы кафедрасы 1990 жылы Қостанай мемлекеттік университетінде алғаш Қазақстан тарихы мен мәдениеті кафедрасы болып құрылды. Алғышқа кафедра меңгерушісі т.ғ.к., доцент М.Ә. Ауған болды.

1994 жылы осындай кафедра Қостанай ауыл шаруашылығы институтында да ашылып, оған кафедра меңгерішісі болып т.ғ.д., профессор Аманжол Күзембайұлы шақырылды. Кафедра құрамында проф. Г.К. Задорожный, доцент Ф.Мұхаметов сынды тәжірибелі оқытушылармен қатар басқа да жас мамандар қызмет істеді. Институттың 1999 жылы Қостанай мемлекеттік университетімен бірігуіне байланысты кафедралар да бір-біріне қосылды.

Кафедрада әр жылдары тарих ғылымдарының докторлары, профессорлар қауымы З.Алдамжар, Г.Задорожный, А.Күзембайұлы, ғылым кандидаттары К.Тасқожина, Қ.Дүтбаев, Ф.Мұхаметов, Ә.Мұқтар, Н.Жұмабаев, Л.Мұқатаева, С.Қолдыбаев, Ұ.Жанатаева, А.Таскужина, А.Айтмұхамбетов, З.Шахаман, Е.Әбіл, Ұ.Ахметова, Л.Ордабаева, М.Бекмағамбетова, Г.Асанова, Е.Ярочкина сынды ұлағатты ұстаздар жұмыс жасады.

2004 жылы университеттен бөлінген педагогикалық институт жанынан Қазақстан тарихы кафедрасы құрылды. Кафедра меңгерушісі болып т.ғ.д., профессор Аманжол Күзембайұлы тағайындалды. 2005-2009 жылдар аралығында кафедра меңгерушісі қызметін т.ғ.к. З.Б. Шахаман атқарды.

2009-2012 жылдар аралығында кафедра меңгерушілігі қызметін т.ғ.д., профессор Аманжол Күзембайұлы абыройлы атқарды. 2012 жылдан 2017 жылға дейін кафедраны т.ғ.к., доцент Э.К. Наурызбаева басқарды. Қазіргі таңда кафедра меңгерушілігін PhD  докторы (тарих) Байдалы Р.Ж.атқарып келеді.

Қазіргі уақытта кафедрада ғылым докторлары – А.Күзембайұлы, Е.Әбіл, В.Ф.Зайберт, ғылым кандидаттары – Г.З.Балғабаева, А.Б.Таскужина, М.Ж.Бекмағамбетова, Ө.И.Исенов, З.Б.Шахаман,PhD докторы Р.Ж.Байдалы, тарих магистрлері – А.Б.Анасова, К.К.Абильмаликов, Э.Т.Нурпеисова, Г.Б.Тастекова, К.Б. Бектұрғанов сынды оқытушылар жемісті қызмет атқаруда.

Кафедра жоғары білікті тарихшы мамандарды дайындайды, сондай-ақ тарихтан басқа мамандықтарда Қазақстан тарихы пәні бойынша оқытуды қамтамасыз етеді.

Кафедра келесі білім беру бағдарламары бойынша мамандар даярлайды:

  • 6В01601 Тарих
  • 6В01602 Тарих-дінтану
  • 7М01601 Тарих (магистратура)

 «Тарих» білім беру бағдарламасының түлектері бәсекеге қабілетті мамандар болып табылады, олар мектептерде, арнайы орта оқу орындарында, ғылыми зертханаларда, мұражай және мұрағаттарда, мемлекеттік қызмет жүйелерінде қызмет атқара алады.

Кафедраның оқу-әдістемелік жұмысы

Қазақстан тарихы кафедрасы барлық мамандықтардың 1 курстарына Қазақстан тарихының оқытылуын қамтамасыз етеді.

Кафедрада барлық қажетті оқу-әдістемелік құжаттамалары мен тәлім-тәрбиесінің барлық формалары бар: мемлекеттік стандартқа сай бәріне бірдей білім, жиынтық оқу жоспарлары, жұмыс оқу жоспарлары, тәрбие бойынша жұмыс бағдарламалары, силлабустар.

Барлық пәндер бойынша ПОӘК кафедра мәжілістерінде қарастырылады. ПОӘК жұмыс жоспары өз құрамына қысқаша лекция конспектілерін, графиктарды, оқу әдістемелік тәртіптің картасы, ағымдық және түйінді тексеріс материалдары және т.б. ПОӘК 200-ден астам беттен тұрады және студенттердің электронды түрде пайдалануларына жол ашылған. ПОӘК электронды нұсқалары институт кітапханасының электронды залында сақтаулы. Оқу-әдістемелік, дидактикалық материалдар кафедрада жинастырылған.

Кафедрада кәсіби-бағыт беру жұмыстарын жандандыру мақсатында мынадай тәжірибе түрлері жүзеге асырылады:

  • археология-этнографиялық - далалық жағдайда елді мекенге бару және қазба жұмыстарын жүргізу арқылы;
  • педагогикалық - Қостанай облысы және Қостанай қаласының мектептерінде жүзеге асырылады.
Археологическая практика

Археологиялық практика, Ботай қонысы

Қазақстан тарихы кафедрасына Отан тарихының дамуына зор үлес қосқан академик Манаш Қабашұлы Қозыбаев және тарихшылар Ғалихан Жантөрин, Кенжекей Жаппарқызы Таскужина, Сейіл Зейнелұлы Баймағамбетов сынды көрнекті тұлғалардың есімдері берілген арнайы аудиториялар бекітілген.

Кафедраның ғылыми-зерттеу қызметі

Кафедраның профессор-оқытушылар құрамы ғылыми-зерттеу жұмысымен белсенді айналысады. «Солтүстік-батыс Қазақстан халықтарының этносаяси, әлеуметтік-экономикалық тарихы» атты кешенді тақырып зерттелуде, Қостанай облысы әкімдігінің тапсырысы бойынша келісімді «Қостанай облысының тарихи топономикасы» тақырыбында ғылыми еңбектер шығарды.

Қазақстан тарихы кафедрасы көптеген ғылыми жобалар мен ғылыми-теоретикалық конференциялардың бастамашысы болып табылады.

Кафедра оқытушылары халықаралық, республикалық және аймақтық конференцияларға, семинарларға белсенді қатысады. Ғылыми журналдарда студенттермен бірге мақалалар жариялауда. Кафедра оқытушыларының жетекшілігімен студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстары белсенді жүргізіледі.

Тәрбие жұмысы және студенттік өмір

Кафедра оқытушылары өз пәндерінің мүмкіндіктерін студенттердің бойында қазақстандық патриотизмді, белсенді өмірлік ұстанымдарды қалыптастыруда шебер қолдана біледі. Көптеген оқытушылар, жоғары курс студенттері институттың, қаланың, облыстың және республиканың қоғамдық өміріне белсене қатысады. Халық алдында, облыстық радио және теледидар арқылы, облыстық және орталық газет беттерінде Қазақстан тарихының өзекті мәселелері бойынша сөз сөйлейді, ой бөліседі.

«Тарих» білім беру бағдарламасының студенттері жалпы институт және факультет іс-шараларына қатысады. Кафедра Қостанай облысы және қала мектептерімен байланыс орнатқан. Оқытушылар түрлі іс-шараларға, конференцияларға, олимпиадаларға әділ-қазы ретінде қатысады.

-

Біздің оқытушылардың жетістіктері

  • 2006 ж. - т.ғ.д., профессор Аманжол Күзембайұлы ҚР БҒМ шешімі бойынша «ЖОО Үздік оқытушысы-2006» ғылыми атағын иеленді;
  • 2014 ж. – т.ғ.д., профессор Е.А. Әбіл ҚР БҒМ шешімі бойынша «ЖОО Үздік оқытушысы - 2014» ғылыми атағын иеленді.
  • 2014 ж. – Қазақстан тарихы кафедрасының доценті, т.ғ.к. Ө.И. Исенов ҚР БҒМ шешімі бойынша «ЖОО Үздік оқытушысы - 2014» ғылыми атағын иеленді.
  • 2015 ж. – т.ғ.д., профессор Аманжол Күзембайұлы ҚР БҒМ шешімі бойынша «ЖОО Үздік оқытушысы - 2015» ғылыми атағын иеленді.
  • 2015 ж. – Қазақстан тарихы кафедрасының доценті, т.ғ.к. Г.З. Балғабаева ҚР БҒМ шешімі бойынша «ЖОО Үздік оқытушысы - 2015» ғылыми атағын иеленді.
  • 2016 ж. – Қазақстан тарихы кафедрасының аға оқытушысы, т.ғ.к. Э.К. Наурызбаева ҚР БҒМ шешімі бойынша «ЖОО Үздік оқытушысы - 2016» ғылыми атағын иеленді.
  • 2016 жылдың 24 желтоқсаны күні Е.Өмірзақов атындағы облыстық филармония залында «Қазақстан-Қостанай» телеарнасы мен облыстық мәдениет басқармасының ұйымдастыруымен үлкен іс-шара өтті. Іс-шараның мақсаты – жергілікті арна арқылы халыққа тарихи-мәдени ақпараттармен қамтамасыз ету бағытында қосқан үлестерін бағалау арқылы бірқатар адамдарды марапаттау болып табылды. Аталған жобада телеарна арқылы мәдени-тарихи бағдарламаларға белсене қатынасып, жергілікті халыққа көптеген сұхбаттар бергені үшін Қазақстан тарихы кафедрасының доценті Ө.И. Исеновтің еңбегі ерекше бағаланды. Халықтың көп дауысына ие болған Өтеген Ихсанұлы Исенов арнайы телеарна арапынан «Телевизиялық жыл адамы - 2016» атты статуэткаға ие болды.
  • 2006 г. - д.и.н., профессор Аманжол Кузембайулы по решению коллегии Министерства образования и науки РК получил звание «Лучший преподаватель вуза - 2006».
  • 2017 жылдың 31 мамырында Е. Өмірзақов атындағы облыстық филармонияда Қостанай облысының Меценаттар клубының арнайы «Қазына» және «Шабыт» жүлделерін тапсыру салтанаты өтті. Аталған жиында тарих ғылымына қосқан үлесі үшін Қазақстан тарихы кафедрасының профессоры, т.ғ.д. Аманжол Күзембайұлы «Қазына» жүлдесін жеңіп алды.

А. Күзембайұлы стал обладателем премии клуба меценатов «Казына»

Біздің мекен жайымыз

110000, Қостанай қаласы,
Тәуелсіздік көшесі 118

  • Тел./факс: +7 (7142) 51-11-57

Біз әлеуметтік желідеміз

Вы здесь: Главная Факультеттер Әлеуметтік-гуманитарлық факультеті Қазақстан тарихы кафедрасы