Жоғары білім туралы дипломдарды тапсыру – бұл күні кешегі студенттің, ал енді бітірушінің өміріндегі ең маңызды оқиғалардың бірі. Өйткені, ол жаңа дербес өмір мен педагогикалық қызметтегі перспективалы мансаптың басталуын білдіреді. Қазіргі әлемдегі мұғалімнің рөлі жоғары. Ұстаз-қоғамдағы басты тұлға, сондықтан осы мамандықты таңдағандардың барлығы олардың еңбектеріне, өзінің жұмысы мен оқушыларына деген қарым-қатынасына еліміздің болашағы тәуелді болатынын есте сақтағаны жөн.
Дипломдық жұмыс – бұл студенттің міндетті аттестаттық сынағы, жоғары білім беру бағдарламасының түлегі оқудың барлық жылдарында меңгерген білім көрсеткіші. 2020 жылдың 1-3 маусым аралығында «5B011800 – Орыс тілі мен әдебиеті», «5В012200 – Орыс тілінде оқытпайтын мектептердегі орыс тілі мен әдебиеті» мамандықтарының бітіруші курс студенттері дипломдық жұмыстарын қорғады. Алғаш рет дипломдық жұмыстарды қорғау рәсімі онлайн режимінде өтті.
2020 жылдың 24-30 мамыр аралығында филология департаментінің аға оқытушысы О. В. Коваль қашықтық форматта славян жазбасы мен мәдениеті күніне арналған іс-шаралар өткізді. Жыл сайын 24 мамырда Қазақстанда және әлемнің көптеген елдерінде осы мереке атап өтіледі. «Славян жазуы мен мәдениеті күні көпұлтты Қазақстан үшін өте маңызды, - дейді аға оқытушы Олеся Владимировна. - Сондықтан біз акцияны #хэштег астында ұйымдастыру туралы шешім қабылдадық және Quizizz платформасында онлайн-сұрақ-жауап сайысын өткіздік.
Іс-шара бағдарламасы болашақ талапкерлер үшін мазмұнды және пайдалы болды. Талапкерлер онлайн режимінде филология департаментінің басшысы, филология ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор Қ. Т. Нұрмұхаметова және білім беру бағдарламаларының жетекшілері Т.Т.Сейсембай, К.С.Бірімжанова, А.С.Кинжибаевамен кездесті. Қ.Т.Нұрмұхаметова «Мұғалім мамандығын бағалау өте қиын, өйткені бұл әлемдегі ең құрметті және қажетті мамандықтардың бірі», - дей келе, мұғалімдерге үлкен жауапкершілік жүктелетіндігін, ел болашағы болып табылатын жас ұрпақты жетілдірудегі педагог маманның жауапкершілігі зор екендігін атап өтті.
2020 жылдың 22 сәуірінде орыс тілі мен әдебиеті мұғалімдерін дайындау бағыты бойынша «Қазіргі білім беру контекстіндегі филология ғылымының мәселелері мен болашағы» атты студенттік ғылыми-практикалық конференция өтті. Конференция онлайн режимінде өтті. Конференцияға «Орыс тілі мен әдебиеті» мамандығының 2 - 4 курс студенттері және Челябі мемлекеттік университетінің Қостанай филиалының студенттері қатысты.
2020 жылдың 22 сәуірінде «Орыс тілі мен әдебиеті» білім беру бағдарламасы бойынша дипломдық жұмыстарды алдын ала қорғау жүргізілді. Дипломдық жұмыстарды алдын ала қорғауға күндізгі оқу бөлімінің 4 курс студенттері және қысқартылған оқу бөлімінің 3 курс студенттері қатысты. «Орыс тілі мен әдебиеті» білім беру бағдарламасының жетекшісі К.С. Бримжанова сөз сөйледі, ол онлайн-форматта алдын ала қорғау жүргізу ерекшеліктерін түсіндіріп, Turnitin-де антиплагиатқа тексеруден өткен дипломдық жұмыстарға назар аударды, студенттердің туындаған сұрақтарына жауап берді.
2020 жылдың 20 сәуірінде "Орыс тілі мен әдебиеті" білім беру бағдарламасы және "Жеңіл орыс тілі" 2 курс студенттерінің әлеуметтік жобасы бойынша қазақ тілінде білім беретін 1 курс студенттері арасында "Рухани Жаңғыру – қазақстандықтардың рухани бағдары" атты эссе сайысы өтті. Байқаудың мақсаты студенттерді патриоттық және адамгершілікке тәрбиелеу, қазіргі Қазақстан тарихына қатысты сезімін арттыру, орыс тілін кеңінен насихаттау, өзін-өзі дамытуға дайын және танымдық іс-әрекетке дайын студенттерді қолдау.
Ө. Сұлтанғазин университеті филология департаментінде 4 курс студенттерімен онлайн түрде жиналыс өткізілді. Қашықтықтан мемлекеттік қорытынды аттестацияны сапалы өткізу,диплом жұмыстарын қорғауды ұйымдастыру шаралары туралы түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Платонуста студенттердің жеке кабинетінде нақты нұсқаулықтар рет- ретімен беріліп, оңай игеруге бағытталғаны көрсетілді. Сонымен қатар, академиялық адалдық, академиялық құндылықтар туралы кеңінен сөз қозғалды. Елдегі қиын жағдайларға қарамастан, білім алу, диплом алуға қол жеткізу маңызды екендігі студенттердің игілігі үшін жасалып жатқан қадам екенін жылы шыраймен қабылдады. Сөз соңында карантин жағдайындағы қауіпсіздік шаралары айтылып, өзін үйде оқшаулау- қоғам үшін ізгі қадам екенін тағы да нақтыладық
2020 жылдың 17 сәуірінде Филология департаментінің оқытушылары орыс тілі мен әдебиеті мұғалімдерін дайындау бағыты бойынша «Қашықтықтан оқыту жағдайында студенттермен және оқушылармен жұмыс жасау» тақырыбында вебинар өткізді. Вебинарға қатысуға "Қостанай қаласы әкімдігінің білім бөлімінің №7 орта мектебі" ММ, "Қостанай қаласы әкімдігінің білім бөлімінің М. Қозыбаев атындағы №23 орта мектебі" ММ мұғалімдері шақырылды.
16.04.2020 Филология департаменті қазақ тілі мен әдебиеті білім бағдарламасының ұйымдастыруымен «Латын графикалы қазақ тілі әліпбиі нұсқалары» тақырыбында вебинар өтті. Онлайн шараның мақсаты – «Рухани жаңғыру» бағдарламасын негіз ете отырып әліпбиді жетілдіруге байланысты атқарылып жатқан жұмыстармен, іріктеуден өткен әліпби жобаларының негіздемелерімен таныстыру. Аталған шараға Қостанай облысы Тілдерді дамыту басқармасының бөлім басшысы К.Бимағамбетов, «Тілдарын» облыстық тілдерді оқыту орталығының оқытушысы А.Міркемелова, М.Хакімжанова атындағы №20 мектептің ұстаздары мен оқушылары, филология департаментінің профессорлық оқытушылар құрамы мен студенттері онлайн қатысты.