20.11.2019. Пушкин атындағы кітапханада Қостанай қаласы әкімдігінің «Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» ММ бас мамандары Мадиярова Қарлығаш Хамзановна мен Жұмасаева Зинагул Сағындықовнаның ұйымдастыруымен «Жаңа емле – жаңа дәуір» деген тақырыпта дөңгелек үстел өтті. Дөңгелек үстелде Қостанай облысы білім беру мекемелерінің латын графикалы жаңа әліпбиге көшу жайы, оны оқытудың өзекті мәселелері туралы проблемалар көтерілді.
2019 жылдың 20 қарашасында Л.Н. Толстой атындағы Қостанай облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының абонементтер бөлімі қазақтың ғалым-археологы, шығыстанушы, тарихшы, әдебиет зерттеуші, өнертанушы Әлкей Хаканұлы Марғұланның туғанына 115 жыл толуына арналған «Марғұланның шығармашылық мұрасы» әдеби-тарихи кешін өткізді. Шара бірінші Президент Н. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында ұйымдастырылды.
Филология департаментінің 2 курс студенттері 13 қараша күні «Эко-қала» бағыты бойынша экскурсияға барды. «Шаруа», «Атамекен», «Тазалық», «Медициналық қалдықтарды қайта өңдеу» мекемелерінде болды. «Сервистік оқыту» пәні бойынша бұл экскурсияға 31 студент қатысты. Экскурсияның ең кереметі - қаламыздағы көп адам біле бермейтін, бірақ пайдасы өте көп орындарды көруі болды. Экскурсия арқылы қоғам өмірінде, жалпы қала өмірінде жоғарыда аталып өткен мекемелердің маңызының өте жоғары дәрежеде екенін қатысушылар білді.
2019 жылы 12 қарашада филология департаментінің жетекшісі, ф.ғ.к., қауымдастырылған профессор Нұрмұхаметова Қарлығаш Тұрғанбекқызы мен «Шетел тілі: екі шетел тілі» білім беру бағдарламасының жетекшісі, аға оқытушы Кинжибаева Айгуль Серикпаевна Алматы қаласы Абылай хан атындағы Қазақ Халықаралық Қатынастар және Әлем Тілдері Университетінде өткен РОӘК ОӘБ-нің «Тілдер мен әдебиет мұғалімдерін даярлау» атты кеңейтілген отырысына қатысты.
2019 жылы 11 қарашада «Орыс тілі мен әдебиеті» білім беру бағдарламасының 2 курс студенттерінің (куратор Т.Р.Пчелкина) физика-математика ғылымдарының кандидаты, өлеңдердің авторы Б.Н. Демисеновпен шығармашылық кездесуі өтті. Кездесу барысында Б.Н. Демисенов өзінің өлеңдерімен таныстырып, поэзияға деген қызығушылығының тарихын айтып өтті. Қатысушылар ақындық шығармашылықтың басталуы, сүйікті авторлары, шығармашылық ерекшеліктеріне байланысты сұрақтар қойылды.
Қазақ тілі әліпбиін латын графикасына көшіру жағдайында жоғары оқу орындарының профессорлық-оқытушылық құрамының кәсіби құзіреттілігін дамыту мақсатында 30.09.2019 - 08.11.2019 аралығында «Өрлеу» Біліктілікті арттыру Ұлттық орталығы акционерлік қоғамының филиалы Қостанай облысы бойынша педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты ұйымдастыруымен Ө.Сұлтанғазин атындағы ҚМПУ оқытушылары біліктілікті арттыру курсынан өтті.
Республикалық ғылыми-зерттеу жұмыстары сайысының нәтижесі бойынша «Орыс тілі мен әдебиеті» мамандығының 4 курс студенті Стадник Кристина үшінші орынға ие болды. Ғылыми жетекшісі - филология ғылымдарының кандидаты, филология департаментінің қауымдастырылған профессоры К.Қ.Сегізбаева. Ғылыми жұмыстың тақырыбы «Болжалды-бағалау зат есімдері». Стадник Кристинаның зерттеу жұмысы тіл мәдениеті аспектісінде жүргізілді, сипаттау объектісі бағалау лексикасының тіл мен мәдениеттің интеграциялық бірлігі, тілдік дүниетаным бірлігі ретінде бағалау лексикасы болып табылады.
Жыл сайын 26 қыркүйекте Еуропалық тілдер күні атап өтілді. 2019 жылдың 27 қыркүйегінде ҚМПУ Фрацуз мәдениет орталығының жетекшісі Жанбуршинова Г.К. мен ФМО әдістемелік бөлімінің жетекшісі Иванова Е.С. осы мерекеге орай бірлескен мерекелік іс – шарасы өткізілді. Іс – шараның негізгі мақсаты қатысушыларды еуропа елдерінің мәдениетімен, тұрмыс – тіршілігімен жақынырақ таныстыру. Мереге ҚМПУ шет тілдер кафедрасының студенттері мен оқытушылары қатысты. Мерекелік іс – шара қонағы ретінде: ағылшын тілі оқытушысы Брайс Дэвид Морр, Франциядан келген қонағымыз Лу Кассай және ҚМПУ түлегі, қазіргі таңда Франция тұрғыны Новикова Юлия болды. Іс – шара барысында қатысушыларға білімдерін тексеру үшін үш тілде әр түрлі тапсырмалар берілді (ағылшы, неміс және француз).
"Орыс тілі мен әдебиеті" мамандығының студенттері жыл сайын Л.Н.Толстой атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында өткізілетін іс-шаралардың белсенді қатысушылары мен оқырмандары болып табылады. 18 қыркүйек күні бірінші және төртінші курс студенттері ақын Анна Ахматованың 130 жылдық мерей тойына арналған "Күміс дәуірінен темір дәуіріне" атты әдеби кешке қатысты. Іс-шара өте ерекше әдісте өтті. Және де Анна Ахматованың Санк- Петербургтегі музей үйіне онлайн -экскурсия жасалды.
2019 жылдың 17 қыркүйегінде орыс тілі және әдебиеті кафедрасының оқытушылары Арсаева С. Б., Конвисарова Л. А., Коваль О. В. филология департаментінің 1курс студенттері арасында Тілдер күніне арналған мәнерлеп оқу сайысын өткізді. Мақсаты: студенттерді Қазақстан халықтарының тілдері күні мерекесімен таныстыру, тілге деген ұқыпты қарау, өз ата – бабаларына, халқына, мәдениетіне деген құрмет сезімін қалыптастыру, отансүйгіштікке, толеранттылыққа тәрбиелеу, шешендік өнерді дамыту, студенттердің таланттарын ашу.