Қазақстан Республикасының Тілдер күніне арналған мәнерлеп оқу сайысы
- Подробности
- Опубликовано: 17 сентября 2019
2019 жылдың 17 қыркүйегінде орыс тілі және әдебиеті кафедрасының оқытушылары Арсаева С. Б., Конвисарова Л. А., Коваль О. В. филология департаментінің 1курс студенттері арасында Тілдер күніне арналған мәнерлеп оқу сайысын өткізді. Мақсаты: студенттерді Қазақстан халықтарының тілдері күні мерекесімен таныстыру, тілге деген ұқыпты қарау, өз ата – бабаларына, халқына, мәдениетіне деген құрмет сезімін қалыптастыру, отансүйгіштікке, толеранттылыққа тәрбиелеу, шешендік өнерді дамыту, студенттердің таланттарын ашу.
Студенттер тілдің қарым-қатынас құралы екенің айтып өтті. Орыс тілінде өлеңдер оқыды. 22 қыркүйек-Қазақстан халықтарының тілдері күні. Ол 1998 жылы құрылды. Қазақстан халықтарының тілдері күні барлық ұлт тілдері тең деп танылады,өйткені олардың әрқайсысы бірегей. Қазақстанда мемлекеттік тіл – қазақ тілі, Орыс тілі – ұлтаралық қатынас тілі болып табылады.
Іс-шара соңында қазылар алқасы қатысушыларға орындар беріп, белсенді қатысқаны үшін грамоталар мен алғыс хаттармен марапаттады.
Фото: https://www.facebook.com/pg/kspi.kz/photos/?tab=album&album_id=2675756639111079