Марғұланның шығармашылық мұрасы

2019 жылдың 20 қарашасында Л.Н. Толстой атындағы Қостанай облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының абонементтер бөлімі қазақтың ғалым-археологы, шығыстанушы, тарихшы, әдебиет зерттеуші, өнертанушы Әлкей Хаканұлы Марғұланның туғанына 115 жыл толуына арналған «Марғұланның шығармашылық мұрасы» әдеби-тарихи кешін өткізді. Шара бірінші Президент Н. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында ұйымдастырылды.

Шараға ақын, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, Халықаралық «Алаш» сыйлығының иегері, Ө. Сұлтанғазин атындағы ҚМПУ профессоры Серікбай Оспанов қатысып, Әлкей Хаканұлының көптеген маңызды ғылыми жаңалықтар ашқан, түрлі эпостар мен әдеби шығармаларды зерттеген, соның арқасында Қазақстанның ұлттық мәдениеті тарихында лайықты орнын алған қазақ ғалымдарының жарқын өкілі екендігі туралы айтып берді.

Шара Әлкей Марғұланның өмірі мен шығармашылығы тақырыбын жан-жақты ашып көрсеткен кітаптар мен мерзімді басылымдардан алынған мақалалар қойылған үлкен кітап көрмесімен жалғасты.

Біздің мекен жайымыз

110000, Қостанай қаласы,
Тәуелсіздік көшесі 118

  • Тел./факс: +7 (7142) 51-11-57

Біз әлеуметтік желідеміз

Вы здесь: Главная Жаналықтар Факультет жаңалықтары Филология департаменті Марғұланның шығармашылық мұрасы