2 сәуір дүниежүзілік Аутизм туралы ақпарат тарату күніне орай, 2019 жылдың 1 сәуір күні сағат 10:30 да қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының меңгерушісі, ф.ғ.к, кафедраның қауымдастырылған профессоры С.Ғ. Қанапина және «Қазақ тілінде оқытпайтын мектептердегі қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығының ІІІ курс студенттері «Қазақ тілі мен әдебиетін оқытуда инклюзивті білім берудегі негізгі қағидалар» атты ғылыми - әдістемелік семинар ұйымдастырып, өткізді. Семинардың мақсаты - студенттерді аталмыш дертпен таныстырып, болашақта осындай дертпен ауыратын ерекше балалармен жұмыс істей білуге баулу.
2019 жылдың 29 наурызы күні филология факультеті қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы 4 курс студенттерінің өндірістік практикасының қорытынды конференциясы болып өтті. Қорытынды конференцияның басты мақсаты: 4 курс студенттерінің өндірістік кәсіби іс-тәжірибе бойынша есептерін, ұсыныстарын тыңдау, ой бөлісу, практиканы жетілдірудің жолдарын талқылау. Конференция барысында студенттер алған тәжірибелерімен бөлісіп, қатысушыларды практика нәтижесімен таныстырды.
Қостанай облысы әкімдігінің тілдерді дамыту басқармасымен «Қазақ тілін латын графикасына көшіру» жобасын іске асыру шеңберінде латын негізді қазақ тілінің жаңа емле ережелерін Ө.Сұлтанғазин атындағы Қостанай мемлекеттік педагогикалық университетінде түсіндірудің 2019 жылға арналған бірлескен іс-шаралар жоспары негізінде 28 наурыз күні филология және педагогика-психология факультетінің ұжымына жаңа әліпби негізіндегі қазақ тілі емлесінің ережелері таныстырылды.
Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы салт-дәстүрді жаңғыртуға рухани серпін берді. 2019 жылдың 14 наурыз күні филология факультетінің қазақ тілінде оқытпайтын мектептердегі қазақ тілі мен әдебиеті білім беру бағдарламасының ІІІ курс студенттері мен куратор Д.А. Алиева 14 наурыз - Көрісу күніне, Амал мерекесіне арналған іс - шара өткізді. Онда ақжарма ақ тілектер айтылып, студенттер бір – бірімен көрісті. Студенттер көрісу күнінің шығу тарихы жайында және өзгеде тың ақпараттармен таныс болды.
2019 жылдың 13 наурызы күні Ө.Сұлтанғазин атындағы Қостанай мемлекеттік педагогикалық университетінде «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында Қостанай облысы әкімдігі Тілдерді дамыту басқармасының ұйымдастыруымен «Жалпыоблыстық диктант» өткізілді. Шараның мақсаты – жаңа қазақ әліпбиін насихаттау, жаңа әліпбидің емле ережелерін практикалық тұрғыда меңгерту, жазу дағдыларын қалыптастыру және жаңа жазуға бейімдеу. Диктант жазуға университеттің барлық мамандықтарының студенттері қамтылды. Жалпы саны – 88 адам қатысты.
2019 жылдың 28 ақпанында филология факультеті қазақ тілі мен әдебиеті қафедрасының ұйымдастыруымен «Сапалы білім бізден - таңдау сізден» атты ашық есік күні өткізілді. Ашық есік күнін кафедра оқытушылары Д.А.Алиева, Г.А. Сейсембай және ІІІ курс студенттері өткізді. «Сапалы білім бізден – таңдау сізден» тақырыбындағы ашық есік күніне мектеп түлектерімен бірге гуманитарлық колледждің бітіруші студенттері қатысқан іс- шарада «қазақ тілі мен әдебиеті» және «қазақ тілінде оқытпайтын мектептердегі қазақ тілі мен әдебиеті» мамандықтарын толық таныстырып, жалпы мамандық туралы мәліметтерден хабардар етті.
27.02.19 ж Облыстық телерадио корпорациясы «Ақ орамал» бағдаламасының «Амал немесе көрісу мейрамы қалай тойланады?» тақырыбында өткізілген кезекті көрсетіліміне филология факультетінің қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының аға оқытушысы, педагогика ғылымдарының магистрі Д.А. Алиева және қазақ тілі мен әдебиеті мамандығының ІІІ курс студенттері сонымен қатар бұл дәстүрден хабардар аға- апаларымыз сондай-ақ осы мейрам толығымен сақталған Батыс өңірінің тумаларының қатысумен өтті. Бағдарламада тақырыпқа байланысты көптеген мәліметтер ортаға салынып, көрісу, амал дәстүрі туралы қажетті ойларымен бөлісті.
2019 жылы 22 ақпанда У. Сұлтанғазин атындағы Қостанай Мемлекеттік Педагогикалық Университетінде «Математика», «География», «Дефектология» мамандықтарының 1-ші курс студенттерімен (45 адам) дің мәселелерін зерттеу орталығының өкілі Д. А. Дисюков пен кездесу өтті. Әңгіме филология факультетінің тілдік дайындық оқу-тәрбие орталығымен бірлесе отырып өткізілді. Кездесудің мақсаты – діни радикализмнің алдын алу және жастар арасындағы діни экстремизмнің алдын алуды күшейту.
Филология факультетінің шетел тілдер кафедрасының оқу-әдістемелік апталығы аясында «Шетел тілі: екі шетел тілі» мамандығының студенттері Қостанай және Астана қалаларында «Edukey» білім беру орталықтары желісінің құрылтайшысы Төлеш Мағзуммен кездесті. Студенттер Қостанай және Астана қаласындағы «Edukey» білім беру орталығында білім беру болашағы мен бос жұмыс орындары туралы білді. Филология факультеті шетел тілдері кафедрасының студенттері үшін жаңа бағыттар бойынша білім алуға арнайы жағдай жасалған.
2018 жылдың 16 қарашасында Үкімет Қаулысымен Қостанай мемлекеттік педагогикалық университетіне Өмірзақ Сұлтанғазиннің есімі берілді. Осыған орай 2019 жылдың 20 ақпанында кафедраның оқу-әдістемелік апталығы аясында "Шетел тілі: екі шетел тілі", "Қазақ тілі және әдебиеті", "Тарих" мамандықтарының 1-3 курс студенттері "Өмірзақ Сұлтанғазиннің тағдыр жолы" атты фильмін тамашалады. Өмірзақ Махмұтұлы математик, ҚазКСР Ғылым Академиясының академигі, физика-математика ғылымдарының докторы, профессор, ҚР Білім және ғылым министрлігі Ғарыштық зерттеулер институтының директоры болды.