Сапалы білім бізден - таңдау сізден

2019 жылдың 28 ақпанында филология факультеті қазақ тілі мен әдебиеті қафедрасының ұйымдастыруымен «Сапалы білім бізден - таңдау сізден» атты ашық есік күні өткізілді. Ашық есік күнін кафедра оқытушылары Д.А.Алиева, Г.А. Сейсембай және ІІІ курс студенттері өткізді.

«Сапалы білім бізден – таңдау сізден» тақырыбындағы ашық есік күніне мектеп түлектерімен бірге гуманитарлық колледждің бітіруші студенттері қатысқан іс- шарада «қазақ тілі мен әдебиеті» және «қазақ тілінде оқытпайтын мектептердегі қазақ тілі мен әдебиеті» мамандықтарын толық таныстырып, жалпы мамандық туралы мәліметтерден хабардар етті. Талапкерлердің аталмыш оқу орнына деген қызығушылығын арттыру мақсатында филология факультетінің белсенді студенттері жыр шумақтарын оқып, өз арнау өлеңдерін тарту етті. Университет мерейін үстем етіп, өздерінің Республикалық деңгейде өткізілген ғылыми жоба байқауларындағы жеткен жетістіктерімен бөлісті. Талапкерлерге арналған ашық есік күні жоғарғы деңгейде өтті.

Алиева Д.А.

-

-

Біздің мекен жайымыз

110000, Қостанай қаласы,
Тәуелсіздік көшесі 118

  • Тел./факс: +7 (7142) 51-11-57

Біз әлеуметтік желідеміз

Вы здесь: Главная Жаналықтар Факультет жаңалықтары Филология департаменті Сапалы білім бізден - таңдау сізден