Амал мерекесі

Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы салт-дәстүрді жаңғыртуға рухани серпін берді. 2019 жылдың 14 наурыз күні филология факультетінің қазақ тілінде оқытпайтын мектептердегі қазақ тілі мен әдебиеті білім беру бағдарламасының ІІІ курс студенттері мен куратор Д.А. Алиева 14 наурыз - Көрісу күніне, Амал мерекесіне арналған іс - шара өткізді.

Онда ақжарма ақ тілектер айтылып, студенттер бір – бірімен көрісті. Студенттер көрісу күнінің шығу тарихы жайында және өзгеде тың ақпараттармен таныс болды. Еліміздің батыс аймағында сақталған аталмыш дәстүр жайында Солтүстік пен Батыс өңірінің студенттері ой бөлісіп, пікір алмасты.

Сондай-ақ, асық ату, қол күрес сынды ойындар ойнатылып, Наурыз көже, бауырсақ т.б. ұлттық тағамдардан дәм татылды. Ұлттық киімдер киінген студенттер салт-дәстүрлерімізді, құндылықтарымызды жаңғыртуға өз үлестерін қосты. Іс-шара жоғарғы деңгейде өтті.

Біздің мекен жайымыз

110000, Қостанай қаласы,
Тәуелсіздік көшесі 118

  • Тел./факс: +7 (7142) 51-11-57

Біз әлеуметтік желідеміз