"Деструктивтік діни ағымдардың қызметі туралы" кездесу-әңгіме

2019 жылы 22 ақпанда У. Сұлтанғазин атындағы Қостанай Мемлекеттік Педагогикалық Университетінде «Математика», «География», «Дефектология» мамандықтарының 1-ші курс студенттерімен (45 адам) дің мәселелерін зерттеу орталығының өкілі Д. А. Дисюков пен кездесу өтті.

Әңгіме филология факультетінің тілдік дайындық оқу-тәрбие орталығымен бірлесе отырып өткізілді.

Кездесудің мақсаты –  діни радикализмнің алдын алу және жастар арасындағы діни экстремизмнің алдын алуды күшейту.

Өткізілген кездесу барысында Д. А. Дисюковпен деструктивті діни ағымдардың теріс әсері туралы негізгі түсініктерберілді, деструктивті діни ұйымдардың қағидалары, діни секталардың сыртқы бейнесі мен ерекшеліктері түсіндірілді. Әңгіме барысында радикалды діни идеологияны уағыздаушылардың қоғамға тигізер қауіптілігі ашылып, діни көзқарастардың мәні туралы сұрақтарға айқындық енгізілді. Іс-шара соңында қатысушыларды толғандыратын мәселелер бойынша жауаптар берілді.

Топ студенттері кездесуді (сұхбатты) жақсы қабылдады. Кездесу барлық студенттер ғаламтор кеңістігінде діни ақпаратты алу және тарату қаупі туралы жақсы ақпараттандырылғанын және хабардар болғанын көрсетті.

Біздің мекен жайымыз

110000, Қостанай қаласы,
Тәуелсіздік көшесі 118

  • Тел./факс: +7 (7142) 51-11-57

Біз әлеуметтік желідеміз

Вы здесь: Главная Жаналықтар Факультет жаңалықтары Филология департаменті "Деструктивтік діни ағымдардың қызметі туралы" кездесу-әңгіме