1 Қасиетті Валентин күніне арналған 15 ақпан күні ағылшын факультетінің ұйымдастыруымен «Давай замутим» атты көңіл көтерерлік кеш өтті.Сіз шалыс естіген жоқсыз,иә, «Давай поженимся» емес «Давай замутим».
2011 жылдың 31 қазанында филология факультеті мен студенттер Альянсі ұйымдастырған, тәуелсіздіктің 20 жылдығына арналған «Менің Қазақстаным» атты жыр мүшәйрасы болып өтті. Бұл іс-шараға филология факультетінің 1 курс студенттері Ақтас Әйгерім, Тынымбаева Жанна, Сарманова Александра және Гаврик Евгения қатысып, қазақ еліне арнаған жүрекжарды жырларын тарту етті. Іс-шара мақсаты - жас ұрпақтың бойына патриоттық сана-сезімді қалыптастыру, ақынық өнерін шыңдау. Мүшәйра соңында филология факультетінің декан орынбасары Шошақова Ж.Қ. қатысушыларға алғыс айтып, шығармашылық шабыт тіледі.Қалалық жыр сайысына қатысуға үміткерлер осы жылдың 5 қазанына дейін өз шығармашылықтарын тапсыра алады