Желтоқсанның 9-10-ы күндері институт қабырғасында Тәуелсіздіктің 22 жылдығына орай ұйымдастырылған факультет аралық көркем өнерпаздар байқауы болды. Байқауға барлық факультеттің студенттері белсене қатысты. Соның ішінде Қазақ және орыс филологиясы ұжымын ерекше атап өтуге болады. Өнер десе ішкен асын жерге қоятын Қазақ және орыс филологиясы факультетінің студенттері өздерінің өнерлерімен көрермен қауымды таң қалдырып, зор ықыласқа бөленді. Бүгін ғана студент атанып жатқан Бейбітқызы Кәусардың мың бұралған биін тамашалап таңдай қақса, ал қазақтың қара домбырасының құлағында еркін ойнаған студенттерімізге қызыға да, қызғана да қарадық
09.12.13 Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігі күнін мерекелеу аясында концерт сайысы өтті, бұл күні үш факультет қатысты, соның бірі біздің шетел тілдері факультеті. Қазақстан туралы, туған өлке туралы жақсы қанатты сөздер айтылды. Жүргізушінің «Қазақстан туралы айтылған әрбір сөз – өз алдына жеке тарих» деген сөзі есте қалды. Халықта «Жақсы ұл – өмірінің мәні, жақсы халық – мағынаға ие» деген сөзі бар. Сахнаға бірінші болып «Менің Қазақстаным», Қазақстан гимнін айтуға хор шықты. Студенттер ғана емес, шетел тілдері және практикалық лингвистика кафедрасы оқытушылары сонымен бірге Франциядан келген Анаис Муреде сахнаға ұлттық би билеп шықты
04 қарашадан бастап 05 желтоқсанға дейін Норвегия тіл білімі институтында (NILE Ұлыбритания) шетел тілдері кафедрасының аға оқытушысы Балжанова А.М. біліктілігін арттыру курсынан өтті. Оқу барысында Италиядан және Өзбекстаннан келген оқытушыларынан бірлескен сессиялар,тренингтер өткізілді. Ағылшын тілін оқыту мәселелері көп талқыланды. Сабақтар өте қызықты, тартымды болып өтті.
2013 жылдың 5 желтоқсанында Қазақ және орыс филологиясы факультеті қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасы оқытушыларының ұйымдастыруымен «12 жылдық мектеп жағдайында ҚР жалпы және орта білім беру жүйесін жаңарту жолдары мен дамыту стратегиясын айқындау мәселесі» тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырылды.
28 қараша 2013 ж аға оқытушы Подавец О.Д. ағылшын тілі бойынша 4 курс арасында олимпиада өткізді. 1 орын Болгердт В. (81,5 балл), 2 орын Мукужанова А. (79,5 балл), 3 орын Рахматулина А (70 балл) көрсеткіштері бойынша мақтау қағаздарымен марапатталды. Олимпиада тапсырмалары IELTS аптарына сәйкес келеді. Әділ-қазылар факультет деканы Дорошок Е.Л., шетел тілдері кафедрасының меңгерушісі Кудрицкая М.И., магистр Данилова В.В. мүшелік жасады.
Педагогика ғылымдарының кандидаты М.И. Кудрицкая 2 курс студенттеріне (биология мамандығына) ағылшын тілінде педагогика саласы бойынша ашық сабақ өткізді. Интерактивтік дәрістің тақырыбы «Реализация принципов гуманистической педагогики в моделировании уроков по биологии». Студенттер педагогика саласы бойынша биология пәнін ағылшын тілінде өз жобаларын қорғады. Студенттер ағылшын тілін жетік меңгерген. Өз білімдерін көрсете білді. Сабаққа шетел тілдері факультетінің деканы Е.Л.Дорошок, жаратылыстану-математикалық факультетінің деканы Д.Т. Қонысбаева және оқытушылар құрамы қатысты.