Тәуелсіздіктің 22-жылдығына арналған көркем өнерпаздар байқауы

10.12.13Желтоқсанның 9-10-ы күндері институт қабырғасында Тәуелсіздіктің 22 жылдығына орай ұйымдастырылған факультет аралық көркем өнерпаздар байқауы болды. Байқауға барлық факультеттің студенттері белсене қатысты. Соның ішінде Қазақ және орыс филологиясы ұжымын ерекше атап өтуге болады. Өнер десе ішкен асын жерге қоятын Қазақ және орыс филологиясы факультетінің студенттері өздерінің өнерлерімен көрермен қауымды таң қалдырып, зор ықыласқа бөленді. Бүгін ғана студент атанып жатқан Бейбітқызы Кәусардың мың бұралған биін тамашалап таңдай қақса, ал қазақтың қара домбырасының құлағында еркін ойнаған студенттерімізге қызыға да, қызғана да қарадық.Қазақ және орыс филологиясы факультетінің студенттері өздерінің Елге, Отанға деген махаббатын әсем әндерімен өрнектеп, әр көрерменнің патриоттық сезімін асқақтата түсті. Осылайша, тиесілі 20 минут ішінде аталған ұжым өнерлі студенттерінің елеулі еңбегінің арқасында көрермен жүрегінен ойып тұрып орын алды.

Біздің мекен жайымыз

110000, Қостанай қаласы,
Тәуелсіздік көшесі 118

  • Тел./факс: +7 (7142) 51-11-57

Біз әлеуметтік желідеміз

Вы здесь: Главная Жаналықтар Факультет жаңалықтары Филология департаменті Тәуелсіздіктің 22-жылдығына арналған көркем өнерпаздар байқауы