«12 жылдық мектеп жағдайында ҚР жалпы және орта білім беру жүйесін жаңарту жолдары мен дамыту стратегиясын айқындау мәселесі»
- Подробности
- Опубликовано: 05 декабря 2013
2013 жылдың 5 желтоқсанында Қазақ және орыс филологиясы факультеті қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасы оқытушыларының ұйымдастыруымен «12 жылдық мектеп жағдайында ҚР жалпы және орта білім беру жүйесін жаңарту жолдары мен дамыту стратегиясын айқындау мәселесі» тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Аталған іс-шараға қала мектептерінен, оның ішінде, С.Мәуленов атындағы гимназиядан Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Әлдекенова Анар Әлмұханқызы, Нұржан Наушабаев атындағы гимназиядан Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Ибраева Гүлсара Тұрсынқызы, Ы.Алтынсарин атындағы дарынды балаларға арналған мектеп-интернаттан Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Нұғыманов Ағыбай Қарынұлы, М.Хакімжанова атындағы № 20 орта мектептен Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдері Бегалина Айнұр Болатқызы және Маликова Ақмарал Мұғайдақызы, № 10 орта мектептен Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Мұқышева Мөлдір, № 9 орта мектептен Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Скендирова Гүлбейне Айтбайқызы шақырылып 12 жылдық мектептің білім беру жүйесіне енуі жайындағы мәселелер талқыланды.