Ізденіс пен тәжірибе – шеберлік кепілі
- Подробности
- Опубликовано: 29 ноября 2013
Білім беру саласындағы болып жатқан өзгерістер, жаңалыққа, оқытудың тың әдістерін меңгеруге деген ұмтылыс, білім берудің заманауи парадигмаларына сәйкес әрекет етуге деген құлшыныс маман даярлауда ең басты жауапкершілікке ие болып отырған ҚМПИ оқытушы қауымынан біліктілікті көтеру мен өзара тәжірибе алмасуды, ізденіс пен кәсіби шеберлікті жетілдіруді талап етуде. «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығының басшылығымен, республика ЖОО орындарының қолдауымен осы мақсатқа сәйкесті ЖОО оқытушыларының біліктілігін арттыру курстары тиімділікпен ұйымдастырылуда.
Осы іс-шара аясында қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының аға оқытушысы Г.А.Сейсембай 2013 жылдың қараша айында Португалия елінің Лиссабон қаласындағы инженерлік институт базасында екі апталық мерзімге құрылған курста өз біліктілігін көтеріп қайтты.
Оқытушылар «Карьераны зерттеу және дамыту», «Жоғары білім», «Білім берудің педагогикасы, әдістемесі және бағалау», «Білім беру жобасы», «Европалық жоғары білім жүйесі», «Білім берудегі педагогика мен әдістеме» тақырыптары негізінде дәріс алып, тәжіибе алмасып келді.