Рудный индустриялдық институты ректорының кубогына арналған дебат

Қараша айының 23-ші күні Рудный қаласында қоғам жастарын қамтыған істердің бірі, Рудный индустриялдық институты ректорының кубогына арналған пікірталасшылардың облыс аралық жарысы болып өтті. Рудный индустриялық институтының студенттері, яғни «Тарлан» дебат клубының ұйымдастыруымен болған іс-шара, жастардың шығармашылығын шыңдайтын үлкен белестердің бірі болды. Аталған дебатқа Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтының «Парасат» клубынан «Ойнап айтам», «Парасат қырандары», «Тек қана қыздар», «Әділет» қомандалары ат салысты. Бұл сайыстан жеңіспен оралған «Ойнап айтам» командасының ойыншылары Айтимова Мөлдір мен Сарыпбекова Перизат өздерінің үздік ойыншылар екенін көпке танытты. Оларға өнерлерің өрге жүзсін деген тілек айтамыз!

Біздің мекен жайымыз

110000, Қостанай қаласы,
Тәуелсіздік көшесі 118

  • Тел./факс: +7 (7142) 51-11-57

Біз әлеуметтік желідеміз

Вы здесь: Главная Жаналықтар Факультет жаңалықтары Филология департаменті Рудный индустриялдық институты ректорының кубогына арналған дебат