18 қарашада география ғылымының докторы, институт ректоры К.М. Баймырзаев өткізген жалпы институттық жиналысқа факультет студенттері жиналды. Жиналыс ҚР Президенті Н.А. Назарбаевтың Қазақстан халқына «Нұрлы жол» жолдауын талқылауына арналды.

2014 ж. 12 қарашада «Биология» (3к) мамандығының көптілділік тобында «Тәрбие жұмысының теориясы және әдістемесі» тәртібіне ашық сабақ өткізілді. Студенттермен ұйымдастырылған тәрбиелік жиынға педагогика каф. мең. – Б.М. Утегенова, шетел тілдері каф. мең. М.И. Кудрицкая және шетел тілдері каф. аға оқытушысы

Осы айдың 30 қазанында Қостанай қалалық балалар шығармашылық үйінің акт залында әнші Гүлнұр Оразымбетованың «Арманым-ай» атты ән кешін тамашалауға факультеттің оқытушылары мен 1 курс студенттері барды. Ән кеші сазды да, сырлы әуендерге толы болды. Әнші репертуарындағы жаңа әндерді тыңдаған ән сүйер қауым бір серпіліп қалды. Студенттер де әншінің өнеріне тәнті боп, кеш соңында естелікке әншімен бірге суретке түсті.

Алда келе жатқан жұмысқа орнықтыру бойынша бітіруші курс студенттерін де көптеген сұрақтар туды. 27 қазанда өткен студенттердің курстық жиналысы кейбір студенттерге жұмыс орнын дұрыс анықтауға көмектесті. Жиналыста декан, к.ф.н. Е.Л.Дорошок студенттерді керекті құжаттарды дайындап тапсыру мерзімімен және жұмыс орнына бағыттау ережелерімен таныстырды. Тәжірибе және жұмысқа орнықтыру бөлімінің бастығы А.Б.Нурушева студенттердің болашақта тандайтын жұмыс орындары жайлы және магистратурада оқуларына байланысты сұрақтарға жауап берді.

2014 жылдың 24 қазан күні «Жаркөл» ауданында облыстық ақындар айтысы болып өтті. Бұл айтысқа факультетімізден жас ақын, қазақ тілі мен әдебиеті мамандығының 2 курс студенті Ақбаба Нәрия қатысып қайтты. Айтысқа әр елден іріктелген 10 ақын қатысты. Ақбаба Нәрия осы айтыста барлық ақындардан оза шығып, ойға жүйрік екенін дәлелдеп, жүлделі 1-орынға ие болды. Жүлделі ақшалай сыйлыққа, арнайы мақтау қағазына ие болды. Өзіміздің ЖОО орнының атынан шығып, намысты қолдан бермей абыроймен оралған Нәрияға алдағы уақытта да үлкен жеңістер тілейміз. Айтыстың аруы – Ақбаба Нария- болашақта шабытың шыңдалып, тек қана алға өрлей бер !!!

2014 жылдың 24 қазанында Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтының 75-жылдық мерейтойын атап өту аясына орай институтымыздың екінші қабатында институтымыздың ректоры, профессор Қ.М. Баймырзаевтың игі бастамасымен Қазақстан Республикасының мемлекет қайраткері, ғалым Шайсұлтан Шаяхметов атындағы №205 дәрісхана ашылды. Дәрісхананың ашылу салтанатына Білім және Ғылым Министрлігінің Бақылау комитетінің төрағасы Саят Нұрмұхамбетұлы Нүсіпов пен Шайсұлтан Шаяхметовтың туыстары, қаладағы зиялы қауым өкіл¬дері, белгілі ақындар Серікбай Оспанов, Нағашыбай Мұқатов, институттың профессорлары мен оқытушылары, студенттері қатысты.

2014 жылдың қазан айының төрті күні, Қасиетті Құрбан айт мерекесінің алғашқы күнінде, Қостанай қаласының жаңа мешіті жанында мерекелік жиын өтті. Қалалық мешіт имамдарының тәлімгерлік сөздерінен бастау алған бұл мереке әрі қарай ән шашулар, ұлттық-ғұрыптық үлгідегі ойындар мен салт-дәстүріміздің насихаты есебіндегі рәсімдерге ұласты

Іргелі оқу орындарының бірі ҚМПИ қабырғасында биыл ғана үлкен өмірге қадам басқан жас өрендерді, 1 курс студенттерін, студенттер қатарына қабылдау рәсімі өтті. Рәсімді Қазақ және орыс филологиясы факультеті бастап берді. Кештің ажарын кіргізген бұл факультеттің студенттері өте өнерлі жастар! Сахна төрінде әдемі әнді әуелетіп, мың бұрала билеп, жүректі тербей өлең оқып, актерлік шеберліктерін де танытқан Қазақ және орыс филологиясы факультетінің 1 курс студенттері өнерден кенде емес екендіктерін көрсетті!

«Германиядағы жазғы семестр, Германиядағы магистратура оқуы» DAAD бағыты бойынша жыл сайын ҚМПИ базасында неміс тілінің қаншалықты ұйғарылғандығын тексеру мақсатында онлайн-тестілеу өткізіледі. Осы оқу жылында тестілеу қыркүйектің 24 күні өтті. Онда неміс тілін бірінші және екінші шетел тілі ретінде тандап ҚМПИ-да оқып жүрген 2, 3, 4 курстардың 20 шақты студенттері қатысты. Тестілеуді DAAD лекторы, политологияның докторы Катерина Бук және Шетел тілдері кафедрасының доценті И.Г. Құлмұхамбетқызымен бірлесіп өткізді. Тестілеуді ойдағыдай тапсырған студенттер стипендияның ізденісіне құжаттарын дайындап тапсырды. Алдынғы оқу жылының нәтежелері бойынша Ненашев Глеб (3 курс), Руденко Анастасия (4 курс), Бостанбаева Айгерім (4 курс), студенттері Германия вуздарында тілдік дайындықтан өтті.

Қазақ және орыс филологиясы факультетінде ағымдағы жылдың қыркүйек айының 23 жұлдызы сағат 16:00-де факультеттің Қазақ тілі мен әдебиеті және Қазақ тілінде оқытпайтын мектептердегі қазақ тілі мен әдебиеті, Орыс тілі мен әдебиеті мамандықтарына қабылданған 1 курс суденттерін студенттер қатарына қабылдау рәсімі өтті. Енді ғана үлкен өмірге қадам басқан жас өрендерге ой тастайтындай етіп, қызықты да көңілді өткізуге ҚТмӘ мамандығының 2 курс студенттері барын салды және солай өтті де!

Біздің мекен жайымыз

110000, Қостанай қаласы,
Тәуелсіздік көшесі 118

  • Тел./факс: +7 (7142) 51-11-57

Біз әлеуметтік желідеміз

Вы здесь: Главная Жаналықтар Факультет жаңалықтары Филология департаменті