2015ж. 12 қаңтарда 619 ауд.Спартакиада аясында оқытушылар мен ҚМПИ қызметкерлер арасында шашки турнирі өтті. Оған Шетел тілдері кафедрасының оқытушысы Кусаинов С.С. және лаборант Ким В.В. қатысты. Қиын комбициясына қарамай, ойыншылардың қызығушылығы артылғаны байқалды. Барлық ойыншыларға сәттілік тілейміз!

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 23 жылына орай 2014ж. 12 желтоқсанда «Математика» мамандығы М-21 тобында «Тәуелсіздік деп соғады жүрегіміз» тақырыбы бойынша кураторлық сағат жүргізілді. Студенттер ән айтып, өлең жолдарын жатқа айтты, Куникеева Динара домбырада күй ойнады, Тайжанова Алтынқыз және Исмагулова Айнагүл тарихи оқиғаларына байланысты ойын өткізді.сонымен қатар Әлшериев Бектұрсын «Қайрат Рысқұловтың тұтқындалуы» қоылымында Қайрат Рысқұлов образын өте жарқын сомдады. Кураторлық сағат «Желтоқсан шері» видеосымен аяқталды, ол видеода Қазақстан халқы қалай тәуелсіздікке қол жеткізгені жайлы болды.

2014 жылдың 10 желтоқсанында Қазақ және орыс филологиясы факультетінің Қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасы оқытушыларының ұйымдастыруымен Қостанай ауданы Жданов орта мектебінде «Шағын жинақталған мектеп қазақ тілі мен әдебиетін оқытудағы тиімді әдіс-тәсілдер» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Дөңгелек үстелдің мақсаты - шағын жинақталған мектептің қазіргі жағдайы мен өзекті мәселелерін анықтай отырып, оқу үдерісін ұйымдастыруда педагогикалық технологияларды, тиімді әдіс-тәсілдерді қолдана отырып, ЖОО-дағы қазақ тілі мен әдебиеті мамандығының білім беру мазмұнының сабақтастығын арттыру негізінде оларды шешу жолдарын анықтау.

2014ж. 10 желтоқсанда 320 ауд. 2-3 желтоқсанда өткен 5В011900 «Шетел тілі: екі шет тілі» мамандығының 4 курс студенттер арасында ағылшын тілінен олимпиада иегерлеріне мадақтама ұсынылды. Жеңімпаздар Рузенфельт Евгения – 44АР тобы (1 орын), Рахимова Асем – 41 АК тобы (2 орын), Сапаргалиева Азиза - 44 АР табы (3 орын). 4 курс Эдвайзері және олимпиада ұйымдастырушысы Балжанова А.М. және аға оқытушысы Асанова А.Б. студенттерге ағылшын тілі мен мәдениетін өте жақсы білуіне байланысты мадақтамаұсынды.

10 желтоқсанда 320 ауд. ШТФ деканаты қысқы емтихандық сессиясы бойынша 1 курс студенттерімен курстық жиналыс өткізді. ф.ғ.к., доценті, декан Дорошок Е.Л. әсіресе Қазақтан тарихынан мемлекеттік емтиханды жақсы тапсыруын тіледі. Студенттер емтихан ережелеріен танысты.

110 желтоқсан күні шетел тілдері факультетінде Тұңғыш Президент күніне арналған эссе, өлеңдер мен презентацияларға арналған шығармашылық конкурс өтті ,сонымен қатар марапаттау рәсімі болды. Шетел тілдері факультетінің деканы, ф.ғ.к., доцент Дорошок Е.Л. ел үшін маңызды мереке екендігін атап өтті,студенттерді құттықтап, барлық салаларда өзін таныта, өз елінің патриоттары болады деп сенім білдірді.Белсенді бірінші және үшінші курс студенттері қатысты.

2014 жылдың 8 желтоқсанда өткен институт, факультетаралық «Жайдарман» ойынында факультеттің намысын қорғап, І орынды жеңіп алған факультет студенттері Таңатқанов Табиғат, Умиртай Есбол, Шугубаев Жалғас, Әлихан Еркебулан, Жолтай Азатты жеңістерімен құттықтаймыз! Өнер жолында сәттілік, шығармашылық табыс, жаңа жеңістер тілейміз.

2014 жылдың 27 қараша күні факультетте Елбасының жыл сайынғы Қазақстан халқына «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» атты жолдауы талданды. Елбасымыздың баса назар аударған жеті мәселесіне жеке-жеке тоқталып, бұл жолдаудың елімізді көркейтуде қаншалықты маңызды екендігі айтылды. Талдауға оқу-әдістемелік жұмыстары жөніндегі проректор Төлеген Мұхтар Әділбекұлы және факультеттің 1, 4 курс студенттері мен кафедра оқытушылары қатысып, өз ойларын ортаға салды.

21 қараша күні Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтында көрнекті жазушы, дарынды ақын, драматург Беймбет Майлиннің 120 жылдығына арналған «Ұлылардың ұлағаты» атты әдеби-танымдық іс-шара өткізілді. Кешке жазушылар одағының мүшесі Ғұмар Ғарифоллаұлы Ахметчин, филология ғылымдарының кандидаты, доцент Серікбай Оспанов, тілші Нұрқанат Құлабаев, ақын, тілші, «Шабыт» сыйлығының иегері Абылай Мауданов қатысып, өздерінің жүрек жарды лебіздерін білдірді.

2014 ж. 20 қарашада шетел тілдері факультетінің оқу-әдістемелік кабинетінде шетел тілдері кафедрасының меңгерушісі М.И. Кудрицкаяның және шетел тілдері кафедрасының аға оқытушысы О.Д. Подавецтің «Enhancing Learning and Teaching in Higher Education» мамандығын арттыру бойынша 2014 ж.

Біздің мекен жайымыз

110000, Қостанай қаласы,
Тәуелсіздік көшесі 118

  • Тел./факс: +7 (7142) 51-11-57

Біз әлеуметтік желідеміз

Вы здесь: Главная Жаналықтар Факультет жаңалықтары Филология департаменті