«Шағын жинақталған мектеп қазақ тілі мен әдебиетін оқытудағы тиімді әдіс-тәсілдер»
- Подробности
- Опубликовано: 10 декабря 2014
2014 жылдың 10 желтоқсанында Қазақ және орыс филологиясы факультетінің Қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасы оқытушыларының ұйымдастыруымен Қостанай ауданы Жданов орта мектебінде «Шағын жинақталған мектеп қазақ тілі мен әдебиетін оқытудағы тиімді әдіс-тәсілдер» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Дөңгелек үстелдің мақсаты - шағын жинақталған мектептің қазіргі жағдайы мен өзекті мәселелерін анықтай отырып, оқу үдерісін ұйымдастыруда педагогикалық технологияларды, тиімді әдіс-тәсілдерді қолдана отырып, ЖОО-дағы қазақ тілі мен әдебиеті мамандығының білім беру мазмұнының сабақтастығын арттыру негізінде оларды шешу жолдарын анықтау.
Дөңгелек үстелге Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтының Қазақ және орыс филологиясы факультеті Қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасы оқытушыларымен бірге факультеттің 3 курс студенттері және Қостанай ауданы Жданов орта мектебі директорының оқу-ісі жөніндегі орынбасары және мектеп мұғалімдері қатысты.
Дөңгелек үстел төмендегідей бағытта жұмыс жасады:
1. Қазақстан Республикасы білім беруді дамытудың 2011 - 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асырудың аясындағы шағын жинақталған мектептердің өзекті мәселелері;
2. Шағын жинақталған мектептерде қазақ тілі мен әдебиетін оқытудағы тиімді әдіс-тәсілдер;
3. Шағын жинақты мектептерде қазақ тілі мен әдебиет сабақтарын жүргізудегі жаңашылдық;
4. Шағын жинақталған мектептерде біліммен бірге ұлттық тәрбие беру.