Бейімбет Майлиннің 120-жылдығына арналған «Ұлылардың ұлағаты» атты әдеби-танымдық іс-шаралар

Бейімбет Майлин21 қараша күні Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтында көрнекті жазушы, дарынды ақын, драматург Беймбет Майлиннің 120 жылдығына арналған «Ұлылардың ұлағаты» атты әдеби-танымдық іс-шара өткізілді.
Кешке жазушылар одағының мүшесі Ғұмар Ғарифоллаұлы Ахметчин, филология ғылымдарының кандидаты, доцент Серікбай Оспанов, тілші Нұрқанат Құлабаев, ақын, тілші, «Шабыт» сыйлығының иегері Абылай Мауданов қатысып, өздерінің жүрек жарды лебіздерін білдірді.
Факультет студенттері Б.Майлиннің өлеңдерін жатқа айтып, «Күлпаш» және «Шұғаның белгісі» туындыларынан әсерлі қойылым қойды. Құлақтың құрышын қандырар тамаша әндер де айтылды.
Сонымен қоса арнайы ұйымдастырылған студенттер арасындағы Б.Майлинге арналған жыр мүшәйрасының қорытындысы шығарылып, жеңімпаздарға мақтау қағазымен қоса, кештен ескерткіш ретінде Б.Майлиннің кітаптары сыйға тартылды.

Біздің мекен жайымыз

110000, Қостанай қаласы,
Тәуелсіздік көшесі 118

  • Тел./факс: +7 (7142) 51-11-57

Біз әлеуметтік желідеміз

Вы здесь: Главная Жаналықтар Факультет жаңалықтары Филология департаменті Бейімбет Майлиннің 120-жылдығына арналған «Ұлылардың ұлағаты» атты әдеби-танымдық іс-шаралар