2014 жылдың 23 қыркүйегінде көптілдік отралығының мамандары оқу-әдістемелік бөлімінің меңгерушісі және жаратылыстану-математикалық пәндер кафедрасымен бірлесе отырып, Қазақстан халықтарының тілдер мерекесіне арналған іс-шара өткізді. Оған шет тілдер факультетінің 1 курс студенттері мен жаратылыстану-математика факультетінің көптілдік топтарда білім алып жүрген студенттері қатысты. Бұл іс-шара Қазақстан халықтарының мәдениетін, салт-дәстүрлерін және тілдерін қаншалықты білетіндерін көрсете алатын сұрақ-жауап сайысы түрінде өткізілді. Студенттер белсенді түрде ат салысып, қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде сөйлеп, жоғарғы деңгейлі ойын көрсетті.
«Тіл – халықтың жаны» атты оқырмандар сайысы 2014 жылы 22 қыркүйекте сағат 14.30 Тілдер дайындағының оқу-тәрбие орталығы өткізілді. Сайысқа ҚМПИ түрлі мамандықтарының 1-3 курс студенттері қатысты. Төрешілердің басты бағалау критерилері мәнерлілік, сахналық мәдениеттілік (орындаушының сыртқы бет-әлпеті, жинақылық, орындау мәнері мен мәдениеті) болды. 1 орынға «Дефектология» мамандығының студенті Тухова Ольга ие болды. 2 орынға ие болған «Орыс тілі және әдебиет» мамандығының студенті Нургалеева Фариза. 3 орынға шетел тілдері факультетінің 1 курс студенті Гедзур Екатерина ие болды. Сайыста жүлделі орынға ие болған қатысушылардың барлығы естелікке сыйлықтар алды.
Іс-шара 2014 жылы 18 қыркүйекте Достық үйінде өткізідлі. Іс-шараның тақырыбы – «Тілдер күні». Іс-шараға 3 курс студенттері 35 АО қатысты, оқытушылары К.С. Кускадамова және В.В. Данилова . К.С Кускадамова шетел тілінің зерртеу мағынасы жайлы және мультилингвализмге қатысты кнес өткізді. В.В. Данилова қазақ, орыс, ағылшын және неміс тілдерінде өлеңдер оқыды. Іс-шара достық мінезді және мәдени бағытта өткізілді.
Қыркүйектің 17 күні Шетел тілдері факультетінің педагогикалық ұжымы «Мектепке жол» атты балаларға арналған әлеуметтік көмек акциясына қатысты. Чапаев атындағы мектепте оқитын Мукашевтар отбасынан 3 оқушыға мектепке арналған құрал-жабдықтар және нәрселер сатып алынды. Отбасында бір анасы жұмыс жасайды, ал әкесі қатты науқас. Отбасының өтініштері бойынша сұратылған заттардың барлығы алынды. Балаларға күзгі аяқкиімдер, иыққап, дене шынықтыру сабағына арналған киім және кеңсе тауарлары сатып алынды. ШТФ кәсіп одақ төрайымы Бурмагинаның басшылығымен заттардың барлығын балалар өздері тандап алды. Балалар да, оқытушылар да риза болып қалды.
Қыркүйектің 4 күні ҚМПИ конференц-залында өткен «Серпін - 2050» бағдарламасын ұйымдастырушылары мен «Өрлеу» ұлттық орталығының директорлар кенесінің төрайымы, «Мәңгілік ел жастары – индустрияға» бағдарламасының республикалық ұйымдастырушылық кеңесінің төрағасы Абенов Мұрат Абдуламитұлымен кездесуде ШТФ 1 курс студенті Еркінбек Аселге алғыс сөз айту тапсырылды
1984 жылғы түлектердің кездесуі 2014 жылы 29 маусымда ҚМПИ Шетел тілдері факультетінің базасында өткізілді. Шетел тілдері факултетінің оқытушылары (Данилова В.В., Кусаинов С.С.) «Өткеннің толқындарымен – тағы бірге» атты презентация жасады. Дәрісхана түлектердің суреттерімен және ұжымның даму сатысындағы көрнекіліктерімен безендірілді. Түлектердің әрқайсысы тұлға мінездемесі қамтылған естелік медальдарымен марапатталды. Оқытушыларға гүлдер және ашық хаттар сыйланды. Бұл кездесу ҚМПИ-ның 75 жылдығына арналған мерекелердің біріне айналды.
2014 жылы 12 маусымда Шетел тілдері факультетінде дипломдардың салтанатты тапсырылысы орындалды. 82 студент мамандандырылған педагогтар қатарына енді. 17 студент ғылыми зерттеулері үшін ҚМПИ шетелмен байланыстар проректоры, тарихи ғылымының докторы, профессор Әбілдің қолынан қызыл диплом алды. Проректор түлектерді құттықтап, өз ісінің мамандары болып, болашақта үлкен жетістіктерге жетулерін тіледі. Студенттік өмірге белсенді қатысқан оқуы үздік студенттердің ата-аналарына алғыс хаттар беріліп, белсенді қоғамдық қызметтері үшін марапатталды.
2014 жылы 3 маусымда Франция өкілетті елшісі Франсис Этьен мырза біздің институтқа сапар шегіп қайтты. Сапардың бағдарламасына Француз мәдениет орталығына барып француз тілінің оқытушылары мен француз тілінің мұғалімдерімен кездесу кірді. Сонымен қатар, елші мырза француз тілін оқып жүрген студенттермен кездесті. Франсис Этьен мырза кездесуді француз тілінің даму тарихы мен оның қазіргі кездегі мәртебесі жайлы дәрістен бастады. Оқылған дәріс студенттерде көптеген сұрақтар тудырып кездесу жылы лебізді әңгімеге ұласты.
Жұмысқа орналастыру ол тек түлектердің маңызды қадамы емес ол оқу орнының әрекетшілділігі. Түлектердің жұмысқа орналасу пайызы, жоғары оқу орнының бәсекеге қабілетті және талапқа сай екендігін көрсетеді. 2014 жылыдың 15-16 мамырында ҚМПИ-да шетел тілдері факультетінде түлектерді орналастыру өтті.