«Туған тілім - мәңгілік махаббатым»
- Подробности
- Опубликовано: 22 сентября 2014
Қазақ және орыс филологиясы факультетінде үстіміздегі жылдың 22 қыркүйегінде Тілдер мерекесіне арналған «Туған тілім – мәңгілік махаббатым» атты іс-шара өткізілді. Шараның өткізілуіне 31-ҚТОМ тобы жауапты болды. Іс-шара қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының ауқымында өткізілгендіктен, шараға аталмыш мамандықтың 3, 2 және 1 курс студенттері қатысты. Көрермендер қатарын 1 курс студенттері толықтырды. Іс-шара екі кезеңнен: құттықтау сөздер, шығармашылық нөмірлер және де тіл сайысынан тұрды.
Шара барысында, «Сөз мерген» танымдық тіл сайысында студенттер өз деңгейлерін көрсетіп, білім бәсекесіне түсерліктей мүмкіндіктер ұсынылды. Сайыс қорытындысы бойынша, бірінші курс студенті Арыстан Нұралы «Сөз мергені» атағына ие болып, екінші және үшінші курс атынан бақ сынаған Бекмаханбет Индира, Жазықова Толқын белсенді ойын үлгісін көрсеткендері үшін марапатталды.