18 наурызда 2015 жылы Көптілдік орталығы мен тілдер дайындығы оқу-тәрбиелік орталығы Наурыз мейрамына арналған «Қош келдің - Наурыз!» интеллектуалды сайысын өткізді. Сайыстың негізгі мақсаты: қазақ халқының салт–дәстүрін көрсету және оны құрметтей білуге тәрбиелеу. Сайысқа шетел тілдері, тарих және өнер, жаратылыстану-математика факультеттерінің студенттері қатысты

2015 жылы 18 наурызда тілдерді дайындау орталығы және оқу-методикалық кабинеті ШТФ-пен бірігіп қазақ халқының салт-дәстүрлерге арналған жарыс өткізді. Іс шара «Наурыз» мейрамына арналған. Тарих және өнер факультетінен, жаратылыстану-математика факультетінен, шетел тілдер факультетінен қатысушылар өнер көрсетті.

2015 жылдың 15 наурыз күні Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтында салауатты өмір салтын қалыптастыру мәселелері орталығымен бірге семинар-тренинг өткізілді. Оған 1 курс студенттері қамтылды. Семинарда салауатты өмір салтын қалыптастыру мәселелері орталығының координаторлары жаңа ақпараттарға толы сөз сөйледі. Олар студенттерге вирустық инфекциялардың таралу жолдары мен негізгі жеке гигиенаны сақтау туралы толығырақ ақпарат берді.

Қазақстанда студентердің форумы 14 наурызда 2015 жылы өтті, онда шетел тілдер факультетінің 1 курс студенттері қатысты. Қостанай облысынан жастар атынан жоо студент белсенділері қатысты. 1-ші және 2 -ші курстың студенттері: Кенжебаева Анар, Нұрмағанбетова Гульфайруз, Балтабаева Аяжан, Амирхамзина Жансая флешмобта қатысты, осы іс- шараның концерт бағдарламасының бөлімі болды.

2015 жылдың 14 наурыз күні ҚМПИ-ның акт залында «Нұр Отан» партиясының Қазақстан Республикасының Президенттік сайлауға үміткерді ұсыну шешімін қолдауға арналған Қазақстанның студенттер Альянсының жастар форумы өтті. Бұл форумға болашақта еліміздің көркеюіне атсалысатын патриот студент-жастар қатысты.

12-ші наурызда ҚМПИ конференция залында 4-ші курс студенттерімен «Дипломмен ауылға» атты іс- шара өткізілді. ШТФ студенттерінен атынан Жакенов Жәнібек сөз айтты. Өзінің сөз айтуында студент өзінің программаға қарым- қатынасын көрсетті. Жүзеге асыру пайдасын анықтауды және өзінің үмітін көрсетті.

Шетел тілдері факультетінде 8 наурыз халықаралық әйелдер күнімен оқытушыларды және студенттерді құттықтау 2014 жылдың 4 наурызында өтті. Іс – шараны ұйымдастырушылар 2 курс студенттері: Абдрахманов Арман, Невзоров Влад, Сюндиков Таян және шетел тілдері кафедрасының оқытушысы: Кусаинов Самат Салмагамбетович және де шетел тілдері кафедрасының лаборанты: Асташкин Василий Анатольевич. Рессейдегі А.И. Герцен атындағы мемлекеттік педагогикалық институтының магистыры Мирошниченко Роман Сергеевич іс – шараны ұйымдастыруда қолсалысты.

2015 жылдың 6 наурыз күні институттың №2 жатақханасында жаратылыстану факультетінің ұйымдастыруымен факультетаралық «КТК» ойыны өтті. «КТК» ойынына информатика, физика, математика, қазақ тілі мен әдебиеті мамандықтарынан: «Қыдықтама – өзім күлем», «Ұнамаса қарама», «4 этаж жігіттері» т.б. атты 3 команда қатысты. Әр команда грамоталармен және сыйлықтармен марапатталды. Соның ішінде «4 этаж жігіттері» қазақ тілі мен әдебиеті - 1 орынды иеленді.

2015 жылдың наурыз айының 6 жұлдызында 8 наурыз – халықаралық әйелдер мерекесін атап өту мақсатында А-205 дәрісханада Қабырға газеттерінің байқауы және мерекелік құттықтау іс-шарасы болып өтті. Байқауға және концертті дайындауға мамандығымыздың І-ІІІ курс топ жігіттері қатысты.

2015 жылы 27-28 ақпанда Алматы қаласында Абылайхан атындағы Қазақ халықаралық байланыс және әлемдік тілдер университетте «Шетел тіл: екі шет тілі» мамандық бойынша Республикалық олимпиада өткізілді. Қостанай мемлекеттік педагогикалық институттың команда мүшесінде: Алдабергенова Дана, Унгутбаева Айша (ағылшын тілі), Ненашев Глеб (неміс тілі), Омарова Айымгуль, Хамзина Анара (француз тілі) болды

Біздің мекен жайымыз

110000, Қостанай қаласы,
Тәуелсіздік көшесі 118

  • Тел./факс: +7 (7142) 51-11-57

Біз әлеуметтік желідеміз

Вы здесь: Главная Жаналықтар Факультет жаңалықтары Филология департаменті