«Қош келдің - Наурыз!»

18.03.201518 наурызда 2015 жылы Көптілдік орталығы мен тілдер дайындығы оқу-тәрбиелік орталығы Наурыз мейрамына арналған «Қош келдің - Наурыз!» интеллектуалды сайысын өткізді. Сайыстың негізгі мақсаты: қазақ халқының салт–дәстүрін көрсету және оны құрметтей білуге тәрбиелеу. Сайысқа шетел тілдері, тарих және өнер, жаратылыстану-математика факультеттерінің студенттері қатысты. Олардың білімдерін тәжірибелі оқытушылар ҚМПИ профессоры Оспанова Айша Султановна, тілдер дайындығы оқу-тәрбиелік орталығының аға-оқытушылары, филология ғылымдарының кандидаты Нұрмұхаметова Қарлығаш Тұрғанбекқызы, Жұмашев Мұратбай Дүйсенұлы бағалады. Сайыстың құрметті қонағы «Via Domitia» университетінің француз тілін үйрену орталығының директоры және ҚМПИ серіктесі Казанова Паскаль мырза қатысты.

Біздің мекен жайымыз

110000, Қостанай қаласы,
Тәуелсіздік көшесі 118

  • Тел./факс: +7 (7142) 51-11-57

Біз әлеуметтік желідеміз