8 наурыз

2015 жылдың наурыз айының 6 жұлдызында 8 наурыз – халықаралық әйелдер мерекесін атап өту мақсатында А-205 дәрісханада Қабырға газеттерінің байқауы және мерекелік құттықтау іс-шарасы болып өтті. Байқауға және концертті дайындауға мамандығымыздың І-ІІІ курс топ жігіттері қатысты. Әр топ жігіттерінің нәзік жандыларға деген лебізі, мейірім-шапағаты өздері жасаған қабырға газеттерінде жарық көрді. Жігіттердің ілтипаты бұнымен шектелген жоқ, олар аруларға гүл шоқтарын беріп, арнайы дайындаған құттықтау видеолары мен нөмірлерін көрсетті. Шара барысында озық деп таңылған қабырға газеттерінің авторлары мен өнерлерін көрсету барысында арулардың көңілінен шыққан шебер топ студенттері марапатқа ие болды.

Біздің мекен жайымыз

110000, Қостанай қаласы,
Тәуелсіздік көшесі 118

  • Тел./факс: +7 (7142) 51-11-57

Біз әлеуметтік желідеміз