Салауатты өмір салтын қалыптастыру бойынша семинар
- Подробности
- Опубликовано: 15 марта 2015
2015 жылдың 15 наурыз күні Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтында салауатты өмір салтын қалыптастыру мәселелері орталығымен бірге семинар-тренинг өткізілді. Оған 1 курс студенттері қамтылды.
Семинарда салауатты өмір салтын қалыптастыру мәселелері орталығының координаторлары жаңа ақпараттарға толы сөз сөйледі. Олар студенттерге вирустық инфекциялардың таралу жолдары мен негізгі жеке гигиенаны сақтау туралы толығырақ ақпарат берді.