Бұл күні әзілден өрмек өріліп, қалжыңнан қалта тігілді. Қазан айының 23-ші жұлдызында КВН ойыншылары мен көрермендері күлкі жәрмеңкесінде жүздесті. Командалар өз ойындарын бастағаннан- ақ әрқайсысының өзіндік стилі бар екендігін көрсетті. Ойынның әсерлі болғанын көрермендердің көңіл- күйінен, қол соғуынан байқау қиынға соққан жоқ.

2015 ж. қазанның 23 күні ҚМПИ мәжіліс залында барлық факультеттердегі студенттердің қатысуымен КВН өтті. Осы жылы ШТФ 1 курс студенттерінің «Жас New» атты тобы көзге түсті. Студенттер туған институтының сахнасында өлен айтып, би билеп өнерлерін көрсетті. Филология факультетінің ұлдар камандасынан балдар көлемі бойынша кішкене қашықтықта артта қалумен біздің тоб екінші орынға ие болды. Қыздар, шығармашылық табыстар және жаңа жеңістер тілейміз!

Ардақты студенттер! Шетел тілдері кафедрасында неміс тілінен «Deutsch mit Vergnuegen» үйірмесі жұмысын бастады және «Шетел тілі: екі шетел тілі» мамандығы бойынша оқитын 2 курс студенттері шақырылады. Үйірме әр сәрсенбі сайын сағат 12.30-дан 13.30-ға дейін жұмыс жасайды. Студенттерге елтану жоспары бойынша оқу ұсынылады.

20 қазанда 2015 жылы ҚМПИ мәжіліс-залында «Серпін-2050» мемлекеттік бағдарламасын 1 курсқа педагогикалық квотабілім беру грантыбойынша түскен студенттерге түсіндіру іс-шарасы өткізілді. Кездесуге облыс Дін істері бойынша департаменті, жастар саясаты мәселесі жөніндегі басқармасының өкілдері мен қалалық мешіттің имамы қатысты.

2015 ж. 17 қазанда Затобол мектеп-гимназиясында ағылшын тілі мұғалімдерімен «12 жылдық оқуға көшуіне дайындық: ағылшын тіліне интегративтік оқыту және арнаулы контентке (CLIL)» семинары өткізілді.

Ағылшын кафедрасының негізінде шетел тілдері факультетінің бірінші курс студенттеріне арналған "English speaking club" атты клубы ашылды. Кездесулер әр дүйсенбі сайын сағат 12.30-да өткізіледі. Сабақта студенттер күнделікті қарым-қатынаста болып тұратын түрлі жағдайларды талқылайды және баяндамалар дайындайды. Бұл кездесулер студенттерге ауыз екі сөйлеу икемдерін нығайтуға және ағылшын тілінде түрлі жағдайларда қарым-қатынас жасауға көмектеседі.

Студенттердің әрқайсысында ең бірінші, сол себепті есте қаларлық сәт, ол студенттерге арнау күні. 2015 ж. қазанның 9 күні талантты бірінші курс студенттерінің қатысуымен мәжіліс залында «2015 ж. студенттерге арнау» іс-шарасы өткізіледі.

Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтының қабырғасында биыл ғана үлкен өмірге қадам басқан жас ұландар, 1 курс студенттерін, студенттер қатарына қабылдау рәсімі өтті. Рәсімде Қазақ және орыс филологиясы факультеті өз өнерлерін көрсетті. Кештің ажарын кіргізген бұл факультеттің студенттері өте өнерлі жастар

Факультетімізде қазан айының 2 күні 15:00 де ұстаздарға арналған мерекелік концерт өтті. Концерт барысында студенттер мұғалімдерді төл мерекелерімен құттықтап өз өнерлерін көрсетті. Әр курс студенттері ұстазға арналған өлең оқып, ән айтып, би биледі. Студенттердің ұйымдастырған бұл кешіне ұстаздар қауымы ризашылықтарын білдірді.

Облыстық «Толстой» атындағы кітапқанада 1 қазан күні «Кітапхана түні» өтті. Бұл іс – шара І.Есенберлиннің 100 ж мерейтойына арналды. Кеш барысында конференция, жазушының еңбектері бойынша акция және айтыс болды. Оған обылысқа танымал жас ақындардың барлығы қатысты.Ақбабақызы бұл айтыста да өзінің мықты екенін дәлелдеп, 1-орынды қанжығалады.Керемет өнер көрсетіп оқу ордасына абырой әперді.

Біздің мекен жайымыз

110000, Қостанай қаласы,
Тәуелсіздік көшесі 118

  • Тел./факс: +7 (7142) 51-11-57

Біз әлеуметтік желідеміз

Вы здесь: Главная Жаналықтар Факультет жаңалықтары Филология департаменті