2016 жылдың 3 ақпан күні қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының оқу-әдістемелік апталығы аясында «Қазақ тілін оқыту әдістемесі - жеке ғылым саласы» тақырыбында педагогика ғылымдарының магистрі, аға оқытушы Алиева Д.А. ашық сабақ өткізді. Сабақ 3 курс студенттеріне қазақ тілін оқыту әдістемесі пәнінен өткізілді. Ашық сабақ Кембридж оқыту жүйесі бойынша өткізілді. Ашық сабаққа кафедра оқытушылары мен оқу-әдістемелік бөлімінің әдіскері Бекентаева А.Қ., оқу үрдісін жоспарлау және инновациялық даму бөлімінің бастығы Ищанова Р.С. қатысты. Сабақ жоғары деңгейде өтті.
2016 жылдың 2 ақпан күні қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының оқу-әдістемелік апталығы аясында «Білімді ұрпақ - ел болашағы» атты интеллектуалды сайыс өткізілді. Сайысқа 2-3 курс студенттерінен құралған төрт топ қатысты. Әр топтың аты, ұраны болды. Сайыстың жеңімпазы болып «Асылдың сынығы» тобы анықталды. Сайыста қазақ тіл білімі мен әдебиетінің әр саласына қатысты тапсырмалар қамтылған. Оқытушылар мен студенттер атынан жеңімпаздарды шын жүректен құттықтаймыз!
Қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының апталығы барысында 02.02.2016 ж. «Білікті маман – ұлт болашағы» тақырыбында 1-3 курс студенттері арасында видеоролик сайысы өткізілді. 1 курс (12 ҚҚ) дайындаған видеоролик сайыстың жеңімпазы болып атанды. 2 орынды 3 курс (32 ҚҚ), 3 орынды 2 курс (21ҚҚ) студенттері алды.
2016 ж. 1 ақпанында факультеттің ашылған күніне орайластырылған «Мен ШТФ студентімін» атты қабырға газетінің байқауы ұйымдастырылды. Шара бірінші және екінші курс топтарының қабырға газеттері ілінген фойеде өтті. Қазылар алқасы алдымен жұмыстардың дизайнына баға берді, содан кейін газет бетіндегі фотоколлаждардың, белгілер мен суреттердің мәнін түсіндірген топтардың өкілдерін тыңдады
2016 жылдың 1 ақпан күні қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының апталығы аясында «Мәңгілік ел - ел ертеңі» атты студенттердің ғылыми-практикалық конференциясы өтті. Конференцияға 2-3 курс студенттері қатысып, баяндама жасады. Конференция жеңімпаздары болып 2 курс студенті Алиақпарова Алмагүл «Мәңгілік ел ұлттық идеясы» баяндамасымен І орынды, 2 курс студенті Серигхан Айман «Мәңгілік елдің- мәңгілік тілі» баяндамасымен ІІ орынды, 3 курс студенті Ғалымжанова Алина «Мәңгілік ел-ұлт мұраты» баяндамасымен ІІІ орынды иеленді. Оқытушылар мен студенттер атынан құттықтаймыз
2016 жылғы 30 қаңтар айында Президент Н.Ә.Назарбаевтың «Ұлт жоспары – қазақстандық арманға бастайтын жол» мақаласын талқылау жөніндегі кездесуге 2-курс ШТФ студенттері қатысты. Декан Е.Л. Дорошоктың баяндамасын тыңдады, декан орыбасары А.Б. Умарованың презентациясын көрді.Елді жаңғырту және институционалдық реформалар жайында студенттер қойған сұрақтарға жауап берді. Сүгірбаева Ә., Слободюк А., Әсембай М., Елемесова Д., «Серпін» басшысы Еркінбек А.сөйлеген сөздері қызығушылықпен тыңдалды.
2016 жылғы 28 қаңтар айында ШТФ деканатында 1-ші курс студенттерімен мемлекет басшысының «Ұлт жоспары – қазақстандық арманға бастайтын жол» мақаласын түсіндіру жайында іс-шара өткізілді.Бұл іс-шара ШТФ деканы Е.Л. Дорошоктың ҚР саяси реформа жүйесін түсіндіру алғы сөзімен басталды.
2016 жылдың 22 қаңтар күні Қазақ және орыс филология факултетінде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауын студент жастарға дәріптеу, түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Елбасы жолдауындағы басым бағыттар және жастарға жасалып жатқан жаңа мүмкіндіктер жайында Қазақ тілі мен әдебиетті мамандығы бойынша оқитын 2 курс студенттерімен ашық сұхпат өткізілді. Сұхпат барысында сөзге шыққан тарих ғылымының магистрі Қалиев Дастан Дүйсенұлы жолдау жайлы түсіндіріп
ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттарын кезектен тыс сайлау жайлы ҚМПИ-ның оқытушылар мен студенттер атынан Қазақстан-Қостанай телевидениясында филология ғылымының кандидаты Қ. Т.Нұрмұхаметова және ШТФ-нің «Серпін» тобының көшбасшысы 1 курс студенті Құдайберген Балжан сөз сөйледі. Олар жаһандық экономикалық тұрақсыздық жағдайында және дағдарысқа қарсы шараларды шешу , кезектен тыс сайлау өткізу туралы аттап өтті.
2016 ж. 21 қаңтарында ШТФ студенттері ҚМПИ конференция залында өткізілген «Жас Отан» жастар қанатының төрағасы Ерлан Төлетаевпен кездесті. Кездесу барысында Қостанай облысындағы жастар саясатын жүзеге асыру бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстардың негізгі бағыттары таныстырылды. Студенттер түрлі бағыттар – құрылыс және ауыл шаруашылығы бойынша жазғы еңбек лагерьлеріне қатысу мүмкіндіктері жөніндегі пікірлерін білдірісті.