2016 жылдың 11 наурызында ҚМПИ шетел тілдері факультетіне ресми іс-сапарыменхимия ғылымдарының докторы, профессор, оқу-әдістемелік жұмыстар жөніндегі проректор Марат Ринатович Искаков келді. Факультет студенттерінің тілдік дайындығы жоғары деңгейде болғаны жайында естіп, түлектермен оқытушылыр қызметін атқару байқауына қатысуға шақыру мақсатымен кездесуді ұйымдастарды. Ағылшын тілде оқу озаттарымен, шетелдегі академиялық мобильдік бағдарламасының қатысушыларымен сұхбаттасып, проректор олардың білімдерін жоғары бағалап, оларды өз университетінде оқытушылар қатарында көруге және байкау мен магистратураға түсуде сәттілік тіледі.
4 наурыз күні факультеттің жігіттері ару қыздарымыз бен оқытушыларымызға арнап мерекелік концерт ұйымдастырып өткізді. Концерт барысын студенттер өлең оқып, ән шырқап, шағын қойылымдар қойып көңілімізді бір серпілтіп тастады.
ҚМПИ студенттер үйінде ШТФ 100 студенті тұрады. 1 наурызда олар жөнделген бөлмелеріне көшті.Студенттер бөлмелердің эстетикалық түрінен, тұрмыстық жабдықтардан, жасалған жақсы жағдайларға қатты қуанды. Оларға жаңа тоңазатқыш,плиталар, жиһаз, душ кабиналары, кіржуғыш машиналар, сантехника орнатылды. Әр бөлмеде сан алуан каналдармен плазмалық теледидар орантылып, студенттерге жаңа ыдыс, төсек орын берілді. WI FI жұмыс істейді. Студенттер тұрмыстарын жақсартуда жасалған қолайлы жағдайға ат салысқан ректор мен қызметкерлерге өз ризашылығын білдіреді.
2016 жылдың 26 ақпанында ТДОТО апталығында «Қазақ тілі – өз тілім» факультеттердің студенттер арасында мемлекеттік тілді білу байқауы өтті. Іс-шараның ұйымдастырушылары Ловцова Д.П. мен Шолпанбаева Ғ.Ә. келесі сайыстар бойынша:«Таныстыру», «Ата-салт, қазақы-дәстүр»,«Талаптыға нұр жауар» өткізді. Қатысушылар өз өнерлерін паш етіп, мемлекеттік тілді меңгеруді жауапкершілікпен қарайтынын көрсетіп, туған елге, тілге деген мақтаныш сүйіспеншілік сезімдерін оята білді.Жүлделі орындарға келесі студенттер ие болды: Арцебашева Виктория, Мостовая Владислава (1 орын), Штепа Яна (2 орын), Гайдрик Регина, Абдрахманова Дина, Хаширметов Бабажан (3 орын). Байқауды Тлеуова Дияна мен Бекбусинова Алиянаның орындауыдағы музыкалық әндер көркемдеді.
26 ақпан күні жылы институтымыздың кітапханасында М.Мақатаевтың 85-жылдық мерейтойына арналған әдеби шығармашылық кеш болып өтті. Кеште «Ұшқын» жас ақындар ұйымының студенттері ақынның өлеңдерін оқып, өлеңдеріне жазылған әндерін орындап көрермендерді өз өнерлерімен тәнтті етті.
2016 жылдың 24 ақпанында тілдер дайындығы оқу-тәрбие орталығы апталығының аясында аға оқытушы Ловцова Д.П. «Атамекен – алтын бесік» зияткерлік ойының «Мектепке дейінгі оқыту және тәрбие», «Педагогика және психология», «Психология» мамандықтарының 1 курс студенттерімен өткізіді. Зияткерлік ойынның мақсаты: студенттердің білімдерін толықтыру, адамгершілікке, ел тарихын, тілін, мәдениетін, салт-дәстүрін ұмытпай, қадірлей білуге тәрбиелеу.
Ақпан айының 19 жұлдызында Қазақ және Орыс филологиясы факультеті жеңіс тұғырында тағы да жалауын желбіретті. Табиғат, Сабина, Диана және Саидалар сынды керемет төрттік тапқыр әзілдерімен көрерменді күлкіге қарық етті.
Бір ай бұрынғы қызу дайындық, шаршау, жан- жаққа жүгіру жеңіске жеткен күні қиналған күндер ұмытылады емес пе? Ақпан айының 17 күні сахна төрінде филология факультетінің нағыз талант иелері, өнерпаздардың шын бейнесі Бергенова Перизат пен Таңатқанов Табиғат. Сайыстың алғашқы кезеңінен бастап олардың өнеріне қанық болған жұрт арқасы қозып айқайлап, шапалақ соғып, қолдай жөнелді.
Ақпанның 16-17 жұлдызында Алматы қаласында жыр алыбы Жамбыл Жабаевтың туылғанына 170 жыл толыуына арналған I республикалық студент ақындар айтысы өтті. Оған еліміздің әр облысындағы жоғарғы оқу орындарының 33 ақыны бақ сынады. Екі күнге созылған айтысқа біздің оқу ордамыздан «Қазақ және орыс филологиясы» факультетінің 3- курс студенті ақын қызымыз Ақбаба Нәрия қатысып қайтты
Жастар күніне арналған «Қыран жігіт – аққу қыз» байқауында жеңімпаз атанған ШТФ 2 курс студенттерін Елемесов Дамир мен Юсупова Ақмаралды құттықтаймыз!Байқау факультеттер арасында 2016 жылдың 17 ақпанында акт залында өтті. Жұптың дайындаған бағдарламасы, екі жастың шығармашылық талантын аша білді.